«Электрмен қамтамасыз ету»


РТ-40 тоқ қосылу релесінің реттелуі мен жұмысының принципі



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі489,4 Kb.
#88102
1   2   3   4   5
РТ-40 тоқ қосылу релесінің реттелуі мен жұмысының принципі.
Өнеркәсіп орындарын электрмен жабдықтау жүйесінің (ЭЖЖ) екі бөлігі болады – ішкі және сыртқы. Сыртқы бөлігі ЭЖЖ-ң ішкі бөлігін энергожүйемен байланыстыратын ЭЖЖ 35-500 кВ тұрады. Ішкі бөлігі 1000 В кіші немесе жоғары кернеудегі қосалқы станциялардан және таратқыш тораптардан тұрады. Автоматтандырудың жоғары деңгейі ЭЖЖ-ң сыртқы және ішкі бөліктеріне тән. ЭЖЖ элементтерін автоматты басқару қажеттілігі электрмен жабдықтаудың сенімділік талаптарымен және қалыпты режимдердің бұзылуы кезіндегі процестердің жоғары жылдамдығымен сипатталады.
ЭЖЖ элементтерін автоматты басқару жеке автоматты құрылғылармен (АҚ) (сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар, реле), сондай-ақ автоматты құрылғылардың жүйелерімен (автоматты қайта қосу – АҚҚ, резервтің автоматты қосылуы- РАҚ және т.б. жүйесі) арқылы іске асады.
Автоматты құрылғылардың элементтік базасы біршама кең – электромеханикалық реледен бастап транзисторлар, микросұлбалар және микропроцессорлар базасындағы электронды құрылғыларға дейін.
Қазіргі уақытта өте кең тараған 1000 В төмен ЭЖЖ-ң автоматты құрылғылары сақтандырғыштар (С) және автоматтар (А), 1000 В жоғары тораптарда – электромеханикалық, электронды және микропроцессорлы релелер (Р), өлшеуіш трансформаторлар арқылы жалғанатын ажыратқыштар (А) болып табылады.
ЭЖЖ автоматты құрылғыларының тағайындалуы:
- зақымдалған элементтің тез өшуі;
- элемент жұмысының қалыпсыз тәртібінің тоқтауы;
- ажыратылғаннан кейін электрмен жабдықтаудың тез қалпына келуі;
- қалыпсыз тәртіптердің пайда болу сигнализациясы.
ЭЖЖ автоматты құрылғыларына қойылатын талаптар:
- селективтілік (таңдаулылық);
- жұмыс жасауының орнықтылығы;
- сенімділік.
Селективтілік – АҚ-ң қорғаныстық қабілеттілікке және шапшаң іске қосылуға байланысты зақымдалған элементтерді ғана өшіретін қасиеті.
Қорғаныстық қабілеттілік – барлық мүмкін болатын зақымдалу түрлері кезінде элементті қорғау қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет