Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау проблемасы және осы мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын анықтаңыз



бет146/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
20. Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау проблемасы және осы мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын анықтаңыз. БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралыққ келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды.
Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі БҰҰ конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
Н.Ә. Назарбаев тарапынан жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясаттың ең бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып табылады. Негізінен алғанда Қазақстан Президентінің тікелей басшылығы және бастамашылығы негізінде іске асырылып отырған еліміздің ядролық қаруға қарсы қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Олар атап айтқанда:
1. Қазақстаннан ядролық қаруды шығару, Семей ядролық сынақ алаңының жұмысын тоқтату бағытындағы қызметі;
2. Қазақстан тарапынан әлемдегі ядролық сынақ алаңдарының жұмысын тоқтату, ядролық қаруды шығаруға бақылау қоюдағы мемлекеттер арасындағы бірлескен іс-қимылдарын іске асыру;
3. Әлемді ядролық қарудан аластаудағы Қазақстанның бастамашылығы мен ұсыныстары.
Біз Каспий теңізі достық, тұрақтылық және өзара сенім мекені болса екен дейміз. Қазақстан 2004 жыл­дан бері Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау орнатудың бес­жақ­ты тетігін жасау туралы бастама көтеріп келеді. Осындай шара­лар өзара сенімді нығайтар еді.
Қырғызстандағы жағдай туралы айтқанда қару-жарақ пен оқ-дәрі­лердің үлкен көлемі ондағы халықтың қолына бақылаусыз түсуі алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Отты қарулардың заңсыз айналысын көптеген елдердің үйлесімді әрекетінің арқасында ғана шектеуге болады. Осылай дей келіп, Қ.Саудабаев БҰҰ-ның кәдімгі қару-жарақ тіркелімін жетілдіру қажеттігін айтып Қазақстан қандай да бір шара қолданады деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет