Отын түрі
|
Геологиялық ресурс
|
Барланудан өтіп алынып жатқан ресурс
|
Көмір,млрд.т
|
4880-5560
|
609
|
Мұна, млрд.т
|
207-252
|
72-98
|
Табиғи газ,трлн.м
|
260-270
|
49-74
|
Жасанды сүйық отын (тактатас және битум алынатындар), млрд.т
|
33-34
342
|
6-9
36
|
Уран, млн.т
|
3.2
|
1.6
|
Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд. тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%- анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік нарықты негізгі мұнаймен қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері. Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солтүстік Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа елдерде. Жапонияда, Францияда тағы да басқа көптеген дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.
Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн.м. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венессуэлада, Мексикада, АҚШ-та, Канада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде (30%), Қазақстанда (5 трлн.м3). Жыл сайынРесей 800-850 млрд.м3 табиғи газ өндірсе, казақстанда 5-7млрд.м3 шамасында өндіріледі.
Жоғарыда көрсетілген отын түрлері қойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топыпақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында ғылымдардың болжамы бойынша 2020 жылға дейін жер қойнауында алынатын отындардың 2,5 млрд. тоннадай зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергияның мөлшері 8% ке дейін жетеді. Кейбір сарқылмайтын энергия көздері туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген.
Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мың ГВт энергияға тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшерінен бұл шамамен 15 мың есе жоғары. Осы энергияның 30% қайтадан космос әлеміне қайтарылады, 50%-сіңіріледі, 20% геологиялық циклға, 0,06% фотосинтез процесіне жұмсалады.
Энергия түрлері
|
Энергия көзі
|
Дүнниежүзілік ресурстар, 10кВт сағат/жыл
|
Механикалық
|
Өзен ағысы
Толқындар
Тасулар
Жел
|
0,028
0,005-0.05
0.09
0.5-5.2
|
Жылу
|
Температура градиенті: Теңіз бен мұхит суларынікі
|
0.1 -1.0
0.05-0.2
|
Сәуле қуаты
|
Жер қойнауынікі
Күннің сәуленуі
Жер бетінде
|
200-280
1570
|
Химиялық
|
Толық энергия өсімдіктер мен жертезек
|
10
|
Күн - өте қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жердегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін колдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м. суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.
АҚШ та, Испанияда, Иорданияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электр қондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай тоқ өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тогына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған ортаға әсерін тигізбейді екен. Оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ. Күн сәулесінен жұмыс істейтін батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдар кептіруге, технологиялық қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5м/сек жоғары болатын жерлерде электроэнергияны желден алуға болады. Желдің энергиясы кеңінен қолдану мақсатында Канада, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.
Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясы кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан тиімді.
Экологиялық жағдайда зиянды әсері жоқ деп тағы бір энергия түрін айтуға болады, бұл жер қабатында (5 км тереңдікке дейін) болатын геотермалдық энергия. Дүние жүзінде осы энергия түрі негізінде бірнеше геотермалдык жылу электростанциялары (ГэоЖЭС) жұмыс істейді. Ен қуаттылығы жоғары ГэоЖЕС(50мВт) АҚШта.
Жалпы геотермалдық энергия қоры 200 гВт шамасында, негізінде ол Тұнық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.
Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатқа, Сахалин және Курил аралдарында жалпы қоры 2000 мВт. Қазіргі кезде қуаттылығы ПмВт-қа және 50мВт тен екі ГэоЖЕС Комчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Камчаткада 300-500 м тереңдікте судың температурасы 200°С-ге дейін жетеді.
Геотермалдық энегетикасы дамуының негізгі бағыты-термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз.
Махачкалада, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қалаларында термалды сулар тұрғындарды жылы сумен қамтасыз етуге бағытталған.
Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда,т.б жағдайларда қолдануын табуда.
Тағы бір энергия көзі - биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері0,1%, ал күлділігі-3-5%-тен аспайды (көмірде бұл көрсеткіш, тиісінше, 2-3% және10-15% тең). Биомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысын қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде энергияның 50%-дай мөлшерін алуды жолға қоюға болады.
Осы синтетикалық отын XXI ғасырдың негізгі энергия көздерінің біріне айналуына толық мүмкіндік бар. Ағаш биомассасынан алынған метанолды отын ретінде жаққанда шыққан көміртек оксидінің мөлшері бензинді жаққанда бөлінетін газ көлемінен 2 еседей төмен. Метанолға альтернативті этанолды қант өндірісінен шыққан биомассадан ферменттер көмегімен алып, оны бензиннің орнына қолдануға болады.
Анаэробты микроорганизмдер штаммдарының арнайы түрлерін жасап биогаз қолданудың экология мен экономика жағынан болсын тиімді жолдарын табуға болады. Биогаздың энзимдер қолдану арқылы этанолдың бағасы бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз алу технологиясы өзін 5-3 жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды үнемдеуге ықпал жасайды.
Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит тасуларының техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн. кВт шамасында. Канададан қуаттылығы 20млн.кВт, ал Ресейде Мурманск ауданында қуаттылығы 400млн.кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87млн.кВт энергияберетін станциялар іске қосылған. АҚШ-тағы тасу процесіне негізделген станциялар 350 млрд.кВт/сағатта берсе, Францияда жылына алынатын энергия мөлшері 40млрд.кВт/сағатына жетеді. Қазақстанның энергетикалық базасы XX ғасырдың 30-шы жылдарында құрыла бастады. Алғашында кішігірім электростанциялар фабрика, зауыт, мұнай кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында салынған.
1950 жылдан бастап, республиканың бірнеше аймағын электроэнергиясымен қамтамасыз ете алатын қазіргі уақытқа дейін істеп жатқан энергетика кешендері ұйымдастырылды. Ол кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |