Лириканың түрлері:
– саяси-әлеуметтік лирика
– махаббат лирикасы
– табиғат лирикасы
– көңіл-күй лирикасы
– философиялық лирика
– азаматтық лирика
Мысалы, Табиғат лирикасы:
Толқынды толқын қуады
Толқыннан толықн туады
Толқынмен толқын жарысады. (М. Жұмабаев)
Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Мысалы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа» атты повесі бар.
Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Мысалы, С.Мұқанов “Сұлушаш», І.Жансүгіров “Құлагер».
Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына өлеңмен немесе қара сөзбен, күймен жеткізу тәсілі. Мысалы, Бөгенбай батырдың өлімін Үмбетей жыраудың естіртуі.
Метафора – (грек. metaphoro – ауыстыру) – құбылтудың (троптың) бір түрі. Суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы,
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым,
Арыстаным, көп болды-ау
Саған да менің арманым!
Достарыңызбен бөлісу: |