Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


ТАҚЫРЫП. АФИНЫДА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ДАМУЫ



бет19/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
10 ТАҚЫРЫП. АФИНЫДА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ДАМУЫ

Аттикадағы демократиялық өзгерістер. Афины мемлекетінің құрамына 12 елді мекен кірді. Бұл өңірді Аттика аймағы деп атаған. Аттика аймағының халқы біртұтас афинылықтар деп аталды.


Б.з.б. VIII ғасырда шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін өздері бағындырып алды. Сөйтіп бағындырылған аймақты ақсақалдар кеңесі басқарды. Ақсақалдар кеңесі ақсүйек-шонжарлардан тұрды. Шонжарлардың билігі аристократия деп аталады. Аттикада ақсүйектерден басқа қарапайым халық – егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер және кедейленгендер мекен етті. Оларды демостар (грекше – халық деген сөз) деп атаған.
Ақсүйектер мен демостардың арасында теңсіздік болды. Демостар өте ауыр жағдайда өмір сүрді. Алақсүйектердің үстемдігі жаппай наразылық туғызды. Жаппай наразылықтың нәтижесі мемлекетті құлдыратты.
Б.з.б. 594 жылы Солонды архонт (басқарушы) етіп сайлады. Оны Аттиканың бүкіл тұрғындары құрмет тұтты. Ол өте әділ, ақылды, дарынды, шешен болған. Солон өмір бойы оқып, өзінің білімін тереңдетіп отырған. Әр түрлі тақырыпта өлеңдер де жазған.
Солон Афины демосының мүддесін көздейтін заңдар (реформалар) шығарды. Ол заңдар ағаш тақталарға жазылып, қаланың алаңына қойылды. Заңдарда ру ақсүйектердің билігін жойып, оларды ерекше жағдайынан айырды. Қарыз тастарды алып тастауға әмір етті. Реформаның нәтижесінде арғы тегі Аттикалық барлық ер азаматтар Афины мемлекетінің азаматтары болып есептелінді.
Афиныдағы жоғары өкімет билігі халық жиналысы болды. Ол айына төрт рет шақырылды. Оған 20 жасқа толған ер-азаматтар қатысты.
Халық жиналысында қызу талас-тартыстар болып тұрды. Барлық мәселелер көпшілік дауыспен шешіліп, қабылданды. Халық жиналысының жұмысына 500 адамнан құрылған кеңес көмектесіп отырды. Кеңес мүшелері 1 жылға сайланды. Гректер Афиныдағы мемлекеттік басқару ісін демократия деп атады.
Солонның заңдары Афиныда демократияның (халық билігі) негізін қалады.
Афинының көрнекті мемлекеттік қайраткері Клисфен болды. Ол Афины демократиясын нығайтып, ілгері дамытты. Клисфен бес жүз адамнан тұратын бесжүздіктер кеңесін құрды. Оның құрамына әр түрлі топтың (шонжарлар, қарапайым халық, кедейлер) өкілдері енген. Кеңес – ең жоғары мемлекеттік орган болған. Афинаның барлық қызмет орындарына үш-төрт адамнан бір адам балама түрде сайланды.
Клисфен елде сенімді адамдардан тұратын халық сотын құрды. Халық соты ең жоғарғы сот саналды. Олар жергілікті жердегі сот үкімдерін қайта қарап, әділетті түрде шешім шығарып отырған.
Афиныда халық жиналысының маңызы артты. Халық жиналысы сондықтан да жиі шақырылды.
Клисфен тұсында Афиныға басқа грек қалаларынан келіп ұзақ уақыт тұрған адамдар да «Афины азаматтығын» алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет