Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Кернеуі 1 кВ дейінгі әуелік желілер монтаждау



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Кернеуі 1 кВ дейінгі әуелік желілер монтаждау. Бағананың шұңқырын 
арнайы бұрғылау машиналарын пайдаланып қазады. Бұрғылау машинасын 
қолдана алмайтын жерлерде қолдан қазады. Бұрғылау кезінде бұрғылайтын 
штанганы тігінен орналастырады. Бағананың бұрғылау өлшемін бағананың 
биіктігі, бағанаға бекітілген сымдар саны, топырақтың түрі, және де қазу 
жұмыстырының әдісіне байланысты кестеден анықтайды. Бағанаға орнатылған 


50 
жылы, реттік саны жазылады, бағананың нөмірлеу қорек көзінен бастап 
жазылады. Траверс, кронштейн және изоляторды бағананы көтергенге дейін 
орналастырады. Монтаждаудан бұрын изоляторды қарайды және ақауы болса 
тасталады, оларда жарықшақ, сызат, сынық болмауы керек. Изоляторды металл 
затпен тазалауға болмайды. Түйреуіш изоляторлар ілгекке немесе түйреуішке 
оралады. Түйреуіш изоляторлардың осі тігінен орнатылады. 
Әуелік желілер құрылысы ағындық әдіспен салынады. Сымдарды 
монтаждау бірнеше сатыда жасалады: домалату, қосу, аралық бағанаға көтеру, 
сымдарды тарту, анкерлік және аралық бағананы қосу. Сымдарды барабаннан 
трактор немесе автокөлік арқылы домалатып бір анкердегі бағанадан 
екіншісіне жүргізіледі. 
Кернеуі 10 кВ дейінгі әуелік желілерді монтаждау. Темір бетон 
бағаналарды монтаждаудан бұрын ені мен тереңдігінде, көлемі 10 мм кем емес 
қабықтар мен шұңқырды қарайды. Бағананың 1 метріне екі қабық пен 
шұңқырдан көп болмауы қажет. Шұңқыр мен қабықты цемент сұйықтықпен 
жабады. Темір бетон бағананы орнатудың негізгі әдісі - топырағы бұзылмаған 
бұрғылаған шұңқырға орнатылады. 
Әуелік желілер найзағайдан болатын асқын кернеуден қорғау үшін 
жерлендіріледі: тұрғылықты және тұрғылықты емес жердегі кернеуі 10 кВ 
дейінгі темір бетон бағаналар, найзағайдан қорғаныс құрылғысы орнатылған 
барлық кернеудегі барлық сым темір бетон және ағаш бағаналар, күштік және 
өлшем трансформаторлары орнатылған барлық бағаналар, айырғыштар, 
сақтандырғыштар және басқа қондырғылар.
Соңғы жылдары темір бетон әуелік желілер оқшауланбаған сым мен ағаш 
бағаналы әуелік желілер толығымен, өздігінен жүретін оқшауланған (СИП) 
сымдарға ауыстырылып жатыр. Әдетте, кернеуі 1 кВ дейінгі әуелік желілер 
үшін СИП әбзел түрінде төрт немесе бес оқшауланған сыммен жасалады. 
Кернеуі 10-35 кВ әуелік желі үшін изоляторлар мен істіктер арқылы бағанаға 
бекітілген бір талсымды оқшауланған сымдар пайдаланылады.
Әуелік желіде оқшауланбаған және оқшауланған нөлдік талсым 
қолданылады. СИП оқшауланған фазалық ширатылған сымдар бумасынан 
жасалған, және ұрлыққа қарсы алюминий қоспасынан және нөлдік талсымнан 
тұрады. Фазалық талсым, жоғары қысымды жарық реттегіш полиэтиленнен 
жасалған, қара түске боялған, ультра күлгін сәулеге тұрақты оқшауламамен 
жабдықталған. Механикалық жүктеме мен әсердің барлық түрі жүргізетін 
нөлдік талсымға баруы керек. Ғимарттардың кіргізілетін жеріне қимасы 16 мм
2
кем емес, магистралды желілерде қимасы 32 мм
2
кем емес СИП 
пайдаланылады. 
СИП бекіту, талсымдарын қосу және олардан таратуды арнайы 
арматураны пайдаланып жасау қажет: тіркеулік, ұстап тұратын, тартатын, 
қосатын және түйіспелі. 
Кернеуі 6-10 кВ әуелік желінің артықшылықтары: 


51 
1. Тұынушыларды электрмен жабдықтаудың үздіксіздігі және жоғары 
беріктігі (сымдардың шатысып қалуы болмайды, кездейсоқ жабу, ілу және т,б,). 
2. Қарқынды мұз қататын аймақтарда жоғары беріктік (салмағы аз және 
қардың, қыраудың, мұздың қарқындылығы төмен). 
3. Бағаналардағы сымдардың арасындағы қашықтықты азайту, сонымен 
бірге ортақ бағанаға бірге ілінген кезде. 
3. Реактивті кедергіні азайтудың арқасында электр жеткізу желілеріндегі 
электрлік шығынды жалпы азайту. 
5. Әуелік желі үшін соқпақты азайту. 
6. Ұрлық пен бүлдірушілікті азайту, себебі СИП түсті металл алу үшін 
екінші рет пайдалануға жарамайды. 
7. Өрт болу қаупі азаяды. 
8. Пайдалану барысындағы шығындардың азаюы, яғни әуелік желінің 
трассасын тазалаудың көлемін төмендету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет