Әдістемелік кабинет емтихан тапсырмаларының жинағЫ



бет21/35
Дата31.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#36084
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
9-сынып емтихан тапсырмалары


Инновациялық мектептерге. ІІ нұсқа А бөлімі
Қазақ әдебиеті



Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. М. Өтемісұлының дәуір шындығын бейнелеп,асқақ рух пен болашаққа деген сенімінің үлгісі қай жырда берілген?

А) «Еменнің түбі- сары бал» В) «Мен, мен мен едім»
С) «Исатай сөзі» Д) «Жалған дүние»
Е) «Желп-желп еткен ала ту»

  1. М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындығы 2 кейіпкерді көрсетіңіз. А) Күлпаш

В) Шолпан С) Қасым Д) Раушан Е) Байжан
F) Ұлпан



  1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

Тұжырымдар



1)Қос салт аттының жол үстіндегі әңгімесі




2)Жолаушылар жалғыз нарға кезікті, домбыраға тіл бітіп, жалғыз қараша
үйге келді.




3) Естемес Оразымбетке күйшілігімен қоса өз өмірін үлгі етуін айтты.




4) Шал мен Оразымбет бір-біріне қолқа салды.




5)Күйші жолын жас жігітке береді, нар иеді.







  1. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында берілген портреттерге қатысты кейіпкерлерді өзара сәйкестендіріңіз.

Кейіпкерлер

Портреттер

Сәйкестендір
у жауабы

1.Есеней

А) Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын сотқарлау,арамадам. Аңға
шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап, аңды күндікжерден үркітіп жібереді.

1

2.Айтолқын

В) Қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек.Өзі ақ жарқын, кішіпейіл,
адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көз қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.

2

3.Еменалы

С)Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті- басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет,
бірақ қарны шыққан емес.

3

4.Торсан

Д)Аты әйгілі барымташы, қанішер, баукеспе ұры,
жүз жігіт ұрысы бар, қарақшы.

4

5.Қожық

Е)Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды,
ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт.

5

6.Шынар

F)Бойы шарғылау,өзін бәрінен жоғары ұстайды, сон дай-ақ, көкіректеу. Барша адамды сынағанды
ұнатады.

6

22

9-сынып емтихан тапсырмалары


В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді
Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі- аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой.
Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе-келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті... Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда: толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана. өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды.
Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...
(245 сөз)


Тапсырма:



  1. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.




  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ф.Оңғарсынованың «Өлең,мен сені аялап өтем» атты өлеңінің идеясын талдап, құбылту мен айшықтаудың түрлерін пайдаланып, 150-170 сөзден тұратын әдеби эссе жаз. Эсседе сөз өнеріне қазіргі жастардың көзқарасы мен құрметі тұрғысынан саралауға назар аудар.

23




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет