Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Табиғатты қорғаудың аспектілері



бет15/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

Табиғатты қорғаудың аспектілері

Бастапкыда табиғат қорғау шараларының негізгі мотиві материалды игіліктерге деген қамқорлық болса, ал қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың мақсаты одан әрі кеңейді және әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:
Экономикалық аспектісі - адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.
Сауықтыру-гигиеналық аспектісі- ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттың жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядролық және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.
Тәрбиелік аспектісі - табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез- құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.
Эстетикалық аспектісі - адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.
Ғылыми-танымдық аспектісі - Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.


5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір өзгеріс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.
Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзара байланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақгалған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық- материализм дамығанда ғана пайда болды.
Табиғат пен қоғамның өзара өсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзара байланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қогамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процесін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.
Табиғатты тиімді пайдалану жене қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялык принципі болып табьшады. Табиғат қорғаудың жаратылыстану - тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзара байланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек XIX ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау бірінші реттік міндет болып койылды. Бұл ғылымның геориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зурттеушісі П.В.Докучаев болды. Әсіресе, табиғат корғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне жәнс жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол XX ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.
Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан бірнеше ережелер шығады:
4. барлық табиғат құбылыстарының көптеген мәндері бар;
5. рационалдық ереже;
6. жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі, ксшенді міндет.
Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық, ас пен қореқ, олардын достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет