Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет51/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

 
 
ПРОБЛЕМА: НЕ СЕН ОНЫ ҚОЛДAH 
ЖАСАП АЛАСЫҢ 
немесе 
ӨМІРДІҢ ӨЗІ МӘЖБYPEЙДІ 
Көп адам «Versus» академиясына курсқа келген кез- 
де, «өз-өзімді таппай жүрмін», «қазіргі жағда- 
йым маған ұнамайды», «өз өміріме қанағаттанбаймын» 
деген проблемалармен (түйткілді мәселелермен) келеді. 
Бірақ, негізінде бұл проблема емес, бұл жай ғана диском- 
форт. Ал проблема нақты болады, «кітапты баяу оқи- 
мын», «сауда жасаганда адамдармен қарым-қатынас 
орната алмаймын», «мейрамханама аз адам келеді». Бұл 
сенің қай жақта, немен жұмыс істеу керек екендігіңді 
білдіреді. 
 
Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе ныса- 
на таңдай алмайсың, білім алмайсың, үйренбейсің. Ал 
нақты проблемалардың шешімін тапқан кезде, білімің 
көбейеді. Сондықтан да проблема мен дискомфорттың 
аражігін ажыратып алу маңызды. 
Проблеманы өзіміз жасап аламыз дегенді Батыста 
көбіне «выйти из зоны комфорта» дейді. 
Әрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар дейсің?
Қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз ба- 
сымнан өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз 
туындатуымыз керек. Түсінікті болу үшін, мысал кел- 
тірейін. Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында 
«Rumi» мейрамханасын аштық, СЭC-тен анықтама ал- 
дық. Мейрамханадағы азық-түлік (тағам) қауіпсіздігіне 
жауап беретін маман бар, көзінен көрініп тұр, жұмысы- 
на көңілі толады, барлығын талаптарға сай жасауға ты- 


130
рысқан, дәйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығын- 
да жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым. 
Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам, 
көз жанары жәудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім: 
«Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңыз- 
ды сегізге бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз
бірақ онға жеткен жоқсыз». Осы жерде, «Үміткерлер- 
ге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600 мың 
теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі, 
олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүм- 
кіндіктері болған. Араларында төрт тіл білетін адам бар, 
тәжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды дизайнер бар. 
Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай келмейді. Бұндағы 
мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыс- 
тырып, осы тапқан табыстарына мәз болды, ал егер өз- 
дерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да жақсы нәти- 
же көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да қомақты 
көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне 
жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес, 
бізде бар HASP-тың талаптарына сәйкестендіріп жасаса, 
әлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді. Әлгі адамды ертіп 
жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол 
HASP бойынша жасауға талпынғанда, мен көрсеткен ми- 
нустарды өзіне туындаған мәселе ретінде бұрыннан қа- 
растырып, барлығын жөндеп қойса, өз жұмысын одан да 
жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау жо- 
лында, не біз өзімізге-өзіміз мәселе тауып аламыз немесе 
біздің басымызға өмірдің өзі мәселе «жасап береді». Бұл 
«проблемалар» – сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып 
тұрған ақыл. Ол қайда бару және немен айналысу керек 
екенін сілтеп тұр. 
ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ
45
«Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп 
бермесең, о дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар. 
Нені меңзеді екен деп ойландым. Ұлы Абай да «Күніне 
бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек, болмаса аптасы- 
____________ 
45
Хазірет Әли (шын аты – Али ибн Абу Талиб) – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с. ) 
немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, әділетті төрт халифаның төртіншісі (656 - 661). 


на бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына, тіпті 
болмаса, өміріңде бір рет» деген. 
Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім 
Дархан мырза «Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп 
мені шаңғы тебуді үйренуге шақырды. Әрине, барғым 
келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ, шаршап 
тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді, бірақ қажеттiнiң бар- 
лығын жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен 
Бекбота мырза Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына 
шығарып, қалдырып кетті. Бірінші рет шаңғымен таудан 
түскендіктен, әрине, бірнеше рет құладым, үсті-басым, 
киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым 
талды, сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді. 
Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойла- 
дым. Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен 
түсе алмаған кезде, неге бұл мені қолымнан келмеді деп 
ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді үйренемін» деп 
сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипиров- 
ка сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал 
жоқтан, намысқа тырысқандықтан, үйрендім. Google-дан 
оқыдым, YouTube-тан бейнероликтер қарадым. Сөйт- 
сем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың, бұрылудың бірнеше 
тәсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза тау- 
дың шыңында тастап кетпесе, әлі күнге шаңғы тебе ал- 
мас едім. Кейін білдім, көп кәсіпкерлер сол Шымбұлақта 
кездеседі екен. Негізі, танысқым келіп жүрген, ойы маған 
қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер ме, 
шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кез- 
де өз-өзіме проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде 
таңғы тебуді үйренбегенімде, қазіргі таңда бұл адаммен 
аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-ге кел- 
мейтін еді. Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де 
өзіңнің басқа да әріптестеріңе қатысты көптеген мәсе- 
ленің шешімін табуға болады екен. Егер де мен сол кезде 
уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып алмасам, ертең 
өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді? 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет