«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет20/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
e-Blv sin a.
50-суретте біртекті магнит өрісінде, біркалыпты жылдамдықпен айналған генератор орамының түрліше орналасу жағдайы көрсетілген. Алгашқы / қалыпта орам магнит ағынының бойымен ауысады, Демек, орам магнит сызықтарын қимайды, қозғалыс бағыты мен магнит ағынының бағыты арасындағы бұрыш нольге тең, ал sin 0о=0. Сондықтан орамда индукцияланатын электр қозғаушы күш те e=Blv sin 0°=0.
Орам айнала отырып 2 қалыптан келесі 3 қалыпқа көшеді де магнит ағыны α=1800 бұрыш жасай қияды. Бұл 2 қалыптан 3 қалыпқа ауысқан кезде электр қозғаушы күш біртіндеп азаяды, 3 қалыпқа жеткен кезде нольге тең болады, өйткені орам магнит ағынын қия алмайды;sin1800=0 және e=Blv sin1800=0
Оң қол ережесін қолдана отырып магнит өрісінде шеңбер бойымен орам l қалыптан 2 қалыпқа ауысқан кезде орамның электр қозғаушы күшінің бағытын анықтаймыз. Э. қ. күші бізден чертеж жазықтығының сыртында бағытталған болады. Э. қ. күштің бүл бағытын оң бағыт деуге келісейік.
Одан әрі орам айнала отырып, кезекте тұрған 4,5 қалыптардан өтіп алғашқы 1 қалыпта қайтып келеді. Орамдағы э. қ. к. бұл жағдайда біртіндеп ұлғая отырып, 4 қалыпта барынша үлкен (a=2700) болады, содан кейін э. қ. к. азая бастайды да, 5 қалыпта тағы да нольге тең болып шығады (sin3600=0). Одан әрі қарай э. қ. күштің өзгеру процесі қайталана береді.
Оң қол ережесін қолдана отырып, орамның айналысының екінші жартысында онда пайда болатын э. қ. күші өзінің бағытын өзгертеді де, бізге қарай бағытталған болады. Э. қ. күштің бұл бағытын теріс деуге келісейік.
Орамда пайда болатын э. қ. күшінің магнит өрісінде айналу бұрышына тәуелді өзгеру графигі 51-суретте келтірілген.
Синусоида бойымен өзгеретін электр қозғаушы күш синусоидалы э. қ. күш деп аталады. Осындар э. қ. күш әсерінен электр тізбектерінде синусоидалы айнымалы ток пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет