Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы –
адам өзін шектеп тұрған бүгінгі факторлардан
алшақтай алады. Өзіне өзге тұлғаның көзімен
қарау арқылы сыртқы көріністі қабылдайды.
бар тітіргендіргіштерден өзін абстракциялағанда табан-
дылығы мен өзін басқаруы күшейетінін дәлелдейді.
Әдетте ол көрініс көбімізге ұнамайды. Сәйкесінше,
әрекеттерімізде басымдық таныта бастаймыз.
Образ таңдаудың қаупі де жоқ емес. Өкінішке қарай,
пір тұту мен образ таңдаудың арасы өте жақын. Маман-
дардың пікірінше, ішкі тұлғалық «мен» толық қалыптас-
пағанда, яғни «толық адамға» жетпегенде образдағы
адам пірге айналып, оның әрекеттері шүбәсіз қабылда-
нып кете береді.
Ерекше ойлайтын, дарынды адамдарды көбінесе «қия-
ли» деп ойлаймыз. Осы адамдарға деген көзқарасымыз,
әзілге қосып, оларға күлуіміз, олардың ішіндегі бар-
лық ерекшеліктерін сөндіріп тастайды, олардың өмірде
өз орындарын таппауының да негізгі себебі осында. Ал
негізінде, керісінше Құдайдың берген қабілетін дамыту
керек, ол – жоғарыдан берілген кеңес. Көптеген адам:
«Қандай бизнес бастасам екен?», – деп ақыл сұрап ке-
леді де, идеяны сырттан іздестіре бастайды: «Біреу үлкен
дүкен ашты, мен де ашамын, досым тауар жеткізумен ай-
налысады, мен де сондай фирма ашамын...». Бірақ, неге
біреудiкiн қайталау керек, сені ерекшелеп тұрған өзіңнің
қабілетің, осыған дейін жинаған білімің бар ғой. Мәсе-
ленің шешімін өзімізден, ішімізге үңіліп іздеуіміз керек,
Әйгілі маркетолог Филип Котлер «Ерекшелен, немесе
өл» дейді. Қазіргі заманда өмірде, бизнесте, нарықта бол-
сын өзгешеленбесең, артта қалып қаласың.
Маған жұмыс іздеп күніне он бес адам келеді. Олар-
дың айтатын жауабы, түр келбеті бірдей болып көрінуі
мүмкін, бірақ араларында басқалардан ерекшеленіп
128
тұратындары кездеседі, сондай адамдарға мән беремін.
Себебі олар тың идея, жаңа ойлар енгізе алады. Бизнесте
де дәл солай, егер бәсекелестеріңнен өзгешеленбесең, та-
бысың да, беделің де олардан жоғары болмайды.
Қорытындылап айтқанда, ерекше болудан қорықпа, не
болмаса Абай Құнанбаев айтқандай: «Болмасаң да ұқсап
бақ!».
|