Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны



бет26/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
Экономика ответ

23. Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны
Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны өндіріс саласының және өндіріс технологиясының сипатына тәуелді. Сіздің өніміңізді толығымен сипаттайтындай тауар немесе қызмет көрсету бизнес-жоспарын өңдеуге кірісе отырып, оның мазмұны мен құрылымы белгілі бір ережелерге бағынбайды. Бірақ солардың ішінде неғұрлым тиімдісі мынадай тарауларды қарастырады:
- фирманың мақсаты мен міндеті;
- бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме;
- тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы;
- сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;
- ұйымдастырушылық жоспар;
- өндірістік жоспар;
- маркетингтік жоспар;
- қаржылық жоспар;
- фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;
- келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар.
Бизнес-жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің (ойлаған істің) барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.
Бизнес-жоспар – бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, шаралар мен әрекеттердің мақсаттары мен ресурстарына сәйкес, уақытта және кеңістікте байланысқан жүйесі.
Бизнес-жоспардың міндеті кәсіпкерге келесі сұрақтарды шешуге көмектеседі:
1. өткізу нарығының болашақтағы даму перспективаларын және сыйымдылығын зерттеу;
2. нарыққа қажетті өнімдерді өндіру мен өткізу үшін қажетті шығындарды бағалау, кәсіпорынның пайдалылығын анықтау мақсатында оны сатуға болатын олардың бағаларын салыстыру;
3. кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде пайда болуы мүмкін қиындықтарды анықтау;
4. істің жағдайын тұрақты анықтауға көмектесетін көрсеткіштерді бөліп көрсету.
Егер сыртқы қаржыландыру талап етілсе, шебер және мұқият құрастырылған бизнес-жоспар, жобаны объективті бағалауға қызығушы адамдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бизнес-жоспардың құндылығы:
• бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорынның өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
• кәсіпорынды құру кезеңінде бизнесмен сәйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
• сыртқы инвесторлардан қаржылық көмек алудың маңызды құралы.
Нақты және шынай бизнес-жоспарды жасаудың алдын-ала қажетті шарты технико-экономикалық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бизнес-жоспар келесмі жұмыстарды орындайды:
— серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, оның көмегіне және нарықтағы потенциалына (қуатына), баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақ алынатын пайда мөлшеріне т.б. көрсеткіштерге аса көңіл аударады;
— бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компания өндірістік, қаржылық көрсеткіштер ғана емес, болашақ серіктестіктерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр потенциалының және материалдық ресурстардың жеткілікті екеніне шандыруы керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп және басқара алатынын көрсетуі тиіс;
— бизнес-жоспарды жасақтағанда тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық, үйлесімділік және шанымдылық болуы керек. Оны оқитын ақша-қаражаты бар кісілер тек қана тиянақты цифрларға олардың шанымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі – пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс. Бизнес-жоспардың басты міндеті – пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасныың жоспары деп қарау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет