Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар



бет32/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
31. Апертуралық антенналар.

Жалпы антенналар сәуле шығару тәсіліне қарай 3 негізгі топқа бөлінеді: сызықты, апертуралы және беттік толқын антенналары.

Апертуралық антенналар – апертура деп аталатын бет арқылы сәуле шығаратын антенналар. Апертурада қуат көзі желісінде таралатын энергия сәуле шығару энергиясына түрленеді. Апертураның өлшемі әдетте толқын ұзындығынан едәуір артық болады. Апертуралық антеннаның сәуле шығару сипаттамалары негізінен апертурадағы электромагниттік өрістің құрылымымен анықталады. Апертуралық антенналарға жататын антенналар: рупорлы, линзалы және айналы антенналар. Апертуралық антенналар радиолокационды антенналардың негізгі түрі болып табылады.

Бұл типтегі антенналардың сипаттамалық ерекшелігі: апертуралық антенналарда сәуле шығаруға жоғары жиіліктегі токтар ағып өтетін біршама үлкен өткізгіш беттер қатысады. Беттегі токтар нүктеден нүктеге ауысатын әртүрлі бағытқа ие бола алады.

Апертуралық антенналар – бұл беттік токтары бар антенналар. Сым антенналардан құрылымы, сәуле шығару тәсілі және әрекет ету принципі бойынша айтарлықтай ажыратылады. Сым антенналар сызықты токтары бар антенналар болып табылады.

Апертуралық антенналар аса жоғары жиілік диапазондарында қолданылады. Толқын ұзындығының аздығы өлшемі толқын ұзындығынан біршама көп болатын антенналарды құрастыруға мүмкіндік береді. Демек едәуір кіші өлшемдегі үшкір бағытталған антенналарды да құруға болады. Сонымен қатар, антеннаның арнайы тағайындалуымен анықталатын ерекше формадағы бағытталу диаграммасы бар антенналарды да құрастыруға болады.

Антенналардың кіші өлшемдері оларды антеннаның бір бөлігін басқа бір бөлігіне қатысты орнын ауыстыруға немесе тіпті бағытталу диаграммасының айналу мақсатымен түгел антеннаны айналдыруға болатындай жылдам қозғалатын етіп жасауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет