Сабыр АДАЙ
АЛТЫНЗЕР
(ҰЛТ ПЕН ҰЛ)
Алматы, 2016
Атам мен Əжемнің,
Əкем мен Анамның
рухына, құрметіне бағыштадым!
Автор
ƏОЖ 821.512.122-1
КБЖ 84 (5 Қаз)-5
А 24
Адай С.
А 24 Алтынзер: Өлеңдер /С.Адай. – Алматы: «Арыс» бас-
пасы», – 2016. – 776 б.
ISBN 978-601-291-303-3
Сабыр Адай – 1960 ж.т. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының
жəне Махамбет сыйлығының иегері. Ақтау қаласының тұрғыны.
«Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жы-
луы», «Əр Қазақ – Менің Жалғызым», «Қазақстан – Жалғыз Ұлы
Қазақтың», «Серттесу» (таңдамалы) атты жыр-жинақтарымен
оқыр ман қауымға таныс. Қаламгердің «Алтынзер» атты жаңа жыр-
жинағына енген өлеңдердің көпшілігі байтақ еліміздің əртүрлі дең-
гейдегі мерзімдік ақпарат беттерінде жарық көріп, үлкен сұра нысқа
ие болғанымен жеке жинаққа алғаш рет енгізіліп отыр. Ақынның
соңғы жылдардағы шығармашылық жұмысының жемісі болып та-
былады. Сəт-сапар тілейміз!
ƏОЖ 821.512.122-1
КБЖ 84 (5 Қаз)-5
ISBN 978-601-291-303-3
© Адай С., 2016
© «Арыс» баспасы, 2016
4
5
АЛТЫНЗЕР
Алтынзер – қазақы жыр, қама бөрік.
Жатырмыз алтындығын жаңа көріп.
Ішінде мың өлеңнің бірі алтын
Сезім – бақ, сенім – байлық, сана – көрік.
Алтынзер – асау өлең, бар асылым,
Асаудың соры қалың, жарасы мың.
Көзімнің ағын ойып ас қыла бер,
Сөзімнің оймашы тек қарашығын.
АҚ КИІЗ, АЛТЫН ТАҚТАН-ДЫ
Құба жырым аттанды, құлан ішкен қақтан-ды,
Құрға ұран жаққан-ды.
Құл көңілі – мұнарлы, ұл көңілі – ұранды,
Құдайдың өзі бұйыртты құба жырға ақ таңды.
Бесқаруым берен-ді,
Тағынайын кел енді,
Тағасыз өскен тарпаңмын, жусанды қырда жатқам-ды.
Біз айтпаймыз өлеңді,
Көмейден өзі көгерді,
Қайырлы болсын қазаққа, халал да өлең Хақтан-ды!
Бетінен қағып қайырма,
Бөле де қырқып айырма,
«Өлең – сөздің патшасы», ақ киіз, алтын тақтан-ды!..
Желіде ботам жырлап көр, күміспен күптеп сырлап көр.
Жел менен мойын ырғап көр.
Өзекке тепсе кетпеген өзіңнен туған құлын ем,
Іркіліп бір сəт тыңдап көр?!
ЕНДІ ЖАР БОЛ, БІР АЛЛАМ!
Жал-құйрығы жібек пе, ақ парақта құла жыр,
Құлагер тағдыр бұ да бір.
Шыңырауда мен тұрмын, шың басында өлең тұр,
Бұл неғылған бұла жыр.
Шұбалаң құйрық шұбарым, көмейі қоңырау күміс-ті,
Құлан да танау тынысты.
Қаламым найза, халық жыр, қаптың суы шабытым,
Қаратау бізден ығысты.
Күйме тартсам күреңмін, күйге бассам «Адаймын»
1
,
Пернемде жатыр талай мұң.
Көкмойнақтың құлыны ем, үркерден саяқ шығып ап,
Маңғыстауға қараймын.
Ат дүбірі тұяқтан, ер дүбірі намыстан,
Найзаласып алысқан.
Құйыны бөлек құла түз, мұнартып қанша тұрасыз,
Ай шығынып үркінді,
Ақындар салған дабыстан.
Кірпігі найза кер құла, кемелге келген жыр-дағы,
Ашылар оның бір бағы.
Тұяғы болат құрғырдың, шабыссыз күні жоқ білем,
Тұсауға салсам тұрмады.
Таңдайын таңға тілдіріп, оқыранып тынбайды,
Сыбызғы самал сырнайлы.
1
«Адаймын» – Құрманғазының күйі – «Адай».
6
7
Қамыс та құлақ қасқаның, қолтығынан үрлейді,
Ел жайлы айтып бір қайғы.
Жал-құйрығын күн тарап, шаршыға шықты шамырқап,
Жасырмақ болдым жаным сап.
Дұға қылдым содан соң, Құдайдан тілеп құлаға,
Білгенімнің бəрін сап.
Қос жанарын төңкеріп, батар күндей қызарған,
Жал-құйрығы ұзарған.
Ордаға жапқан жібектей есілді жырым есілді,
Енді жар бол, Бір Аллам!?
ХАҚ БЕРДІ
Жан қақпасын қағып кірген кім жаным,
Өзіңсің бе сырғалым?!
Көздеріңнен тамшылап тұр көрдім мен,
Көк жаңбырға есе бермес жырларым.
Ақтылы қой аспан кезген бұлттарым,
Маңырайды, маңыстайды ұққаным.
Жыр иесі жүрегімнің төрінде,
Таң асырған құтпаным.
Шың басынан езу тартып күн батты,
Күн басымен жүрегімді тыңдапты.
Інілер мен ағалардан аманат,
Іздеп келем бір бақты.
Қыдыр жетті, қырсық кетті, бақ келді,
Қара өлеңді Хақ берді.
Сөз атасы Майқы бидің елінде,
Өзіме сай орын берді, тақ берді.
* * *
Өлеңсіз тірлік болар ма!?
Сарқылмай ақсын сол арна.
Қазаққа біткен сауап бар,
Өлеңге біткен обалда.
Шер-шыңырау шығыр-ды,
Шығырдан байғұс ығыр-ды.
Халалдан болған қара нар,
Ыңырсып барып жығылды.
Ала бұлт торлап аспанды,
Ауылға дауыл бас салды.
Қара нар жырдың көзінен,
Кірпігін бойлап жас тамды.
Жүректің тұсын сыз еттім,
Жасайды нарға ізет кім!?
Шығырдан нарды босатып,
Шырағын жағып күзеттім.
* * *
Аранға түспей жүрмісің, ақбөкен жырым жылап қал,
Өмір – парақ, жыр – ақпар.
Ай көзінде бір тамшы, күн көзінде күміс шық,
Сырнайлы кеуде сыр ақтар.
Сыбызғы сазың төгілсін, еркелесін тал шыбық,
Есі кетсін алқынып.
Ер көңілі үмітті, ел көңілі ынтызар,
Тəй-тəй басқан сəбидей таң келеді талпынып.
Уыз таңдай дүние, бесігіңді бер маған,
Бұрыла берме кер заман.
Ұраншыл туған ұл едік, ұлағат көрген бабадан,
Еңкейіп жерге қараған егесті жерде ер жаман.
...Бесігіңді бер маған!
8
9
ЖҮРЕКТІ ЖҰЛЫП БЕРГЕНБІЗ
Бас сүйек көрдім бақаннан, төс сүйек көрдім төрінен,
Ойылған қара көз көрдім, Отырардың көрінен.
Шыңғырып Абай шақырды, айтпағым бар əлі деп,
Шыңғыстаудың өрінен.
Сарайшықта сайғақ тұр, самсаған сары айғақ тұр,
Айға үміт байлап тұр.
Адырнасы мөңіреп, мөлтілдеп жасы еңіреп,
Өзегі оның қайнап тұр.
Қар жамылды Алатау, Жетісу жердің жұмағы,
Көмулі сандық бұл əлі.
Басын ұстап батар күн, Маңғыстауға сүйеніп,
Отпаннан
1
от сұрады.
Қалауын тапса қар жағып, сөзге тоқтар елденбіз,
Айналып Сауран
2
келгенбіз.
Антқа тұрар ер болса, от дегенің немене,
Жүректі жұлып бергенбіз.
ҰЛЫТАУ
Ер қалқанын тағынған,
Ер шекпенін жамылған,
Ел көрмесе сағынған,
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Ақтарылған ағынан,
Құланның ішкен қағынан,
Ұлытау деген бұл дейді!
Ұмытпасын ұл дейді.
1
Отпан – Маңғыстаудағы ұранот жағатын орын.
2
Сауран – Оңт. өңірдегі тарихи орын. Адайлар осы Сауранды екі ай-
налып Маң ғыстауға қайта келген дейді бұрынғылар.
Көкжалдың ізі бар дейді,
Көктастары қан дейді,
Көп күттірген таң дейді,
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Заманым құрсау тар дейді.
Естілмек əлі зар дейді.
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Ұмытпасын ұл дейді!
Ұлт намысын ұмытар,
Күң менен тексіз құл дейді.
БЕЛГІ БЕР
Шекпенін сүйреп шеттеді,
Қазаққа біткен қара жыр.
Іздемең енді тек деді,
Жанымда содан жара жүр.
Жарасын жазар өлеңнің,
Жан көрсең бізге белгі бер.
Өлеңсіз өрде сөнер күн,
Өлетін жерге келді дер.
Қызғыштай қорып қырылған,
Жайраған анау жырым ба?!
Шаршадық торғай шырылдан,
Жыр жазып көріп ырымға.
10
11
АҢДАТПА
Бабамды көрген бастас жыр,
Басыма өлең жастап тұр.
Келелі мая кер үлек,
Қатепті нар мен ақ бас жыр.
Шағылды кешіп шаңдатқан,
Боздаған Сарша
1
, Сам
2
жақтан.
Бұйдасыз бура өлең бұл,
Атасын айтпай аңдатқан.
Бұйдасын түптен шайнаған,
Бұйдалап жүрген қай надан!?
Қайыртпай басын бос кетті,
Жабылып бəрі байлаған.
Сенбесең сертшіл Пірге бар,
Періште салмақ тілге нəр.
Кер Үлек пенен Бура-жыр,
Бізден де басқа кімде бар!?
* * *
Танауыңды қуырған,
Тал өзекті суырған,
Ақ нөсер жырды селдетіп,
Жусанды белде жуынғам.
Жұпарға жусап жұтынды,
Жұлқынып бура құтырды.
Шап етінің шайыры,
Шаңқай көкке тұтылды.
1
Сарша,
2
Сам – Маңғыстаудағы жер атаулары.
Қолаңсасы бұрқырап,
Қолды болған бұл тұрақ.
Нар қомында барады,
Бозторғай өлең шырқырап.
* * *
Көгенді жырды көп шештім,
Өлеңді жерді жайладым.
Күн сөнбей мен де өшпеспін,
Айдан да алыс айлағым.
Орман да болып сыңсыдым,
Өзен боп астым кемерден.
Жүрекпен осы бір сығым,
Əлемге қуат берем мен.
Тəңірден алған бал-көзін,
Тəп-тəтті уыз мына жыр.
Кім көріп жатыр жан көзін..,
Жарқырай шапсын құла жыр.
* * *
Жетімді көрсе жемдейді.
Еміркеніп емдейді.
Сен өзің де жетімсің,
Десем де жырым сенбейді.
Жетілген еді апанда,
Ай үріккен жапанда.
Қол беріп уақыт іркілді,
Қосылған күні қатарға.
12
13
* * *
Көңілі пəсік ез кімнің,
Таптайды содан жан алып.
Кəрі қой сынды –мезгілдің,
Тістерін тісеп санадық.
Ардың туы – ақ өлең!
Үміттің туы – үркер-ді.
Əміршіл неткен əлем ең,
Бұзбақсың көңіл-күркемді.
КҮМІС ТЕ БЕДЕР ЖЫР ЕДІ
Күміс те бедер жыр еді, күймесі алтын зерден-ді,
Зеңгір де көктен берген-ді.
Кіршіктен зият кіл таза, иманды құлдың жанындай,
Батасы асыл ерден-ді.
Берекет іздеп шөл астым, Бекетті іздеп бел астым,
Ен жайладым ел астым.
Жерұйық іздеп өлеңнен, жеті қат жер мен аспанның,
Босағасын тел аштым.
Сыңғырап аққан бұлақ бұл, сырлассаң үнсіз кемді күн,
Сұрайды Хақтан теңдігін.
Қызғыш кетті қиылдан, бозторғай ұшты бозаңнан,
Жыр іздеп жүр ме ел бүгін?!
Балбал да, бəдіз, бесіктас даланың бойы тылсым-ды,
Тамшылап жанға жыр сіңді.
Шымылдық-шілтер жамылған, хан қызындай қара өлең,
Іздеумен өттім бір сізді.
Өлеңнің иін қандырып, теріден шелін айырдым,
Оюлап шетін қайырдым.
Ордаңызға жыр келді, озалдан асыл ботасы
Аруана менен айырдың.
Не болмаса кісінеп, көмейі толған сыңғырға,
Атасы асау құрғыр ма!?
Жібектен жабу жабар ма, жіліктеп, əлде, алар ма,
Бақ сынап, міне, тұр бұл да.
Алтынды қазық алқада, жарқырап, əне, жүр жалғыз.
Көкмойнақ шапқан құрданбыз.
Сəріден жемдеп баптаған, жақтауын тартып дүлдүлдің,
Кермеге басын бұрғанбыз.
* * *
Ақкөз құм шідер шешіп бұрқанады,
Қуырылып қу даланың тұр танабы.
Сорғалап жадау бұлттың арасынан,
Талықсып таңдайыма нұр тамады.
Кез мая, келіншек тал, боз бұйырғын,
Мен сенің қобыз сарнау, өз күйіңмін.
Салмағын жапқан білмес, артқан білер,
Арнасы ала шаңдақ сөз-құйынның.
Қыл өзек, қырық қабат сыр-қайнарым,
Шағылға өлең бағып, жыр жайладым.
Тауларға бір ескертіп дала барын,
Кермеге тігіп кеттім қыр байрағын.
Алтын қыр, кеңістіктің сайранымыз,
Жым-жылас жығылған тау, қайдағы құз?!
Тас ғалам білсе білді, білмесе сол,
Қазақтың салт-салтанат қаймағымыз!
14
15
ҚАСҚАЖОЛ
1
Қарасаң биік аспан ол,
Қаралы парақ дастан ол.
Төбесін қасып Түбек тұр,
Қашанғы сүрлеу Қасқажол.
Қасқажол саған таныспыз,
Жақын да болсақ алыспыз.
Қылышты білек, қырғын сай,
Қылша да мойын намыспыз.
Қоғалы қолат мекенің,
Қорғаштап үнсіз кетемін.
Өзі де келіп түртпесе,
Дау-дамайдан шет едім.
Қасқажол маған қарайсың,
Қадамымды санайсың.
Мен кеткем қызыл қан болып,
Жараңды сен де жалайсың.
Екі де бауыр
Егестік..,
Не таптық, содан, қалайсың?!..
ТҮН БАСТЫ
Көкжөтел болып күркілдеп,
Көрінген тауды бір тілдеп,
Аруана бұлттар
Көшіп жүр,
Ақ ботасы үлпілдеп.
1
Қасқажол – жол атауы. Орта Азия мен Маңғыстау халқын байланыс-
тырған, сүргін сүрлеу, дабылды даңғыл, сауда-саттық пен ғапыл жалған-
ның тін-таспа тарауы.
Боз мамықтай боз жүні,
Аспанның ақ бұлт тозғыны.
Ата да жұрттан адасып,
Алты да қырдан озды үні.
Төбешік жатыр күңкілдеп,
Төрімді берер кімсің деп.
Төбе де, бұлт та жоқ болды,
Түн басты бəрін біртіндеп.
Осы ма сонда жеткенің!?
Өш пенен тұрған кек пе едің!?
Таласып күнге жүргенде,
Түнді ұмытып кетпегін.
* * *
Түйе жүн шекпен екен жамылғаны,
Түйдек сөз, өлең екен сағынғаны.
Елесі естен кетпес дəуренім-ай,
Ол да бір аққан судай сағым-дағы.
Жұпары жусандының мастандырды,
Төгеді төрге моншақ аспан жырды.
Қасқаның сыры берік, ділі қатты,
Киесін қына басқан тастан қырды.
Тарихын ақтарады сұғанақ жыл,
Көз жасын көптен зият бұламақ жыр.
Дəмелі əлде неден дəруіш қыр,
Ырсиған қабыртқасын құрап ап жүр.
16
17
ҚОРҚЫНЫШТАН ШУЛАП ТҰР
Солай шығар... Соны мен де біліп ем,
Айла қашып құтылған ба тіріден.
Жаз-жапырақ сарғайыпты күз келіп,
Дірілдейді бірі қорқып бірінен.
Тіл берсеңіз сөйлеп кетпек қалтылдап,
Күз болған соң, көзінде шық, салқын бақ.
Ажал келіп алдап жатыр барлығын,
Еппен ғана етектерін алтындап.
Қамыс біткен қылыштасып жататын,
Бір-бірінің қызыл қанын тататын.
Енді, міне, қорқыныштан шулап тұр,
Осындайлар орманымды сататын.
* * *
Қалы да басқұр, терме ши, қазақтың жаны сəулет-ті,
Сəулелі күнге тəубе етті.
Көтерді сосын көп ғасыр қиылған желке, бас пенен,
Тəңірім салған нəубетті.
Қыш құмыра қылтиып, шашылған сүйек шаңдатты,
Шарғасын елдің аңдатты.
Шарайна көңіл жасаурап, кірпікке моншақ шық байлап,
Қара сұр түзде қан жатты.
Сағана тамдар сарғайып самсаған ерді күзетті,
Бұл да мейір ізет-ті.
Шілденің күні тоңазып, толарсақтан ой кешіп,
Жүрегіме сыз өтті.
Өнерім – ұлттың сəулеті, өз бейнемді таппадым,
Тəңір бізді сақтағын.
Жат қолында жыртылып, жалау болды жүрегім,
Сақау болды тақ-тағым.
АЛМА АҒАШЫ
Алма ағашы көп талқыға салынды,
Жемісі жоқ, бермегінен жаңылды.
Кеше ғана қарашығы бағбанның,
Енді, міне, кер есекке таңылды.
Есек жатыр саясында ырымдап,
Қайғылының тыңдамайды сырын жат.
Қора салды шауып тастап ақыры,
Бақыт солай бастан ауды қырындап.
Отқа жақты омырды да дүр білек,
Тал-шыбықтар соны көріп тұр жүдеп.
От болған соң, шоқ болды да, жоқ болды,
Кім айтады алма өмір сүрді деп.
* * *
Маңғыстау-шалқыған жыр, батпан мұңым.
Мысалы: Нұрым
1
– бота, Ақтан
2
– құлын.
Сұраған өлең өріп Хақтан құнын.
Қара өлең күйме жегіп күлімдейді,
Хан ұлы қол созғандай тақтан бүгін.
От-Ман тау ордалы ел, Ман-Аталы,
Сəл өзге сіздегіден дала таңы.
Баласы Ер Адайдың Пірім Бекет,
Алашқа нұрдан шашу таратады.
Жырлаған соның бəрін
Көзбен көріп,
Біз де бір дегелектің
3
балапаны.
1
Нұрым,
2
Ақтан – Маңғыстау өлкесінің атақты ақын-жыраулары.
3
Дегелек – құс атауы.
18
19
ҚАҒИДАЛЫ ҚАРА ШАЛ
Даланың əні дамылсыз, көмейі күміс сыңғырап,
Барады солай жылжып-ақ.
Сексеуіл, селеу, ақ сора, шағылдың бойы сағым-ды,
Жетімек бота жүр жылап.
Даланың əні бағзыдан, жел басар-да желігін,
Кезеріп кепті ерінім.
Жүректің көзін ашарға жырдан болсын құбылаң,
Тəуекел етсең сен інім.
Бетеге бойлап биік бол, жусанды бойлап аласар,
Жан берісіп талас ал.
Батасын беріп қол жайған, біздің де дала – қара өлең,
Тері де тымақ қара шал.
Даланың ұлы біз деген, өрісі бірге нарлармен,
Астасқан биік заңғармен.
Сырласуға қалайсың, қағидалы қара шал,
Батаңды алған балдармен?!
* * *
Алтын-ды сарай, ақ сарай, алдыңнан ашты қақпасын,
Жаңылса енді жаққа сын.
Гауһарлы жүзік маржан тас, хан тағында өлең бар,
Төрелік айтар таққа сын.
Хан салтанат жырларым, адалдан болсаң дəмдісің,
Сайратып жанның ал құсын.
Батаңды бер де, қолды жай, бағзының сөзі өлмесін,
Баһадүр шалдар бармысың!?..
* * *
Желтоқсан боп, қаңтар болып жалмайды,
Құлдың сөзін құлағына алмайды.
Жазғы дəурен жанның нəзік сəулесі,
Енді оның елесі де қалмайды.
Тарыққанға таңның нұры балдай-ды.
Үркер туды маған көзін салмайды.
Жел жеңешем атымды айтпай түрткілеп,
Құлағыма сыбырлаудан талмайды.
Мен қайтейін шарам бар ма үгілдім,
Кешегіден сəл салқындау бүгін күн.
Жолым үйдің босағасын қайта ашып,
Ақ параққа жүгіндім.
Жанған отпыз, балауыз шам, білтеміз.
Шалықтаңыз, оңды-солды сілтеңіз.
Жазды күтпей жүр дейсің бе мен де бір,
Амал қайсы айтып өлтір білсеңіз!?
ƏКЕМНІҢ СӨЗІ
Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Қара суды қай күн ішсең қайғысыз,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.
Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Сауап алсаң сау күніңе тəуба ғып,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.
Кімге керек кіммен қалай жүргенің,
Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің.
Бір адамға қайыр қылып үлгерсең,
Сол күн сенің ең бақытты күндерің.
20
21
АНАМНЫҢ ҮНІ
Жан тілегім, жан шуағым, көгершін.
Көгерерсің, мамығыңды төгерсің.
Төрт құбылаң
Түгел жыр мен өлең-ді,
Сенің көзің содан басқа не көрсін?!
...Өлеңсің!
Бал құлыным, бағым менің, бөбегім.
Бір тыныс ал, қалғыды ма өлеңің?!
Маңдайыңнан бір сүйейін жан ботам,
Мен өзіңе өмірден де шөл едім.
Құлынымның естіледі жыр-үні.
Анасына болса болды құлыны.
Өлең қуып бара жатыр өртеніп,
Қазағымның қара көзді бір ұлы.
Бұла күннің тұлымы,
Омыртқамның жұлыны.
Көп қарадың, көзің талып қарықтың,
Қарғам менің сонша неден тарықтың!?
Ту сыртыңнан тұрған анау барып кім!?
Жаным қалмай қамықтым.
Жамыратып көгенінен көңілдің,
Қошақанын қоңыр жырдың ағыттың.
Шырақ жағып күзетіп тұр алып түн.
Еркелетіп əн-бесікпен тербейін,
Көбелегін өлең деген шалықтың.
Алтын арқау жарықпын.
Көгершінім!.. Көбелегім!.. Бөбегім!
Құтты болсын, Қыдыр баққан өлеңің!
Тəңір өзі жаздырады ақынға,
Жыр құндаққа жүрегіңді бөлегін.
Жүрегімсің бүлкілдеген, бүрлеген,
Көзімді ашсам күнмен бірге көремін.
Бөбегім!..
Бөктер асып кетсем дағы шалғайға,
Сені тербеп кету үшін келемін.
Бөбегім!..
Бөбегім!..
Көз қуаныш, жан шаттығым Сен едің.
Бөбегім!.. Бөбегім!..
Құтты болсын Қыдыр баққан өлеңің!
...Бөбегім!
Ертең тағы ертелетіп келемін.
Жырдан уыз беремін.
* * *
Ұл өсірді, қыз өсірді қанықты,
Өткіншісін адам білді, жан ұқты.
Анау жанның қабағы тым салыңқы,
Мына жігіт егделеніп қалыпты.
Əр кеудеде бір-бір арман, күдік-ті,
Не боларын пенде қашан біліпті.
Бір демдік кеш, түс тағылым, таң үміт,
Қақпақылдап доп қылады жігітті.
Əрі теуіп, бері теуіп даң қылып,
Дүниені домалайды шаң қылып.
Елесіңді ел ұмытып əп-сəтте,
Жоқ қылады, азғантай күн бар қылып.
Барлығыңа сенесің бе, барсың ба?!
Өмір мəңгі ойсыз, мұңсыз, зарсызға.
Əке кетер ұрпақ қалар сол даңғыл,
Жүк қалмайды жол үстінде нарсыз да.
* * *
Ақ самалым, ағып өткен, ақ нұрым,
Көздеріңнен көрем сенің бақ құнын.
Күлген жақсы аз тірлікте орнымен,
Ортаймасын бала-майса шаттығың.
22
23
Күлші көкем, үйренейін күлуді,
Күліп өмір сүруді.
Мен өмірді қайта сүйіп келемін,
Лебізіңе құлағымыз түрулі.
Жүрміз, міне, бір ұтылып, бір ұтып,
Көп үміттің көкбөрісін ұлытып.
Сен күлдірдің, мен балаша қуандым,
Күлкіні де қалған екем ұмытып.
АЙ МЕН КӨЛ
Көктем өткен,
Көгілдір көл жайғасқан,
Елшілікке жіберіпті айды аспан.
Көл мен айдың бір табысып тағдыры,
Уəде беріп байласқан.
Ішіп алған ай сұлудың жанарын,
Көлдің қара көзайым көк қабағын.
Ай бейшара неғылғалы жүр екен,
Қара жердің қанға бөккен танабын.
Есі кетіп сүйіп жатыр көл бетін,
Құдай басқа айдың күнін бермесін.
Не дейсің бұл сүйген көңіл, дерттіге,
Көкті тастап бір көлшікке келгесін.
Солай қалқам сезім деген соқыр-ды,
Көрмейді ол қазулы көр, отыңды.
Естімейді не десеңде өзің біл,
Елемейді қағида мен сотыңды.
Ғашықтардың сезіп жатыр жайын кім!?
Жүрек жасы шырынындай қайыңның.
Көп жұлдызды көрмей келген ғарыштан,
Күшті болсаң айды көлден айырғын.
Жасай берсін!.. Жанның ізгі сезімі.
Махаббаттың бар өзгеше, өз үні.
Шөлмек сынды жайрап өлер əп-сəтте,
Жеткен күні ажалы мен төзімі.
Біздің көңіл көл секілді ай қайда!?
Не бұйырса, сол қонады маңдайға.
Тағдыр деген пішулі тон əу баста,
Бұйрық болса су ішінде жанбай ма!?
Ай жанып тұр ару көлдің ішінде,
Оған мейлі түсін оны түсін бе!?
Көл құрғаса, ай өледі ақырын,
Жаралған ғой бірге өлу үшінде.
Көл жылады құрғайтынын білгесін,
Ай жылады тағарсың деп кімге сын.
Екі ғашық аймаласты, сүйісті,
Қара түнмен қымтап алып іргесін.
* * *
Шыңыраудан шыңғырды,
Сүйегін санап сындырды.
Көр қылып көзін ойдырды,
Төр құрып көрге қойдырды.
Төлежіп төбе, қыр мұңды
Аяғын топтап байлады.
Асырмақ болып айдады
Итжеккенге бұл жырды.
Төбесінен ұрдырды.
Отқа да салып өртеді,
Суға да салып батырды,
Өлмейтін бұл да құрғыр-ды.
Құшақтап əне тұр күнді.
Жез киік жырым шұбырды,
24
25
Жел айдап қайта бұрылды.
Алқымында арыстан,
Желкесінде жолбарыс,
Бұл өлең неткен ғұмырлы.
Сексеуілдей сіңірлі.
Апан да сүрлеу, ор қабақ.
Айықпас дерттей торламақ.
Заманның көзі шел еді,
Қазақ пен өлең келеді,
Шекеден қаны сорғалап.
Əділдік қашан орнамақ!?..
* * *
Елгезегім, елігім-ау, еркешім,
Таңнан ала, жаннан нала шертесің.
Ащы дəмін татқан сайын өмірдің,
Қонағысың өзің жатқан төріңнің.
Өз босағаң қимастықпен қарар-ды,
Баба кетті, бала келді жаңарды.
Жолаушысың өз отыңды сүйе біл,
Жан Тəңірлік, тек, тəніне ие құл.
* * *
Сол ауылда баба тірлік, бал ғұмыр,
Құшағына алды іңір.
Ауыл көшті, азынаған құм қалды,
Сосын тағы жалғыз ұл.
Бір сағыныш ауыл көрсем дірілдер,
Саған мəлім сырым дер.
Бесігімнің қоңырауын жел қағып,
Келді қайтып бір ұл дер.
Ауыл еді аңқылдаған ақ тілек,
Аңқасынан шағыл көшіп жатты кеп.
Құлындарым құрсағымнан шыға сап,
Қала жаққа қашты деп.
Қара торғай қайдағыны жыр қылды,
Түсінеді кім мұңды.
Сол торғайдан үйреніп ем бір кезде,
Өлең деген құрғырды.
ҚАРА БИЕ
Құлын екен күміс тұяқ, алтын-ды,
Кім біледі нарқыңды.
Шабыс тілеп кісінейді тектім-ай,
Иесінің қабағы тым салқынды.
Бітпес жанға біткен екен асылым,
Жандың-күйдің, шұрқырадың, жасыдың.
Жыл өткен соң тулақ болды терісі,
Ал иесі жалап отыр қасығын.
Қайда барсаң əділетсіз бөлісің,
Тарылады, таусылады өрісің.
Қара бие тағы туды дүлдүлді,
Бірақ енді бəрібір ғой сен үшін.
Дір-дір етті енесіне тығылды.
Ол да сосын қанды қолдан жығылды.
Жабы тусам жаны қалар бəлкім деп,
Қара бие қара айғырдан шығынды.
26
27
* * *
Қанағатсыз ындын көрдім терең-ақ,
Ала бермек одан түйе, сенен ат.
Ит көзіне – бұл дүние қу сүйек,
Иесіне жілік майы керек-ақ.
Жыр оқып ем күбір-күбір күлісті,
Безіп кетті, жыр ұшты.
Таңқы ниет тарылтып-ақ барады,
Ұлтқа біткен тынысты.
* * *
Жеп біткен-ді жүйкем менен етімді,
Өлең жаздық содан енді не тынды?
Жыр найзағай күміс бұтақ, қара бұлт,
Қара көздің қан тамыры секілді.
Нөсерлетіп, сел қаптатып, тасынды,
Тау толқындар тауға барып асылды.
Жүрегімді жүз періште ұрлап ап,
Келер күннің кеудесіне жасырды.
* * *
Алтын əдіп, қызыл барқыт киінген,
Батар күнге сүйінгем.
Асық атсам алшы түскен кездерім,
Күміс сақа иірген.
Бір сыз алып бара жатыр бүйірден,
Жүрек ысып күйінген.
Жалғыз тал тұр үкісіндей арудың,
Адасқан мен жол асқанға иілген.
Күн маңдайы күреңітті, қызарды,
Қонақпыз ғой біз əлгі.
Шаңқай түстің көлеңкесі өзгеше,
Батар сəтте жанталасып ұзарды.
Достарыңызбен бөлісу: |