ӨКІНІШТІ ӨМІР
Менің дертім, жігіттер, емес оңай,
Болып едің дейсің ғой қашан олай.
Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,
Ойланбаған өмірдің бәрі солай.
АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ
Адамдық борышың, –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйренген,
Білімсіз,
Өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт –
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Әнет баба – 95 жастағы Арғынның ел ағасы, биі.
Кішік – Әнет бабаның әкесі.
Мәмбетей бай – Кішіктің ағасы.
Мамыр – Мәмбетейдің 15 жасар қызы.
Әйтек – Әнет бабаның туысқан інісі.
Қалқаман – Әйтектің тоқалынан туған баласы.
Олжай – Әйтектің бәйбішеден туған баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |