Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

ШАБЫТ
Кірпігін кіл арманға қалқалатып,
Мұны бір мың қайырма салтанат ұқ.
Өлеңнің ерінінен сүйдім талай,
Өртеніп, күйіп-жанып шалқалатып.
Салдырып самал желге қайырмасын,
Жан-телім жалаң төсін қайымдасын.
Жастандым қара өлеңнің қолаң шашын,
Қол беріп қос бұрымын айырғасын.
Атады сыңғыр-сыңғыр сырғасып таң,
Нəр таттық екеуара жыр қасықтан.
Жыр іздеп төсегімнен оянамын,
Қырманшы секілденіп қырға асыққан.
Көрсетті жыр келіп құз, күй келіп із.
Сол өлең бала жастан сүйгеніміз.
Аймалап ақ төсекте өлең құштым –
Ақша бет, алма мойын, күймелі қыз.
Көктемде күміс шашқан таңдай болып,
Немесе Ханшайым мен Хандай болып,
Тояттап ару-жырдан жатам сосын,
Жұмақтан жаңа келген жандай болып.

534
535
Білмеймін бұл шабыттың себебін дөп,
Еркімді ерке жырға беремін көп.
Ару-жыр ақ төсегін жинатпайды,
Шашылған моншағымды теремін деп.
ШЫН БАҚЫТТЫҢ СƏУЛЕСІ
Көңіл-мешіт көріктенсе, нұрланса,
Сол көңілде сансыз сұрақ тұр қанша.
Іштегі əлем сырттағыдан өзгерек,
Өтті өмірің артқа мойын бұрғанша.
Өкінішпіз, өксік толы ғапылмыз.
Əлсіз əдеп, нəр бітпеген тақырмыз.
Қос жағалау біріне де жете алмай,
Қақ ортада қалып бара жатырмыз.
Жаратқаннан аяушылық іздеген,
Айыбы көп пендеміз ғой біз деген.
Қалыбыңа Хақтан болсын шапағат,
Басқа ештеңе сұрамаңыз сіз менен!
Бұлбұл тілім бір Алла деп сайрасын,
Жансын отқа, ғазиз басты байласын.
Шын бақытты көрсем деп-ем сəтімді,
Жүрегімнің бір тазалап айнасын.
Қанағатсыз тəн тілегі қанбай ма?
Алдамшы өмір, У тірлігің балдай ма?!
Қалғып кетсем қашып шығып жүрегім,
Алланы іздеп аттанады шалғайға!
Қайран жүрек қорландың-ау қамалып,
Тал бойыңды барады, əне, зар алып.
Талап жатыр сенің аппақ жүзіңді,
Мысық тырнақ мың бір шайтан қадалып.
Шын ықылас, ниет адал, тілек-күн,
Күннен көрік іздеймін деп жүдеппін.
Қай дегенін жасап жүрміз біз байғұс,
Аманатқа қиянатсыз жүректің.
 
БІР ЕСТЕЛІК...
Енді, міне, жүрек байғұс қалжырап,
Сəби кезім, сəулелі шақ қалды ұзақ.
Бір естелік – өксігім мен өкініш,
Қалып қойған кеудемдегі жалғыз-ақ.
Тал қалжырап иіледі қар басқан,
Төбе жатыр төңкеріліп жамбастан.
Бала мысық өз құйрығын қызықтап,
Ит көзінде сүйек жайлы бар дастан.
Ай туған-ды кешеде сол шалқалап,
Үркер үркіп, жұлдыз жылжып тарқамақ.
Өлім күткен өгіздердің көзіндей,
Батар күн де қызыл-шақа, қан талақ.
Кешегіден бүгін өзге, зар басқа,
Сақ бола гөр, өз жолыңнан алжаспа.
Ажал отыр жанның жолын күзетіп,
Бір бостандық алып бермек əр басқа.
Мен болмасам деп күледі сорың көп.
Ата-бабаң кеткен дейді қорым боп.
Бұл дүние шындығында тар екен,
Қанағат пен қайырымға орын жоқ.
Ажал соның біліп тұр ғой бар құнын,
Білгеннен соң жеңілдетпек жан мұңын.
Қияметтің дауылы кеп тазартар,
Қайғы басқан қара жердің барлығын.

536
537
Жалған өмір жанға болмас жарасым,
Бөз оранып көзден таса қаласың.
Сөз адалын, іс халалын жасай көр –
Шарғаңыздың білген болсаң шамасын.
Күн бетіне күйе жақпа шындықтың,
Жыр жетімек менде сенен сыр күттім.
Кімнен артық ойыңыз бар болмақшы,
Бəрі өтірік бұл алдамшы тірліктің.
Дəріс алған бір қарағай мың жылдан,
Құлап түсті таусылған соң құрғыр дəм.
Бізде , міне, бір естелік қалдырдық,
Ақ қағаздан ақы сұрап шыңғырған.
Айтқан атам беліңді бу бекем деп,
Мен де ертең мезгіл келсе кетем деп.
Өмір болып бір боз мая боздайды,
Кімге нені түсіндірсем екен деп?!
ӨЛЕҢ БОЛСЫН СЕРІГІҢ
Қане, жайғас,өлең болсын серігің,
Удан ішсін дір-дір етіп ерінің.
Таңдайыңа нəр тамғанша басып көр,
Буаз күннің қызыл тамыр желінін.
Мастанғасын мамық төсек керек пе,
Мас жандарға айтып жүр ғой ел өкпе.
Іңгалаған тілегімді орап ал,
Маңдайыңнан мамыражай жел өпсе.
Шалықтасын шағаласы үміттің,
Өтіп жатыр бір саусағын бүгіп күн.
Ұшып кетті құйрық жағын көрсетіп,
Көкек күліп көздеуінен үзіктің.
Көкек күннің артын көріп налыппыз,
Төбет иттей талға жатыр сарып күз.
Кіл шындықтың шаранасын шыңғыртып,
Бесіктерге белден таңып, салыппыз.
Қарай-қарай атар таңға барамын,
Хан қарашыл, ел тобашыл сана мұң.
Көп шындықтың кезек тербеп бесігін,
Мен өзімде жындануға қарадым.
Қане, жайғас,өлең болсын серігің,
Удан ішсін дір-дір етіп ерінің.
Таңдайыңа нəр тамғанша басып көр,
Буаз күннің қызыл тамыр желінін.
ҚОҢЫР ДƏПТЕР
Қойын дəптер, қоңыр дəптер кір басқан,
Кір ішінен мөлдірейді жыр дастан.
Тамшылайды жүрегімнен ақ жаңбыр,
Дəптер кіршіл, өлең өршіл сырлассаң.
Қойын дəптер, мойыл қара, қап-қара,
Шықтым қанша өмір атты тақтаға.
Уақыт-ұстаз қойды сосын екілік,
Шындық іздеп шырылдаған қасқаға.
Ей, Маңғыстау, сенде мендей күйікті,
Төрде төре, дей алмаймын би ұқты.
Кімге барып көрсетеміз мұң шағып,
Қан-қан болып қалжыраған иықты.
Дəптер емес ақ арманды кір басты,
Күн қунады, ай аунады, жыл қашты.
Я, тəуекел ту көтеріп шыққанда,
Қайда барып ұрсам екен бұл басты?!

538
539
Жол көрсетші, қорлығымнан айығар,
Ер мұңайса, ел өлетін жайы бар.
Қара дəптер қызыл қанға боялсын,
Ат құласа, ізге ерген тайы бар.
Халық едік, хан салтанат шырайлы,
Жерде əулие, көкте сүйген Құдайды.
Қоңыр дəптер жүрегімді құшақтап,
Мені бірге ала кет деп жылайды.
ТӨЛСІЗ ҚАЛДЫ
Жаз шықтыма, күз келді ме бəрі бір,
Ала шаңдақ сол баяғы кəрі қыр.
Қара бура қарын қамын күйттеген,
Келе ішінде кекіреңдеп əлі жүр.
Бура кəрі, түйе біткен қысыр-ды,
Құдай сірə, алмай қойды жұтырды.
Жас бураға жол бермейді антұрған:
«Менен өзге кімің бар» – деп құтырды.
Ертең! ..Ертең! ..Келер күнге елеңдеп,
Ауыл едік оңбай таяқ жеген көп.
Түйелерде ақымақ қой шетінен,
Қарт бураға төлсіз қалды сенем деп.
ДІН-ШЫРАҚ, ДƏСТҮР-БҰЛАҚ    
Халықпыз, бір Алланың құлдарымыз,
Жол қалған Пайғамбардан нұрланып із.
Тербеткен Əулиесін, Əнбиесін,
Бекетті туған елдің ұлдарымыз!
Жан Алла қайыра көр бұла мұңды,
Ұлтқа серт қайтара көр ұранымды.
Дін – шырақ, дəстүр – бұлақ, Халық – тұрақ,
Сақтай көр шырағыммен, бұлағымды!?
Мұңсызға бөз де кілем, сөз де кілем,
Піседі пенде байғұс өз демінен.
Шалдарым салт-дəстүр мен Дін тастапты,
Адасып қалмасын деп өздерінен.
АМАН ӨРДІК
Таң атты, тағы міне, күлімдеді,
Тербейді тебірентіп бір үн мені.
Есен-сау елді көрдік,
Жерді көрдік,
Құша түс құралайым енді мені.
Таң атты күн сəулесі мөлдіреді,
Жамырап төрт түлік пен төл жүреді.
Есен-сау көрші-көлем
Аман өрді,
Бұралып бұлақ билеп, көл күледі.
Таң атты қарға да мəз, қарылғаш та,
Толғандай қуаныштан жаным жасқа.
Есен-сау қара жерге
Қадам бастық,
Бекініп жазатайым жаңылмасқа.
* * *
Ертелеу кетіп еді еркемнің көгілдірі,
Есейтті өмір мұны.
Қаңқылдап қазбен бірге,
Көктемнің төгілді үні.

540
541
Ертелеу кетіп еді еркемнің сағынғаны,
Жастықтың жаңылғаны.
Қауырсын қанатынан,
Ақ уыз ағылды əні.
Ертелеу кетіп еді еркемнің балапаны,
Атты да жаңа таңы.
Жұлдыздан моншақ тағып,
Жұптасып баратады.
Ертелеу кетіп еді еркемнің ақ арманы,
Еркелеп тағы алдады.
Еркетай жылап тұрды,
Елжіреп саған жаны.
АМАН БОЛСЫН
Өшіп жатыр күн біткеннің бедері,
Жыр күткенмін ішім толы шер еді.
Жанарымда жауар-жаумас мұң-дертті,
Жаза алмадым тірліктемін себебі.
Тірі күнді кеміреді өлі дерт,
Өміріңнің өтті-кетті көбі деп.
Қорымдарды көрсетеді көк аспан,
Сен жататын қара жердің төрі деп.
Құлын едік елбіреген, құлпырған,
Тұлым едік желбіреген нұр тұнған.
Ойнаған тең кетіп жатыр келмеске,
Орман тектес селдіреген жұртымнан.
Қош жапырақ сары күздің құрбаны,
Сары уəйім сарнау өлең бұл дағы.
Аман болсын жасыл майса, көк майса –
Туған елдің қыздары мен ұлдары.
ƏНШІЛ ҚОЛАТ
(Балалыққа саяхат)
Көп ойнаған көк тал қолат жасыл бақ,
Көптен көзін, менен сөзін жасырмақ.
Не айтасың бала күннің бағбаны,
Бəрі басқа, ай өзгерді, ғасыр жат.
Ескіліктің көзі болдық біз демде,
Əр тайыпты əншіл қолат сізден де.
Шырқап-шырқап шыңнан құлап кетер ем,
Өмір зая деп айтқанда біздерге.
Қап, əттеген, бұлыңғыр таң, бұла күн,
Бітеп алып тыңдамайды құлағын.
Сəн кетседе мəн кетпесін жұртымнан
Сақтай көрсін қыз қылығын, ұл арын.
Қайтем енді, қайғы-мұңды жолатпа,
Өмір деген өткінші бұлт, сол-ақ па?
Маған қайта оралмайтын күндердің
Сағынышты сазы қалған қолатта.
Мендік тағдыр ақ сағымның сыңары,
Тағатымның таусылғандай шыдамы.
Кəрі ағаштың иіп едім бұтағын,
– Таныдың ба, – деп егіліп жылады.
– Таныдым ғой – балалықтың табынан,
Қайғы ойлап, қартаймашы жалынам?!
Көлеңкеңе саяқ келген құланмын
Көп жерініп өзінің сол қағынан.
Ағаш мені, мен ағашты аймалап,
Түнді түрдік, жұлдыз теріп, ай қарап.
Жел-жеңешем кетіп жатты асығыс
Кəрі ағаштың жапырағын сайлап ап.

542
543
Менде сосын жапыраққа айналдым,
Бір бұтаққа бүр жардым да байландым.
Дір-дір етіп төрт құбылаға қараймын
Жұлып алып кетер екен қайдан, кім?!
* * *
Жел азынап
Бұрқыратты боз құмды,
Қабақ шытып қариялар сөз қылды.
Дауыл тұрды қара бұлттар жөңкілді,
Бізді солай қорқытпаққа көз қылды.
Көрдемшесі,
Көртышқаны тығылды,
Көзден атты көк бет дауыл бір ұлды.
Көкем бар-ды көбік ауыз сөз білген,
Көтеріп ап өкшелерін шығынды.
Сабау қамшы сары желдің ызғыны,
Жон арқаны тосып сездік біз мұны.
Сойқан жел мен сорға сіңіп жоғалды,
Сорлы ұл мен солқылдаған қыз құны.
Дауыл өтті тасқын тасқа бөгелді,
Қара күлге қара бура шөк енді.
Көрден шыққан көртышқандар содан соң,
Шықылықтап тағы өріп жөнелді.
ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ АЛДАМА!
«..Елімізде өзіне-өзі қол жұмсайтын 
жастар көбейіп барады» 
Теле-Ақпарат көзінен
І   
Бес тілінген маңдайы қара бақ түн,
Жанарынан жылайды балалап мұң.
Өзіңді-өзің алдама , Қазақстан!..
Ұл-қызыңнан жат болып бара жатсың.
Қара бақ түн қайғысын жастанып тұр,
Жан біткеннің көзінен жас тамып тұр.
Береді жусан жолын, қурай қолын –
Көрінген көкаттыға ақталып қыр.
Қайтемін, қалай ғана басыламын,
Жарамды, жан дертімді жасырамын.
Гүліндей Сарыарқаның сəнді едім,
Күліндей қоламтаның шашыламын.
ІІ
Мінеки, менің жаным, менің үнім,
Мен де бір кер заманның елігімін.
Мың жылдың шаршап қайтқан базарынан,
Кім мұңды болса соның серігімін.
Қаншама ғасырларда қайғым қалды,
Ажалға құшағымды жайдым мəңгі.
Мен деп ұқ аққулары оққа ұшып
Кемері қан жалаған айдындарды.
Айтылмай осы жолы қалма сырым,
Ақ шағыл, ақ сағымның жалғасымын.

544
545
Жалпақ ел жанарыңнан дерт көремін,
Қарашы қаракөзді шаң басуын.
Əр жусан өз тағдырын жыр ғып жатыр,
Күн өтіп, жыл жылыстап жылжып жатыр.
Өзіңді-өзің алдама, Қазақстан!..
Астында табаныңның шындық жатыр.
ІІІ
Кемесін кербез күннің желкендедім,
«Бір тойым болады» – деп ертең менің».
Əлеміш əр нəрсенің бетін шалып,
Ел болдық кетсең жеңге, келсең келін.
Көрелік көп талқылап кеңесіп ал,
Əлəйім əр дəуірдің белесі бар.
«Біздерде Отан бар ма?!..» – дейді ұлым,
«ЖОҚ!..» – деуге: – негесі мен елесі бар.
Көргенім... арбау болды, алдау болды,
Өнбейтін өтірікті талдау болды.
Ақыры сезім өліп, үміт сөніп
Жүрек соқыр, санамыз саңырау болды.
Өзек жоқ шындық іздеп қарлықпаған,
Өртеніп мұң шағады зарлық заман.
Оятпа, енді мені – Қазақстан!..
Шаршадым... қалжырадым... қалғып барам.
 
ІV
Аспаның аласарып жасытты ма?..
Жастарың жан беруге асықты ма?!..
Өзіңді-өзің алдама, Қазақстан!..
Қазақ үнсіз болғанмен бақытты ма?!..
Жан барма жатқан бізді олжаламай,
Ту тұрмақ.. тура бисіз қолда қалай?!
Ұлтының маңдайынан сүйетұғын,
Бір ұлды тумаған ба, сонда қалай?!
Шындық-хақ!..
Хақтан қалай ақталасың?!
Қандырды дұшпан көңіл, жат табасын.
Жалығып кетті халық жалғандықтан
Лəззатын бостандықтың татпағасын.
 
V
Жан беріп, жан алысқан жарты ғалам,
Ғаламның құлқы құрдым, нарқы жаман.
Дегенмен жастар сүйсін болашақты
Түн басса... таңды күтсін жарқыраған!
Сүйіңдер сүмбіл шашын ару-күннің,
Жылынып шуағына жалын жырдың.
Жастарым: – Ел сенікі,Жер сенікі,
Сəл шыда, құлыншағым, сабыр қылғын!
Баһадүр бар жақсымен баталаспын,
Баталаспын, бауырмын, аталаспын.
Қоғамның барлық мəні: – Сендерсіңдер!
Жасасын, Жас Қыраны Жас Алаштың!

Өмірде жалын да бар, жасық та бар,
Жалғанға жан-тəнімен ғашық та бар.
Кез келген сəтсіздіктің ақырын күт,
Артында адам сенбес бақыт та бар.

546
547
Қаншама шоқпар тиді қарақұстан,
Кеудең бар құзғын біткен талап ұшқан.
Тым көптеу жеткеніңнен – жетпегенің,
Өзіңді-өзің алдама, Қазақстан!
Бес тілінген маңдайы қара бақ түн,
Жанарынан жылайды балалап мұң.
Өзіңді-өзің алдама , Қазақстан!
Ұл-қызыңнан жат болып бара жатсың.
БЕЙБІТ КҮН, ТЫНЫШ ТАҢ – БАР БАҚЫТЫМ
Қара суым қалсада, қара наным,
Жан созамын, гүлденіп жаңарамын.
Бейбіт күннің ақ құсы қолдан ұшса,
Қалай іздеп, мен оны табаламын.
Тыныш болсын, атар таң, күндеріміз,
Берекелі бірлік пен іргеліміз.
Тыныштықтың арқасы біле білсең –
Күліп-ойнап, аман-сау жүргеніміз!
Бейбіт күн мен өлшенер ырыс құны,
Ұққан жақсы ұл-қызым дұрыс мұны.
Қазағымның құдайдан бар тілері –
Ел-жұртының бірлігі, тыныштығы!
 
ЖАЛБАРЫНЫП ЖЫЛАДЫҚ
Дүбір-дүбір дүрбелең,
Жау табылғыш іргеден.
Жүндей қалмақ түтіліп,
Жүрер жолын білмеген.
Қадау-қадау қарағай,
Құлаққа ұрған танадай.
Бағытынан адасып
Есі кеткен баладай.
Таулар жатыр шыңғырып,
Табалайды қыр күліп.
Сəуегей ит үреді,
Аспан жаққа қылғынып.
Бұлақ шапты демігіп,
Бұжыр тасты кеміріп.
Танауынан от шашты
Тана-бұлттар семіріп.
Айқай-сүрен аспан жақ.
Бір бұлағай басталмақ.
Жерде біздер, көкте олар
Көз шықпаса, бас жармақ.
Өңкей дүрлер күркілдеп,
Өртке ұласты біртіндеп.
Қызыл қаншық – қызғаныш,
«Өлдім –дейді, күлкім кеп»
Қараша үйдің қақпасын,
Қырсық іздеп таппасын.
Көміп əлек көрбақтар
Алып қашқан ақшасын.
Əр көңілде бір күдік,
Келе жатқан кім жүріп?
Жел айдаған құйындай
Кетпесе екен бүлдіріп.
Қарашанақ төбелер,
Қол жайғанмен не берер.
Таңдайдағы шындықты
Маңдайыңа шегелер.

548
549
Үнсіз жылап көр күнім,
Құлақ тосар енді кім?
Надан сөйлеп, нар құлар,
Кер ауызды келді күн.
Қайдан білдің, қарағым,
Қандай заман боларын.
Сұңқылдайды бір байғұс
Қақ төрінен моланың.
 
Құдай əділ бұл анық.
Жалбарынып жыладық.
Жан иесі Алладан –
Бақ-береке сұрадық.
 
* * *
Елді тыңда
Елде сені тыңдасын,
Елсіз қалай көсем болмақ бір басың.
Баяны жоқ барға шүкір тірлікте
Иман болсын жиғаның мен сырласың.
Шаң қаптырып
Жарты жолда ғапыл қып,
Қанша ердің ұмытқанды атын жұрт.
Көшкен күннің өркешіне жабысып,
Туған айды турап-турап батырдық.
Бозторғайға боз ала таң құндақ боп,
Өткіншіңді шырылдайды жырлап кеп.
Көкек ұшар көптен бойын тасалап,
Бақ пенен тақ баста қанша тұрмақ деп.
Сəскеліктен түске ауғанда ғұмырың,
Өз көлеңкең салар саған құрығын.
Өз-өзіңе дұшпан болып ақыры
Бұзылады бұл тірлікте тұнығың.
Тағдыр салса тар қапасқа шыдарсың,
Қол жеткізбес арман деген шынар-шың.
Құм шағылда қаңбақтарға ілесіп,
Дəруіш боп кеткің келіп жыларсың.
БАҺАР-БАҚТЫҢ САМАЛЫ
Сағындың ба
Баһар-бақтың самалын,
Келді көктем бар, бара ғой, қарағым.
Бүр жарып тұр, гүл жарып тұр көрдің бе,
Көздерінен көңілдегі жараның.
Саған айтып сыбырлайды шын сырын,
Жүректердің тыңдап көрші бүршігін.
Қошақандай қоңыр желдің наз демі,
Қойыныңа тығып алған тұмсығын.
Баһар-бақтың хош иісі мас қылып,
Шапқылайды, шаттанады жас түлік.
Ал содан соң шыққа малып өтеді
Өткен күннің өкініші қас қылып.
Бізден бойын аулақ ұстап мына бақ,
Ескен самал көшкен бұлттар жыламақ.
Бозбала күн бой тасалап барады
Жалаңаяқ əр төбеден сығалап.
Көктем келді көгершінім көрдің бе,
Елемейді енді мұны ел мүлде.
Неге қалқам қуанбайсың, күлмейсің –
Мəңгі жас боп тұрарыңа сендің бе?

550
551
КӨШЕДЕГІ КӨРІНІС
Тар көшеде
Келем жүріп емпеңдеп,
Өмір-бақтан өлең теріп берсем деп.
Ақ жаулығын кебін қылған қарттықтың –
Бір кейуана отыр, əне, кемсеңдеп.
Етегінен гүл шашылған жас келін,
Гүл ішінен іздеп жүріп тапты өзін.
Келіншек пен кейуанаға қарайды
Гүл ұсынған, жыр ұсынған пəк кезім.
Қайдан жүрсің пəк күнімнің елібі,
Күн екенсің, гүл екенсің сен ұлы.
Кейуанадан көзін алмай тұр міне,
Жас келіннің дір-дір етіп еріні.
Бірі қарттық, бірі жастық бір көше,
Жолаушылар келсін бізді іздесе.
Осы жолдан жүріп өтпек сан ұрпақ
Өзі айтар өмір жайлы білмесе.
Тар көшеде таңдайымнан жыр көктеп,
Санаулы сəт, басқан қадам бір мектеп.
Қалтарыста қалғып кетті ал анау
Қос жанарын кірпігімен ілгектеп.
Жанға жұмбақ бұл сапардың тұрағы,
Жолаушының жолда сөнер шырағы.
Бейшараның дəмі бітті-ау шамасы
Бір қарағай тіп-тік тұрып құлады.
Тар көшеде талай тағдыр сыналмақ,
Бір дүр-дүрмек шауып өтті ұрандап.
Көшедегі көзкөргеннің бəріне
Ақын байғұс елжірейді жыр арнап.
* * *
Шаршадың ба,
Қайран көңіл, тəтті жан?!
Өзегіңді өртеп жүрме ақтық əн.
Маңдайыңды сүйеп ауыр күндерге,
Аумай қалдың қоңыр қобыз бақсыдан.
Күн дегенің күндес екен тым қатты,
Көздеріңде қызыл шақа жыр жатты.
Дүниенің бəрі осылай десін деп,
Ала бұлт пен аспан төсін сырлапты.
Қалағаның осы ма деп қарағым,
У тірліктің құйып берді шарабын.
Кесесінен зəрін ішіп тұрмыстың,
Түріп алып көп жүгірдім балағын.
* * *
Қайран уақыт қалай сені ұстармын
Жасаурайды жан біткенге құштар күн.
Енді сенде мендік емес басқасың,
Өз ұртымды өзім шайнап жұтқанмын.
Өткен күннің бəрі өзге еріксіз,
Бастан бақты, қолдан құтты беріппіз.
Міне менің жыр жүрегім ала сал
Ақын ғой деп, жақын ғой деп келіпсіз.
Елді сүйдім, жерді сүйдім дерттендім,
Куə болар аспанда ай, көктен күн.
Жүрегімнің берейін деп жылуын
Əр төбеге алау жағып кеткенмін.
Аяладым тау тағдырын, қыр мұңын,
Көл бетінде көрсең көкем тұр мұңым.
Қаласаңыз қалқам саған тастайын
Жалғаншының жан сезбеген шындығын.

552
553
АРНАДЫҚ БАР ҒҰМЫРДЫ
«Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде!»  
Төлеген Айбергенов
Алтыннан қаратауға тұмар салып,
Мұң басып, көкіректі мұнар шалып.
«..Мен де өлемін өзімнің биігімде» –
Отпан таудан Алашқа ұран салып.
Болған жоқ бұра тартқан жолсыз жерім,
Бақ құсы барша жұртқа қонсын дедім.
Қайтеміз итке өкпелеп, битке өкпелеп,
Ел тыныш, халқым аман болсын менің!
АҚ СҰҢҚАР
Мен жерде сен қияда ақ қыраным,
Шарқ ұрып көкке ұшуға шақ тұрамын.
Кетсем-ау көкті бойлап елден жырақ,
Қош айтып таудан бұлақ, көлден құрақ.
Қол созып мың періште аспан жақтан,
Мұңнан бұлт, жырдан жиһаз жастап жатсам.
Түн қатсам найзағайдан шырақ жағып,
Туған жер – туған ұлын тұрар бағып.
Сағынсам ақ жаңбыр боп егілермін,
Таппассың атажұрттың көгінен мін.
Қайран ел қайда барам көгендемін,
Таусылар татар дəмім, сенен демім.
Ақ қанат, күміс қияқ сұңқарларым,
Сендерге менің мəңгі іңкəр жаным.
Қараймын қара көзім қарыққанша,
Білмеймін біз көретін жарық қанша.
Тіл қатшы қыз қабақ ай, мұз балақ түн,
Мен сені өліп-өшіп жырламақпын.
АУЫЛЫМДЫ ҚИМАЙ ҚАНША АТТАНДЫМ
Сонау үйдің шамы сөнді дір қағып,
Қайта өшті бір жанып.
Аздан соң-ақ түн құйылды төріне,
Жатты сосын қара түнге шырмалып.
Айға көзін жетім сатып күрсінді,
Қарғыс атсын бұл түнді.
Қараңғыдан жарық іздеп жансебіл,
Қасқа жүрек бұлқынды.
Өңкей жетім сол бір үйдің телмеңі,
Қара түннің қысып жатыр шеңгелі.
Жетім менен ауру-сырқау, жалғыздар,
Түпсіз түннің, құтсыз күннің ермегі.
Тəңірім-ай!..Таң атты ма, күміс күн,
Өмір анау ақ даңғылы жүрістің.
Өңкей жетім ояныпты бүрсеңдеп,
Шүкір Алла, тынышпын.
Ауыл-үйдің амандығы мың бақыт,
Жетім көңіл дүниеге ұл ғашық.
Шарана да өз тұсауын кесіпті,
Қара жерге табандарын тұр басып.

554
555
Аман болсын, аман тұрды төсектен,
Өңкей жетім жалғыз шамды ес еткен.
Ауылымды қимай қанша аттандым,
Ертең тағы келем деген есеппен.
БІР СЕРПІЛІС ЖЕТПЕДІ
Көп ірісе көрмен бірдей қазылған,
Сорлы ғұмыр соны ұқтым сазыңнан.
Өзін-өзі сыйламайтын халықтың –
Маңдайына құлдық қана жазылған.
Манаураған, маңыстаған, қалғыған,
Сол баяғы жауыр құлақ, жалғыз əн.
Жамау көрпе, жыртық шекпен ауыл тұр,
Тарғыл мысық, марғау төбет алжыған.
Жасаураған көңілімнің тұнбасын,
Жұбатамын жұрттан таса бір басым.
Айға тақпақ ала құйын ұрлап ап,
Ару қыздың жылтылдаған сырғасын.
Ару қыздың кеудесінде көп күдік,
Мың шындықтың шапалағын жеп тұрып,
Құшақтады қорымдағы қойтасты,
Бір сұмдыққа шашын жайды бет бұрып.
Алақанын көздеріне көлгейлеп,
Өз көзіне бозбала тұр сенбей көп.
Күс-күс қолын ауыл жайып жылады
Жамандыққа Құдай сабыр бергей деп.
Ауыл өңсіз, мен өзімде қатқылмын,
Қара өлеңді қайдан маған тап қылдың?!
Көптің көзін сүртсем бе деп жыр жаздым,
Сосын оны турап-турап лақтырдым.
Бір қуаныш, бір серпіліс жетпеді,
Қоршаған ба қорғасын бұлт тек мені.
Күліп тұрды кетік тісін ырситып
Шаруа шалдың тасқа тиген кетпені.
ДОС ТІЛЕГІ
Қай тілегін айтайын жасын жырдың,
Жасып жүрмін жан қалқам, асыл құрбым.
Бал қасыққа – қарын жау, қанағат дос,
Топты көрсең тойымсыз қашып жүргін.
 Қауызыңды таптайды, гүлдеріңді,
Басыңды тарт, базардан біл жөніңді.
Обалыңа қарамай оңашада,
Орай салар сағанда бір кебінді.
Адалдығың, пəктігің олжаң жаным.
Жан екенсің жақсылық толған жаның.
Кебін орап кеткенмен бірдей жаным,
Абайсызда ар төгіп қорланғаның.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет