Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа
тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті
ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай
жұмыс істейтін кісі.
Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап,
қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек
қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге
салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және
өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын
тәуекелге салады
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше
жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке
басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға
алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас
тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу
арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым
салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі
мен талаптары шартпен айқындалады, жеке
табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің
барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым
салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық,
сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы
басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық
жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады
және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық
нысандарына тән.
«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық
факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық
жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі
үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы,
инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-
өзі жаңарту процесі. Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп
және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-
шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға
бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз
кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза
табыс)және үстеме пайдасы». Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің
тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ,
кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған,
олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті,
кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі
қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке
қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің
әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Кәсіпкерлік – адамдарменолар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес
шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып,
мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға,
экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа
байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге
асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа,
жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан
түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық
танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты..
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор
болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне
еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге
кәсіпкерлік пайда. Социализм мен капитализмнің экономикалық
айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны
бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке
бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға. Жаңа қоғамның
негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек.
Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім
керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар
өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын
табатын, іскер азаматтар болуы керек.