Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет13/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92
4. Кейінгі Египет

Б.з.д. ХІ-ҮІІІ ғғ. Египет қоғамы өз экономикалық және әлеуметтік құрылымы бойынша көбіне Жаңа патшалықтың жалғасы іспетті бола берген еді. Алайда ҮІІ-ҮІ ғғ. елдің барлық салаларында өзгерістер байқалады. Египет темір ғасырына өтеді. Осы дәуірден темірден жасалған құралдар (кескіштер, аралар, тесу құралдары) көптеп сақталып жеткен.


Жаңа патшалық дәуірінен кейін жүз жыл уақыт өткенде саяси аренаға, бұрыннан-ақ батыстан келіп Атырауда орналасып алған ливиялықтар шықты. Жаңа патшалықтың екінші жартысынан бастап-ақ перғауындар тұтқынға түскен ливиялықтарды жалдамалы әскер ретінде пайдалана бастайды. Кейіннен ливиялықтар Атырауға бүтіндей тайпаларымен келіп қоныстанады. ХХІ-ші әулеттің соңғы патшасы тұсында Х ғ. ортасында Шешонк деген ливиялық көсем әрі қолбасшы өзін патша деп жариялайды; ХХІІ-ші ливиялық әулет бастаған Шешонк өзінің Атыраудағы билігін нығайтып, өз ұлын Фивадағы жоғарғы Амон-Ра абызы деп жариялайды: ел қайтадан біріктіріледі. Көп ұзамай Шешонк әскерлері Палестинаға басып кіріп, б.з.д. 930 ж. Иерусалимді алады. Алайда ливиялық әулеттің билігі әлсіз, оның табыстары алдамшы болды. Ливиялық жоғарғы топтардың арасында ішкі талас-тартыс жанданды. Атырау бірқатар тәуелсіз аудандарға бөлініп кетті. Жоғарғы Египеттің солтүстігінде Гераклеопольдің құдіретті номархы биледі, оңтүстікте билік Амон-Ра абыздарының қолында болды. Ел шаруашылығы тоқырап, ирригациялық жүйелер құлдырады, сауда байланыстары бұзылды, елдің шаруашылығын көтеру үшін елді қайта біріктіру қажеттігі туды. Біріктіру жолындағы күресті бастаушы Фива абыздары болды, олар Египеттен бөлініп қалған, Египетте үстемдік жүргізуге ұмтылып отырған Эфиопияның әскери күшіне сүйенді.
Египеттің Эфиопияға жүргізіп отырған билігінің әлсіреуі және жергілікті тайпалардың өз күштерін жұмылдыруы нәтижесінде б.з.д. ҮІІІ ғ. Египеттің оңтүстік шекарасында астанасы Нілдің ІҮ-ші шоңғалындағы Напата қаласы болған Эфиопия мемлекетінің құрылуына алып келді. ҮІІІ ғ. ортасында Эфиоп патшасы Пианхи Амон абыздарының қолдауымен Фиваға басып кіреді, содан кейін солтүстікке жорық бастайды. Төменгі Египет эфиоптарға қатты қарсылық көрсетеді. Эфиоптарға ерлікпен қарсылық көрсеткен Мемфис құлағаннан кейін Пианхи Атырауға кіріп, ХХІІІ-ші ливиялық әулеттің соңғы патшасы ІІІ Осорконды тұтқынға алады.
Эфиоп әулеті (ХХҮ әулет) патшалары ішіндегі ең айтулылары Шабака мен Тахарка болды, олар Алдыңғы Азияда саяси роль атқаруға тырысты, алайда елдің өз ішіндегі бытыраңқылықты жоюға шамалары жетпеді, бүкіл ел, әсіресе Атырау іс жүзінде ұсақ-ұсақ ливиялық және египеттік князьдіктерге бөлініп кетті. Сондықтан да б.з.д. 674-665 жж. болған Ассирия жаулаушылығына төтеп бере алмады.
Жаулаушыларға қарсы күресте елді Атыраудағы Саистің билеушісі, шығу тегі бойынша ливиялықтар болып табылатын І Псамметих және оның ұлы І Нехо біріктіре алды (ХХҮІ-әулет). Нехо б.з.д. ҮІІ ғ. Ассирияның құлауына байланысты қысқа уақытқа болса да Палестина мен Сирияны жаулап алды, алайда ІІ Навуходоносордың басқаруындағы Вавилон әскерінен жеңіліс тапты. Нехо өз территориясына шегінуге мәжбүр болды. Нехоның тұсында Египет экономикасы жаңа өрлеуді бастан кешіріп, Египеттің саяси беделі айтарлықтай артты. Бірақ мұның пайдасы болмады, өйткені Египеттің парсылар соққысынан құлауы жақындап қалған еді. Б.з.д. 525 ж. Египетті парсылар жаулап алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет