(ТЖ) «Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
Вагондағы тапсырмалар:
Суреттегі мысал кейіпкерлерін атаңдар.
Құмырсқаға қандай мамандық атауын берер едіңдер?
Осы кейіпкерлердің атынан сөйлеңдер.
(Бұл тапсырманы 2-3 оқушыға ұсыну, осы жерде бұл «жүк вагоны» деп түсініктеме беру )
ҚБ: «Отшашу» әдісі
Пойыз, вагон суреттері
«Есіңе түсір» айдары
Мұғалім:
Балалар, жаңа мамандық иелеріне мысал келтірдіңдер. Ал осы әдебиеттегі мысал дегеніміз не? Біз өткен сыныптарда қандай мысалдар оқыдық?
ҚБ: Дұрыс жауап иелерін мадақтау.
«Пікіріңді айт» айдары
Мұғалім: Оқушылар, адамға, қоғамға пайдалы мамандық иесі болу керек дегенді қалай түсінесіңдер?