«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен


сабақ. Айнымалы ток машиналары



бет25/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
17 сабақ. Айнымалы ток машиналары.


Құзыреттілік:
Ақпараттық: Айнымалы ток машиналарына жататын асинхронды машиналар туралы түсінік беру;
Коммуникативтік: Асинхронды машиналар құрылысы мен практикада қолдану аясын білу
Мәселелерді шешу: Айнымалы токты сипаттайтын теңдеуді анықтау
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Қолданылатын технология: Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор, слайдтар жинағы, электрлік аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012ж


Әдістемелік нұсқау.
Қазіргі кездегі технологиялық үрдістерде электрлік машиналар автоматикада, трнаспортта тұрмыстық техникада кеңінен қолданады. Электрлік машиналардың асинхронды, синхронды түрі болғандығына және оларды жүргізу әдістерімен, қолдану жолдарымен, олардың энергияны басқа түріне түрлендірген кезде электрлік жетек түрлерін, басқару және қорғау аппараттары мен таныстыру қажет.
Дәріс
Электр қозғалтқыштарының ішінде ең көп тарағаны үш фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады. Бұл қозғалтқышты бірінші рет белгілі орыс электригі И. О. Доливо-Добровольский құрастырған. Кез-келген айнымалы ток машинасы сияқты синхронды қозғалтқыш екі негізгі бөліктен: статордан және ротордан тұрады.
Статор деп машинаның қозғалмайтын бөлігін, ал ротор — оның айнымалы бөлігін атайды. Айнымалы токтың көп фазалы жүйесі айналмалы магнит өрісін туғызады. Егер ротордың айналу жылдамдығы магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең болса онда мұндай жылдамдықты синхронды жылдамдық деп атайды.
Егер ротордың айналу жылдамдығы магнит өрісінің айналу жылдамдығна тең болмаса онда мұндай жылдамдықты асинхронными жылдамдық деп атайды. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысы «Агро-Ленц дөңгелегі» деп аталынған құбылысқа негізделген. Бұл құбылысты |былай түсіндіруге болады, егер тұрақты магнит полюстерінің алдына осьте еркін отыратын мыстан жасалған дөңгелекті 1 орналастырып, магнитті тұтқасы 3 арқылы өз осінің бойымен айналдырсақ, онда мыс дөңгелек сол бағытта айналады, өйткені магнитті айналдырғанда оның магнит өрісі дөңгелектен өтіп онда құйынды токтар туғызады.
Статордың айналмалы өрісі ротор орамасының өткізгіші сымдарын кесіп өтіп оларда ЭҚК-терін индукциялайды. Ротор ормасындағы ток пен статор орамасының айналмалы магнит өрісін өзара әрекеттесуі нәтижесінде айналмалы момент пайда болады. Айналмалы момент роторды магнит өрісінің айналу бағытымен айналдыра бастайды.
Статордың өзекшесі қалыңдығы 0,35 немесе 0,5 болат тіліктерден (пластиналардан) жиналады. Тіліктерді штамптау арқылы алады, олардың ішкі жағында ойықтар (паздар) салынған. Құйынды токтан болатын шығынды азайту үшін тіліктерді лакпен немесе тотықтырылған қабыршақпен оқшауламайды, одан әрі жеке дестеге жинайды да қозғалтқыштың станинасының табанының ішіне бекітеді. Станинаның екі жақ бүйіріне қалқандар бекітіледі. Станинаны фундаментке орналастырады.
Орама түріне байланысты асинхронды машиналар фазалық және қысқа тұйықталған роторлы болып екіге бөлінеді.
Ротордың қысқа тұйықталған орамасы тиын дөңгелегі тәрізді етіп жасалынады Ротор науашаларына шомбал стерженьдер салып оның екі жақ ұштарын мыстан жасаған сақинамен қосады. Қысқа тұйықталған ораманы көбінесе алюминийден жасайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Генератор дегеніміз не?
2. Қозғалтқыш дегеніміз не?
3. Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы ?
4. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс принципі ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет