Екінші болма


ҚАНДАЙ СҰPАҚ ҚОЙСАҢ, СОНДАЙ ЖAУАП АЛАСЫҢ



Pdf көрінісі
бет30/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
ҚАНДАЙ СҰPАҚ ҚОЙСАҢ, СОНДАЙ ЖAУАП АЛАСЫҢ:
НЕГE VS ҚАЛАЙ?
Түсініксіз  тақырып  болып  көрінуі  мүмкін,  бірақ  түптамырына
жетсең,  ұғасың.  Біздің  кейде  қарапайым  сұрақты  дұрыс  қоя
алмауымыздың  өзі  өміріңдегі  маңызды  оқиғалар  мен  шешімдерге  əсер
етеді.
Мойындаймын,  «Неге?»  деген  сұрақтың  пайдасы  аз,  берері  де  көп
емес.  Бізге  қозғаушы  емес,  керісінше  тежеуіш  ретінде  əсер  етеді.  Алға
жылжуымызға  барьер  кедергі  болады.  Алайда,  бұл  оның  мүлдем  керек
емесін  көрсетпейді.  «Неге?»  деген  сұрақ  керек,  ол  –  алғышарт  Бірақ,  ол
жеткіліксіз.
Эдуард  де  Бононың
21
 бірде  Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдеріне  барған
саяхатында  басынан  кешкен  келеңсіз  бір  жайт  есіме  түсіп  отыр.
Дастарқанға  балықтан  даярланған  ас  келеді.  Одан  кейін  шұңғыл  ыдыста
сорпа беріледі.
Copпаны  ішуге  кірісіп  кеткен  Эдуард  мырза  өзгелердің  өзіне  өзгеше
қарап қалғанын байқайды. Сөйтсе, кейінгі алып келгені сорпа емес, балық
жегеннен  кейін  қол  жууға  берілген  су  екен.  Ыңғайсыз  сезінген  ол  өзін
ақтап  алуға  тырысып  бір  кітабында  былай  деп  жазады:  «Неге  оны  сорпа
деп ойладым? Себебі, ыдыста су бар еді. Бəріміз білетіндей сорпа да судан
жасалады.  Сол  үшін  мен  оны  сорпа  екен  деп  қалдым»,  –  дейді.  Екеуінің
негіз  бастауы  бір  болғанымен,  құр  судың  өзі  сорпа  (дайын  өнім)  болуға
жеткіліксіз. Түрлі қоспалар керек.
Өз  өмірімізде  де  «неге?»  деген  сұрақпен  ғана  шектелсек,  «құр  су»
күйінде  қалуымыз  ғажап  емес.  «Неге?»  сұрағына  «Қалай?»  да  қосылғаны
жөн. Неге дегеннен кейін келесі кезеңіне өте алу маңызды. Онсыз өнімнің
шығуы екiталай.
Анализ  фазасынан  түсіну  жəне  қабылдау  фазасына  шыға  алмаған


талай  ғалымның  мықтылығы  қағаз  күйінде  түрлі  еңбек  болып  қана  қалып
жатқан жоқ па?
«Қалай?» сұрағын бірінші кезекте өзімізге жəне өзге жағдайларда қоя
алу – бəсеке қабілеттілігін арттыратын дағды. Бұны үйренген кезден бастап
серпінді қозғалысқа ие боласың.
Өмірден  алынған  бір  мысалмен  бөлісейін.  Сыныптас  дос  қызымның
айлық жалақысы 180 мың теңге. «Айлығыңа ризасың ба?», – деп сұрасам,
«Иə,  көңілімнен  шығады»,  –  дейді.  «Ендеше,  мынаған  назар  аудар.
Біріншіден,  сен  төрт  тіл  білесің.  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша
Батыста  білім  алдың.  Екі  сертификатың  бар.  Негізі,  нарықтағы  құның  500
мың  теңге»,  –  дедім.  Егер  ертең  ауырып  қалса,  автокөлігін  соқса,  аяқ
астынан  үлкен  сомада  қаражат  керек  болса,  ол  сонда  ғана:  «Неге  менің
айлығым  180  мың,  негізі  одан  да  көп  табуым  керек  қой»  –  деп  ойланатын
еді. Бірақ ертең, бір проблема туындағанда ғана.
Осы  менің  айтқанымнан  кейін  ол:  «Неге  бастығым  маған  500  мың
теңге  төлемейді?»,  –  деген  сұрақ  қойды.  Бұнда,  біреуге  «прокурор»,
өзімізге  «адвокат»  болмайтынымыз  есіңде  болсын.  «Қалай?»  деген  сұрақ
қойып,  бастығымыз  бізге  осындай  жалақы  белгілеуі  үшін  қалай  жұмыс
істеу керегін ойластырамыз.
Енді «Қалай?» сұрағының рөлі мен техникаларына тоқталайық
1.МАКСИМАЛДЫ  ҮЛКЕН  СҰРАНЫС.  Қалай  200  мың  табамын  деп
емес, себебі, онсызда 180 мың тауып тұрсыз. Сондықтан 500 мың теңге деп
алсаңыз болады.
2.ҚОЛЖЕТІМДІ.  Дегенмен,  ол  сұраныс  қолжетімді  болуы  керек.
Мысалы, 1 миллион емес, 500 мың теңге.
3.ДƏЛ  ЖƏНЕ  ӨЛШЕНЕТІН.  «Достарым  неге  оңбаған,  таудың
шыңында  мені  қалдырып  кетті?»,  –  деп  емес,  «Қалай  мен  жиырма  күннің
ішінде  Шымбұлақтағы  екінші  комбидан  бес  минуттың  ішінде  түсемін?»
(бес минут – тəжірибелі шаңғышылардың нормасы), – деп.
Екі  ұғымның  айырмашылығын  түсінікті  етіп  ажырата  алдым  деп
сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет