•Генри Форд. «Моя жизнь, мои достижения».
•Стивен Леввит, Стивен Дабнер. «Фрикомыслие», Нестандартные
подходы к решению проблем».
V ТАРАУ
ЖЕҢIC ЖОЛЫНА ТҮСУ
ОБРАЗ ТАНДАУ: ҚИЯЛИ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ
Адам баласына өз өмірін мəнді де сəнді сүру үшін бірнеше қасиет
керек. Соның негізгісі өзін-өзі басқару мен табандылық. Талант, таныс не
өзге факторлардың əсері əлсіз немесе кейде, тіпті кереғар.
Осы бағытта ғалымдар көптеген тəжірибелер ұйымдастырған екен.
Оның ішінде танымал marshmallow test-те бар. Олардың бəрі
жоғары
аталған факторлар елеулі орын алатынын дəлелдепті.
Жақсы, өзімізді басқару жəне табандылықсыз болашақ жоқ екенін
түсіндік. Ал табиғат (ата-ана, ген, т.б.) бізге
осы қабілетті бермесе, не
істейміз? Біріншіден, олар туабітпейді. Жүре бітеді, шанс бар. Ғалымдар 4–
6 жастағы 180 балаға компьютерде орындалуы
керек іш пыстырарлық
тапсырма береді, бірақ келесі бөлмеде ойын ойнауға болатын iPad бар
екенін де ескертеді. Баладан шыдамы таусылғанша
тапсырманы орындай
беруін сұрайды.
БАЛАЛАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. Минут сайын бірінші топтағы
балаларға «Қатты жұмыс жасап жатырсыз ба?»
деген сұрақ қойылса,
екінші топтағыларға сол сұрақ үшінші жақтан қойылады. Соңғы топқа
сұрақ өздері таңдаған кейіпкер (супермен, бэтмен жəне т.б.)
бойынша
қойылады. Яғни, «Бэтмен қатты жұмыс жасап отыр ма?» дегендей.
Нəтижесінде, үшінші топтағы балалар ең үздік нəтиже көрсетеді. Бұл
дегеніміз, адам өзіне қандай да бір образ қалыптастырып,
соған сай болуға
тырысқанда жəне бар тітіргендіргіштерден өзін абстракциялағанда
табандылығы мен өзін басқаруы күшейетінін дəлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: