Жазды Л. С. Выготский 1994 жылдың 7-10 маусымында Испанияда



бет1/12
Дата26.07.2023
өлшемі48,59 Kb.
#104798
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Егер соқыр немесе саңырау бала қалыпты дамумен бірдей болса, онда ақауы бар балалар осы басқа тәсілмен, басқа жолмен, басқа жолмен, басқа құралдармен жетеді, және педагог үшін ол баланы тудыруы тиіс жолдың өзіндік ерекшелігін білу аса маңызды», - деп жазды Л. С. Выготский
1994 жылдың 7-10 маусымында Испанияда (Саламанка қ.) ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білімі: қол жетімділік және сапа бойынша Дүниежүзілік конференция әлемде инклюзивті білім беруді енгізудің алғышарты болып табылды. Конференцияда Саламан деп аталатын ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы ұстанымдары, саясаты және практикалық қызметі туралы декларация қабылданды.
- Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.).
- Бала құқығы декларациясы (БҰҰ, 1959 ж.).
- Білім беру саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы Конвенция (ЮНЕСКО, 1960 ж.).
- Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция (БҰҰ, 1965 ж.).
- Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (БҰҰ, 1966 ж.).
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (БҰҰ, 1966 ж.).
- Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары туралы Декларация (БҰҰ, 1971 ж.)
- Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация (БҰҰ, 1975 ж.).
- Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы (БҰҰ, 1982 ж.).
- Бала құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 1989 ж.).
- БҰҰ Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі стандартты ережелері (1993 ж.).
- Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және Факультативтік хаттама (БҰҰ, 2006 ж.)


Оқыту теориясының дамуына П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, Л.С. Выготскийдің педагогикалық және психологиялық еңбектері үлкен үлес қосты. П.П.Блонскийдің оқыту процесін психологиялық негіздеу білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін зерттеуді елеулі тереңдетті. Л.С.Выготскийдің оқытудың жетекші рөлі туралы концепциясы оқытудың психологиялық негізін зерттеуде елеулі ықпал етті.
Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин және т.б. білімді игерудегі жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін, Л.В.Занковтың кіші мектеп жасындағы оқушылар даламуының жпы деңгейін қалыптастыру жолдарын, оқытудың мазмұны мен әдістерін жергілікті табиғат және баланың өмір тәжірибесімен байланыстыруды психология және педагогикалық тұрғыдан зерттеулері оқыту теориясын ерекше бағытта түседі.
XIX ғасырдың басында француз психиатр дәрегері Жан Этьен Доминик Эскироль психикалық ауруларды емдеу тәжірибесіне ән күйді қосқан.
Э.Сеген, Ж. Демор, О.Декроли, ресейлік арнайы педагогтар Л.С.Выготский, А.И. Граборов, В.П. Кащенко дамуында кемістігі бар балаларды окыту мен тәрбиелеуде өнер құралдарын пайдалану кажеттілігі туралы ойларын білдірген.
Зиятында аутқуы бар балалармен жұмыс жасауда ән күйді пайдалану ақыл-ойын, зейін тұрақтығын дамытуға мол мүмкіндік береді (С.М. Миловская, И.В.Евтушенко).
Зиятында аутқуы бар балаларға көркем өнердің әсер етуі (О.В. Гаврилушкина, И.А. Грошенков, О.В. Боровик), мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларға (Е.А. Екжанова), тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балаларға (Г.В. Кузнецова), аутистикалық жағдайдағы балалар (О.С.Никольская) сүрет салу сенсорикалық дамуына, ұсақ моторикасына, сөйлеу тіліне, қарым-қатынас дамуы арқылы жүзеге асады.
Естуінде ауытқуы бар балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктер ашады (М.Ю. Рау, Е.А. Сошина).
Ән тындау. ән-күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады (Е.З. Яхнина).
"Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы қажет", деп жазган XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.
Педагогика тарихында отбасында тәрбиелеу мәселесін Д.Дидро, Я.А. Коменский, П.Ф. Лесгафт, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский қарастырған. Барлығы баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндылықтар мен нормаларды меңгеретіне көңіл бөліп, байқаған.
Мемлекеттік ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:
1. Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг-"қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2. Скрининг нәтижесінде анықталған "қатер" тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де занды өкілдерінің келісімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын түзетушілік жқмыс.
4 Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
5. Мемлекеттік құқықтық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың орталық мемлекеттік ұйымдары жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет