Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты Орындаған: Атамбаева Г.Е Тексерген: Айекешов Н.Т Мамандық: Әлеуметтік жұмыс, 4курс АБ-2 1
Пән бойынша қорытынды презентация Шартсыз ақшалай көмек еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі адамдарға зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты беріледі. Мүшелерінің арасында жұмыс істеуге қабілетті адамдары жоқ табысы аз отбасыларға да осы категорияға жатады. Ал, шартты ақшалай көмек табысы аз, бірақ еңбекке қабілетті жалғызілікті адамдарға, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі.
Халықтың әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасының Коституциясында жазылған. Ата заңға сәйкес еліміз әлеуметтік республика ретінде орнықтырады (1-бап), жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (24-бап), қиындыққа тап болған азаматқа ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі (28-бап). ҚР Конститутциясында көрсетілген әлеуметтік қамтамасыз етудің механизімдерін «Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» айқындайды.
Әлеуметтік қорғау Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.