4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және
бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:Әдеби көркемдегіш құралдарды біледі, қолданады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өзіндік ой түйіндей
алады.
Бағалау критерийлері:
Тарау бойынша алған білімін бекітіп, өзін-өзі бағалайды.
Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Ғаламтор желісін пайдалану
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
«Ғарышқа саяхат» тарауын меңгерген.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланғанжаттығулар
Ресурс-
тар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
«Ғаламшарларға саяхат» атты ойын-сабағымызды бастаймыз. Саяхат барысында әр аялдамаға аялдап, кедергілерді еңсереміз де, мәреге бірге жетеміз, – деп саяхат маршрутын оқушылармен талдап, нақтылап алған соң, тарау бойынша бекіту
жасалатындығын хабарлау.
Карта
Ортасы
Мағынаны тану
1-ғаламшар: «Сұрақтар» ғаламшары Сұрақтың орнына тиісті сөзді қойып оқы.
Осылайша, қанатты, бірақ қозғалтқышсыз ұшу аппараты - (не?) пайда болды.
Алғашқы планердің үлгісін (кім?) жасағаны белгілі.
2-ғаламшар: «Еске түсір» ғаламшары
– «Ғарыш дәуірі Байқоңырдан басталды» деген сөйлемнің мағынасын түсіндір.
3-ғаламшар: «Жауаптар» ғаламшары Оқып, кестемен жұмыс істе.
...Оған әлі ат қойылмапты. Ғарышқа аты жоқ жолаушы жіберуге бола ма? Болмайды ғой. Ат табуымыз керек болды.
Мәтін Мәтін Кім, не жайында
тақырыбы авторы айтылған?
4-ғаламшар: «Тұлға» ғаламшары
Бұл ғарышкердің басынан өткен қиындық қандай жағдайға байланысты еді?
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?