Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не? Тұрақты мағынасы дегеніміз не? 3.Сөздің нақты және абстракты мағынасы нені білдіреді? 4.Сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Орындаған: Сеитова Н.А.
2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не? Тұрақты мағынасы дегеніміз не? 3.Сөздің нақты және абстракты мағынасы нені білдіреді? 4.Сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология, т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.
СӨЗ
|
Заттық ұғым атауы
|
Сындық ұғым атауы
|
Сандық ұғым атауы
|
Қимыл, іс-әрекет атауы
|
Ана, жұлдыз, аспан, өзен, гүл, жапырақ, адам, балапан, бақыт, тілек, қуаныш, анар, арман, жидек, топырақ
|
Ақ, әдемі, жақсы, сыпайы, таза, ащы, кермек, жуас, жүйрік, таяз, лай, сары, шабан, қоңыр, алыс
|
Жеті, отыз, алпыс, мың, тоқсан, миллион, бесеу, отызыншы, жетпіс тоғыз, он төрт, қырық бесінші
|
Жүр, бар, оқы, бер, жаз, айт, дайындал, көр, тынық, жүгір, еңбектен, отыр, жақында, түзет, ақылдас, ойлан
|
Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қана қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыл сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін.
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |