Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет55/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК 
 
 
Сенің ішіңде жиырма бір ғасырдың бүкіл даналығы 
тұнып жатуы мүмкін, бірақ кездесу барысында, 
басқа адамдардың алдында жақсы әсер қалдыра алма- 
саң, ол білімнің ешқандай материалдық, әлеуметтік 
қайтарымы болмайды. Адам туралы алғашқы әсер бес 
секундта қалыптасады дейді. Жақсы киін. Өз басым 
жақсы киінгенді, киімді талғаммен киетін адамдар- 
ды ұнатамын. Және «қазіргі емес, болашақ статусыңа 
сәйкес киін» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені біздің 
болашақ статусымызды көп жағдайда басқа адамдар 
(бастықтар, инвесторлар, демеушілер) шешеді. Ал олар 
бізді, кез келген адам секілді бейсаналы түрде сырт кел- 
бетімізге қарап қабылдайды. 
 
Оның екінші жағы да бар. Жақсы киінгенде өзіңе 
ұнайсың. Маникюрсіз қыздар өздерін ыңғайсыз сезінеді. 
Шашында қайызғақ бар жігіттер костюм кигісі келмей- 
ді. Осындай ұсақ-түйектер адамның көңіл күйін, өзіне 
деген сенімділігін, демек, болашағын анықтайды. Жеңіс 
жолында ұсақ-түйек деген болмайды, бәрі маңызды. 
«Жеңімпаз сияқты киінгенде, жеңімпаз сияқты ойлайсыз 
және әрекет етесіз» – дейді Брайан Трейси. Әрине, киім 
киісің өзіңді дамыту, біліміңді көтеру, ішкі ойыңды, ни- 
етіңді басқару дегеннің бәрімен қатар, үйлесімді жүруі 
керек. 


МЕЗГІЛІНЕН ЕРТЕ ГҮЛДEГЕН 
АҒАШ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒАДЫ: 
СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢ 
 
 
Біздің қоғамдағы адамдардың басым бөлігі бірден 
байып кеткісі келеді. Дайындыққа уақыт кетіріп, 
күткісі келмейді. Бірден бастық болуды, жеңіске жету- 
ді қалайды. 
 
Студенттік кезімнен бір танысым бар. Бірге жоғары 
оқу орнын бітірдік, араласпай кеттік. Екі айдан кейін әлгі 
жігіт жаңа автокөлікке, бірнеше пәтерге қол жеткізді. 
Астанадан бизнес сатып алды. Кейін басқа бір жолдармен 
табыс тапқанын естідім. Жақында сол жігітті кездестіріп 
қалдым. Кәсібі жүрмей жатыр екен, даму жоқ. «Неге үй- 
ренбейсің, жап-жақсы ісің бар, дамытпайсың ба?» – де- 
сем, ол білім алғысы, оқығысы келмейтінін айтты. Біз 
мектепте алтыншы сыныптан бірден сегізінші сыныпқа 
секіріп кетпейміз ғой. Барлығы рет-ретімен, кезегімен 
болу керек. Ал жаңағы жігіт ортадағы дайындық кезеңін 
аттап секіріп кетіп, бірден барлығына қол жеткізді. Бірақ, 
қазір оның барлығын қолда ұстап қалудың, әрі қарай өр- 
кендетіп, дамытудың жолдарын білмейді. Себебі, басын- 
да-ақ бизнесті бір жүйеге келтірген жоқ, маркетингпен 
таныс емес, стандарттарды енгізбеген. 
Өмірде де дәл солай. Адам өміріндегі ең пайдалысы – 
дайындық кезеңі, ол – студенттік шақтар. Нағыз білім 
жинап, оқитын кез. Бұл уақытта біз арзан күлкіге беріліп, 
қыдырып жүреміз. Ал нағыз дер кезінде сол сәтті пайда- 
лы қолдансақ, ертеңгі күні оның жемісін көреміз. Сон- 
дықтан да оқымай жатып, бірден жұмысқа кірісіп кету, 
дайындық мезгілінен аттап өту, мезгілсіз гүлдеген ағаш 
үсікке шалдығатындай, бізді жеңіліске әкеледі. Алға 
секіріп, аға-көке арқылы бастық атанып, қалағаныңа 
жетіп алып, оны әрі қарай алып кете алмасаң, оның 
ешандай пайдасы жоқ. 
Сол себепті, барлығы өз уақытымен болуы керек. 


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет