Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет35/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151
Отандық тарихнама. Алтын Орда сыртқы саясатына байланысты мәселелерді қазақ ғалымдары ХХ ғ. бас кезінде, жанама болса да өз зерттеулерінде қарастырды. М. Тынышпаев, С. Асфендияров және т.б. қазақ зиялылары өз еңбектерінде кейбір мәселелерге қатысты біршама ой-пікірлер айтып өтті.

Кеңес үкіметі билігі тұсында В.П. Юдин [36], К.А. Пищулина [37], С.М. Ахинжанов [38] және тағы басқа қазақстандық зерттеушілер тақырып аясында кейбір мәселелерге байланысты өз еңбектерінде қарастырып өтті. Б.Е. Көмеков [39-40], З. Қиянатұлы [41-42], Қ.Т. Жұмағұлов [43-44], Т. Омарбеков [45], Б. Батыршаұлы [46], Қ. Өскенбай [47], А.К. Көшкімбаев [48] секілді ғалымдар тақырыпқа байланысты өз еңбектерінде ғылыми ой-пікірлер, тұжырымдамалар мен қорытындылар келтірді. Отандық тарихнамада З. Қиянатұлының еңбегінде тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыру мен талдауда объективті көзқарасқа тұжырымдамалар маңыздылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, С. Акимбековтың «История степей» [49] еңбегінде Жошы ұлысының қалыптасуы мен сыртқы саяси әрекеттеріне ықпал еткен мәселелер қарастырылып, маңызды ой-пікірлер келтірілген.
Деректер: Державаның көптеген алыс, жақын шет мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастарға түсуінің арқасында қазірге дейін тақырыпқа қатысты араб, парсы, моңғол, қытай, орыс, латын, армян және тағы басқа тілдердегі жазба деректер жеткен.
араб-мысыр деректері қатарында Ибн әл-Асир, Рукн ад-Дин Бейбарс, ан Нувейри, әл-Айни, әл-Омари, әл-Муфаддал, Ибн Баттута, Ибн Халдун, Ибн Арабшах сияқты авторлардың шығармаларын атауға болады.
– парсы-хулагулық деректері қатарында тарихи оқиғалардың куәгерлердің мәліметтері негізінде жазылған Джувейнидің «Тарих-и Жаһангушай» (1252-1260) тарихи шығармасы және Рашид-ад-Диннің «Жами-ат-тауарих» (1300- 1311) энциклопедиялық тарихи шығармасы, сонымен қатар, Хамдаллах Казвинидің «Тарих-и гузиде» (1329-1330) сияқты бірқатар парсы авторларының деректерін атауға болады.
моңғол деректері қатарында «Моңғолдың құпия шежіресі» мен Лубсанданзанның «Алтын тобчы демек-дүр» тарихи шығармасын атауға болады. «Моңғолдың құпия шежіресі» [50] алғаш зерттеле бастағаннан бері дүниежүзі ғалымдары тарапынан олардың ғылыми зерттеу деңгейлеріне байланысты әртүрлі аталды
католиктік Еуропа авторлары – Плано Карпини, Гильом де Рубрук [52] және Марко Полоның [53] тарихи шығармалары.
еуропалық хроникалар, тарихи шығармалары қатарында маңыздылары Матвей Парижскийдің «Великая хроника» [54], Фома Сплитскийдің «История салонских и сплитских архиепископов» [55], Рогериустың «Горестная песнь о разорении Венгрии» (1244).
орыс деректері ретінде жылнамалық деректерді (Новгородтық бірінші жылнама, Галицк-Волынь жылнамасы, Ипатев жылнамасы, Густин жылнамасы, т.б.) айтуға болады.
армян деректері қатарында тақырыпқа байланысты Киракос Гандзакецидің «История Армении», Григор Акнерцидің «История инока Магакии» және «Летопись Себасци», «Летопись Степаноса», «Летопись Смбата Спарапета» тағы басқа деректерін атауға болады.
түркілік тарихи шығармалары қатарында Өтеміс-қажының «Шыңғыс-наме» (XVI ғ. ортасы) [59], Әбілғазының «Түрік шежіресі» (1643-1663 жж.) [60] секілді еңбектерді жатөызуға болады. Бұл шығармалар бірнеше ғасырлардан кейін жазылса да, бұл еңбектердің мәліметтері айтарлықтай маңызды және басқа деректермен салыстырмалы түрде қарағанда оқиғаларға шынайы сипаттағаны байқалады.
византиялық деректер қатарында Георгий Пахимер (1242-1308) және Никифор Григор (1295-1359) империяның солтүстіктегі көршісі болған Алтын Орданың сыртқы саясаты жөнінде өз шығармаларында арнай жазған.

Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді.


Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді.
Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты.
Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахрды қамтыды.
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.
Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әралуан халықтар мен тайпалардан құралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІҮ ғасырда монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен, белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-б.) «жеңген монғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бұл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет