Әдістемелік құрал


Көркем әдебиет орталығында



бет8/10
Дата11.10.2023
өлшемі42,53 Kb.
#113631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Көркем әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп,оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге,мақал-мәтел оқу,жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып,көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып,адамгершілік сапалары игертіледі.Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлеп құрап,сөйлеуге үйретіледі.
Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды,кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады,ірі және майда қозғалыстары жетіледі.
Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді.Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу,іс-тәжірибе жүргізу,бақылау жұмыстары арқылы артады.
Ойын орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп,әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды.
Оқу- жазу орталықтарында математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға,сандарды ауызша есептеп,есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйренеді.Жәнеде заттардың кеңістікте орналасу бағытын,уақытты бағдарлауға,заттардың түр түсіне ,пішініне,көлеміне қарай салыстыруға,ажырата білуге үйретіледі.
Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Еш уақытта кіші жастағы балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.
Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:
- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; - тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары. - жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу қызметі педагог-тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет