Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Ш дыбысын машықтандыру»



Дата27.11.2023
өлшемі0,82 Mb.
#129311
түріСабақ
Байланысты:
логосабпқ


Логопедиялық ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ш дыбысын машықтандыру»
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Зейінді болуға тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: Айна, түрлі- түсті қағаздар, түтікше, бөтелке, көрнекілік, ш артикуляция фотосы.
Сабақтың барысы:
1) Тыныс алу жаттығуы.
- Желбіршекті үрлеу (Мұрын – ауыз)
- Бөтекедегі суды үрлеу (мұрын-ауыз)
2) Артикуляциялық жаттығу.
- Күлкі-түтікше
- Футбол
- Саңырауқұлақ
- Тәтті тосап
- Ат шауып келеді
3) Ал, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін “Ш” дыбысынан басталатын біздің досымызға көмектесейік. Суретке қарап не бейнеленгенін айтып берші ?
- Бұл не? 
- Шегіртке. Ия, бұл шағаланы мұнда іліп қояйық. Ол сенің сабаққа қалай қатысқаныңды қадағалап отырады.
- Біздің досымыз шегіртке сөзінде Ш дыбысы барма ?
- Ия.
- Ш қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Шегіртке сөзінде Ш дыбысы сөздің қай жерінде естіледі ?
- Басында.
- Енді біз Шегіртке досымызды шегіртке досына баруына көмектсейік . Шегірткеге көмектесу үшін қисық жолдарда Ш дыбысын айтуың керек.

-Енді «Ш» дыбысының сипаттамасын есімізге түсірейік. Ерніміз дөңгелек, тістеріміз қоршауда, тіліміз алдыға созылған, желдің дауысына ұқсайды.




4) – Келесі біздің көмегімізді сұрап тұрған түлкі.
Түлкі досы қоянды шақырса естімей жатыр екен. Осы буындарды айтып көрші . Сонда қоян түлкіні естиді.

-Келесі бізде үнемі жасыл түсті болатын шырша көмек сұрап жатыр.Ол Ш дыбысы бар безендіргіштерін жоғалтып алыпты.


-Шыршаға Ш дыбысы бар сөздерді ілуге көмектесші.





-Енді осы сурет бойынша Ш дыбысы бар сөздерді атап көрсетіп, шыршаға іл.


- Қарлығаш. Қар- лы- ғаш. Ш дыбысы кездесе ме?
- Ия.
- Қане буынға бөлейік. Қар- лы- ғаш. Неше буын бар?
- 3 буын .
- Ш дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр. Анықтап көрейік. (Дыбыстық талдау жасау).
- Сөздің аяғында .
- Ия дұрыс айтасың.


6) Сергіту сәті
Қане қанат жазайық ,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық ,
Қайта жерге қонайық.


7) Жаңылтпаш айту.
9) Сөйлемде «Ш» дыбысын жаттықтыру (Сюжетті сурет)
10) Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет