Түрлі мүшелер электрлік белсенділігін зерттеу әдістері.
Электромагниттік факторларды қолданудың физикалық негізін және оларды қолдану осындай ФФ жататын электр өрісі мен оның потенциалын, электр тоғын, электр кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданудың ерекшеліктерімен және осындай ФФ қолданылатын медициналық құралдармен және осы тақырыптарды болашақ дәрігерлерге оқытуда басты көңіл аударатын теориялық мәліметтерді, сонымен қатар оны оқу процесінде қолданудың түрлері
Адам денесін құрайтын сұйықтар негізінен оң және теріс зарядталған бөлшектерден құралады, олай болса тірі ұлпалардың, ішкі мүшелердің потенциал көзі болуы шартты нәрсе. Тек мұндай потенциалдардың өзгеру заңдылығы тірі ағзадағы процестерге, оның ішінде жүректің, мидың, бұлшық еттің, қан тамырланының, т.б. физиологиялық күйіне тікелей байланысты болуында. Осыған байланысты жүрек еттерінің қозуы кезінде пайда болатын потенциалдар айырымын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ), ал осы өзгерістің графигін электрокардиограмма деп атайды.
Жүрек биопотенциалын пайда болуы мен оны өлшеудің теориясын 1903 жылы ұсынған. Голландық ғалым В.Эйнтховен болатын. Ол жүректі, уақыттың өтуіне сәйкес кеңістікте айналып тұрған электрлік диполь ретінде, яғни «диполь-жүрек» түрінде қарауды ұсынды және жүректің электрлік осі «диполь-жүрек» осімен сәйкес келеді деп саналды. Осындай диполдың айналысындағы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымының шамасы сол уақыт моментіндегі диполдың кеңістіктегі орналасуына тікелей байланысты болады, олай болса уақыт өтуіне байланысты «диполь-жүрек» потенцилының шамасы белгілі бір заңдылықпен өзгереді және оның пішіні(графигі) арқылы жүректің физиологиялық күйін сипаттауға болады. Жүрек биопотенциалының шамасы өте аз 0,1-1,5 мв, ұзақтығы 0,04 – 1,0 с, жиілігі 10-200 Гц аралығында болғандықтан, оны тіркеуде сезімталдығы өте жоғары күшейіткіштер қолданылады. Сондықтан ЭКГ күшейткіштеріне өте үлкен талаптар қойылады, ол барлық сигналдарды бірдей, жиілігі мен формасын бұрмаламастан күшейтуі тиіс, бұл шарт орындалмаған жағдайда алынған ЭКГ сигнал арқылы дәл диагноз қою мүмкін болмайды. Осы тақырыптарды өткенде электрокардиограммадағы P, Q, R, S, T және U тістер жүйесінің пайда болуының жүрек циклдарына сәйкестігін ашып көрсетуге басты назарды аудару қажет, сонымен қатар қалыпты және ауытқуы бар ЭКГ салыстыру қажет. Потенциалды өлшеуге қажетті электродтарды адам денесіне: стандарты, кеуделік және күшейтілген деген түрде орналастырады . Жүрек, қан тамырлары жүйесінің, т.б. көптеген ауруларды диагностикалауда ЭКГ негізі және басты әдіс болып саналады.
Жүректің ишемиялық ауруын, жүрек ритмнің бұзылуын, т.б. тек осы әдіспен анықтайдыЭКГ бір немесе көп каналды болып бөлінеді. Бір каналды ЭКГ-та сигнал әр тармақ бойынша кезекпен жазылады, ал көп каналды ЭКГ-да барлық тармақтардан келген сигналдар бір мезгілде жазылады, сонымен қатар ЭКГ- та басқа да мәліметтер жазылуы мүмкін, ал қабылданған ЭКГ-ні компьютердің арнаулы бағдарламасы талдайды, алынған мәліметтерге сәйкес тиісті диагнозды ұсынады, оны толықтыру, тиісті өзгертулерді енгізу дәрігердің міндеті.
Ми биопотенциалдарын өлшеу әдісін электроэнцефалогафия (ЭЭГ) деп атайды. Бұл әдісте, бастың тері қабатына орнатылған көптеген электродтар арқылы ми қыртысының қызметі нәтижесінде пайда болатын постсинаптикалық потенциалдарды өзгерісін жазу деп, ал оның графигін электроэнцефалограмма деп түсіну қажет. ЭЭГ сигналының жиілігі 1-125 гц, потенциалы 5-150 мкВ аралығыда жатады. ЭЭГ кезінде жазылған сигналдарды жиіліктеріне, амплитудасына және фазасына сәйкес мынандай түрлерге бөледі: альфа ритмді, оның жиілігі 8 -13 Гц, потенциалы 40-70 мкВ; бета ритмді, оның жиілігі 13-35 Гц, потенциалы 10-30мкВ; гамма ритмді, оның жиілігі 40-100 Гц, потенциалы 10-20 мкВ тең болады. Сонымен қатар 1-3 Гц, амплидудасы 50-150 мкВ сигналды дельта ритмді; жиілігі 3-8 Гц, ампитудасы 50-100мкВ тета ритмді деп атайды және мұндай сигналдар арқылы адам миының физиологиялық күй сипатталады. Мысалы, қалыпты күйдегі адам миының ЭЭГ-да альфа ритмі басым болып, оны сыртқы тітіркендіргіш жарық көзі арқылы тежеуге болады, ал бета, гамма ритмдерінің пайда болуы ми қыртысы нейрондарының қозуынан деп есептелінеді.
ЭЭГ арқылы мидың, бас сүйектің зақымдануын анықтауда, инсульт, эпилепсия, психикалық жағынан дамудың тежелуі т.б. ауруларды диагноздауда қолданылатын негізгі әдіс болып саналады. Тірі ұлпа немесе биологиялық денелерде электр өткізгіштік пен диэлектриктік қасиет қатар байқалады
Достарыңызбен бөлісу: |