35. Компанияның негізгі құралдарының мәні, құрамы және жіктелуі Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес құралдарға жатады. Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар – жалға алынған құралдар болып саналады.
Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары және т.б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал – жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал – жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал – жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
өндірістік құрылымы
технологиялық құрылымы
тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай – натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді. Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.