Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстан және қазіргі заманның ғаламдық проблемалары табыңыз



бет145/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   151
19. Қазақстан және қазіргі заманның ғаламдық проблемалары табыңыз.

Негізгілері:

  • Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы

  • Экологиялық проблема.

  • Энергетика және шикізат проблемалары

  • Азық- түлік проблемасы.

  • Дамушы елдердің артта қалушылығын жою.

  • Ғарышты бейбіт мақсатта игеру жаңа көкжиектер

  • Дүниежүзілік мұхит проблемалары

Қазақстан Республикасы жаңа индустриалды-инновациялық қоғамдық қатынастарға және құндылықтар жүйесіне енді қадам жасауда. Ғылыми бағытталған нарықты қажет етеді. Мемлекет өз ұлтын, халқын сақтап қалатын және биосфералық (табиғатты, қоршаған ортаны қорғау) қызметін атқара алатын ғылыми жетістікке сүйенген нарықтық, әлеуметтік мемлекет қажет. Қоғамның құрып кетпей аман қалуының ең қажетті шарты ғаламдық мәселелердің шешу жолдарын табуда әлем мойындаған сапалы жолды «жаңа гуманизм» қалыптастыру, адам санасында төңкеріс жасалу қажет.
Бұл дегеніміз адамның құндылық жүйесі мен ұстанымдарын, адамдардың психологиясы мен көзқарастарын, олардың менменшілдіктен арылып, сыртқы дүниеге және бір-біріне деген гумандық қарым-қатынастарын ретке келтіру болып есептеледі. Адамзат қоғамының тұтастығын ескеріп, адамға өзінің таусылмайтын келіспеушіліктен тойымсыз тәбетін шектеп, табиғатты ретсіз бұзып, талқандау арқылы бағындыру психологиясынан бас тартудың уақыты келді. Оның орнына басқа проблемаларға, айтайық, салауатты рухани жағына көңіл бөлген жөн. Барша тіршілік формасындағы өмірді табиғи өз қалпында сақтауға тырысу, қамқорлық жасау.
Ғылыми білімдер өмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні, өмірде маңызы болады. Ғылыми теория жаңалығы практикада әбден тексерілген білімнің іске асыру тәсілін, яғни өркениетті қоғамның материалдық және рухани қажеттілігін анықтап, өндірісте ғылыми-техникалық танымды тиімді қолданудың негізін жасайды. Ғылыми-техникалық таным дамуының қайнар көзі адамның өндірістік қызметінің өзгерістерінде, қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне байланысты. Осы жағдайды зерттей отырып объектісін, танымдық мақсаттарын анықтап, жаңа терең күрделі теорияларды игеруге мүмкіндік жасалады. Адамзат қоғамының ғылыми теория мен практиканың бұл диалектикалық бірлігі бірін-бірі толықтырып, ғылыми-техникалық танымның түпкі мақсаты табиғаттың тылсым күштерін ашып, қоғамға, адам игілігіне ізгілікті (гуманды) қызмет жасату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет