Байланысты: дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з
Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі ойы, өзіне қарата айтылған арнауы, көңіл-күй сырын білдіретін эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құрал.
Экспромт (лат. дайын, әсер) – ақынның ешқандай дайындықсыз шыққан ауызша немесе жазбаша аз көлемді өлең. Бұл өлеңдер әзіл-қалжың мағынасында кездеседі.
Эпопея (грек. тудыру, жазу) – бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып бейнелеп суреттейтін, сан-салалы эпикалық шығарма. Мысалы, Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтып бейнелеп суреттеген көркем туынды М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құралатын көркем әдебиеттің жанры. Эссе жанрын XVI ғ. II жартысында өмір сүрген француз философы М.Монтень негізін салған.