Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»



бет5/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Профессор A. Ысқақов еңбегінде көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалмен дәлелдеп, бірақ «көптік жалғау категориясы» ұғымның сипатын ашпады. Бұл туралы: «… ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине, грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылмаған. Екіншіден, «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады», - дейді профессор С.Исаев. Көптік категориясы деген термин: «Грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қарсы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы». Белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір тәртіпті принциппен қолданылады.

Қазақ тіл білімінде ХХ ғ. 50-60 жж. I. Кеңесбаев пен Н. Сауранбаев бастаған ғалымдар, орыс тіліне еліктеудің нәтижесінде мына қорытындыға келді: - «Көптік жалғауы барлық сөз таптарына дерлік түгелдей жалғанады. Бірақ бәрінің бірдей көптік мағынасы бірдей емес, негізгі сөздің семантикасына, оның қай сөз табына жататындығына, мәтінге байланысты олардың әртүрлі мағыналық қырлары болады». Йә, еліктеудің әсері емес пе, қазақша «барлық сөз табына» деудің орнына орысша нұсқада «барлық сөз таптарына» делінген. Нағыз еліктеу осы емес пе, қазақ секілді аталған түркі жұрты атау тұлғада зат есімге көптік жалғау қоспай, көптік мағына білдіріп сөйлейді. Біз бұны кеңес одағы кезіндегі ұлттық саясаттың ықпалы деуіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет