Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы



бет21/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы. Б.з.б.V ғасырдың орта кезінде Афины аса қуатты және бай қала-мемлекет болды. Афины флотты, әскерді, сонымен бірге одақтастар қазынасын билеп, теңізде үстемдік жүргізді. Сондықтан афинылықтарды «Теңіз қожасы» деп атады.
Афины б.з.б. V ғасырда Грекиядағы нағыз демократиялық мемлекет болды. Бұл жерде тұңғыш рет байлығы мен даңқына қарамай, кез келген азамат сот болып сайлана алды.
Афинылық әр азамат әскерде немесе флотта қызмет етуге міндеттелді.

Реформаның нәтижесінде шаруалардың қарызы жойылды, олардың жерлері өздеріне қайтарылды, барлық қарыздары кешірілді. Біреуге қиянат, зорлық жасау тоқтатылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ақша реформаларын жүргізді.


Афиныда ауыл шаруашылығында да үлкен өзгерістер болды. Жүзім, зәйтүн және бау-бақша өсіру шаруашылығы дамыды. Көптеген жерлерді суландыру үшін каналдар мен құдықтарды пайдалану тәртібі енгізілді. Бүкіл Афины жерінде ортақ өлшеу белгіленді.

Б.з.б. V ғасырдың орта шенінде Афиныда Перикл үлкен ықпалға ие болды. Ол өте талантты, білімді және асқан шешендігімен даңққа бөленді. Перикл ондаған жылдар бойы Афины демосының көсемі болды. Халық жиналысы б.з.б. 443 жылдан бастап 429 жылға дейін Периклді 15 жылға ең жоғарғы қызмет, бірінші стратег (қолбасшы) қызметіне сайлады. Ол өзінің бүкіл өмірін мемлекеттік жұмыстарға арнаған. Перикл Грекия халқын Афины билігінің қол астына біріктіру үшін күш жұмсады. Ол басқарған кезде Афины қаласында храмдар, театрлар мен саялы бақтар салынды. Перикл театрға зор мән беріп, кедейлердің ойын-сауыққа баруына мүмкіндік жасады. Афиныда бүкіл халыққа жиі-жиі тегін ас беріп, мерекелік шерулер ұйымдастырып отырған. Прикл тұсында Афины қаласы әдемілігі жағынан Грекияның барлық басқа қалаларынан әлдеқайда асып түскен.
Грекиялық қала-мемлекеттер арасындағы күрестер. Грекия жерінде Афины мен Спарта күш-қуаты мол мемлекеттер болды. Олардың екеуі де бүкіл Грекия жерінде жеке-дара билік құруды мақсат етті. Сондықтан олар бүкіл Грекия жерін одаққа бөлді. Афины одағына Аттика аймағы мен солтүстік Грекияның бір бөлігі кірді. Ал Пелопоннес одағына оңтүстік Грекияның мемлекеттері енді. Бұл одақты Спарта басқарды.
Афины мен Спарта арасындағы бақталастық күннен-күнге күшейіп отырды. Соның нәтижесі б.з.б. V ғасырдың екінші жартысында ірі соғысқа әкеліп соқты. Бұл соғыс Пелопоннес соғысы деп аталады. Б.з.б. 431 жылы басталған соғысқа Грекиядағы қала-мемлекеттер түгел қатысты. Соғыс 30 жылға созылған. Соғыстың нәтижесінде Грекия күйзеліске ұшырады. Теңіз одағы ыдырады, бақтар мен жүзімдіктер, егіндік және шабындық жерлер талқандалды. Қалалар мен деревнялар өртелді. Көптеген адамдар тұтқынға түсіп, құлға айналды. Грекиялық қала-мемлекеттері арасындағы күрестер б.з.б. IV ғасырда да болып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет