112
ұсыну болды. Ол дереу жұмысқа кірісіп
кетті. Үйінен қуылған оған Лондонға келіп
біраз уақыт осы жерде еңбектенуге тура
келді. Бірақ папалықтардың қаһары оны
тағы да қашуға мәжбүр етті. Сол себепті
ол бұл жерде де көп тоқтала алмады. Оған
барлық Англияда жер қалмағандай болды.
Сөйтіп ол Германияға кетуге шешім
қабылдады. Осы жерде ол Жаңа Өсиетті
баспадан өткізіп дайындамақшы болды.
Кедергілердің салдарынан жұмысы екі рет
тоқтатылды. Бір қалада оған баспамен
жұмыс жасауға тыйым салынғанда, ол
басқа қалаға аттанды. Ақыры ол, кезінде
Лютер сеймнің алдында тұрып Ізгі
хабарды қорғаған көне қала — Вормске
келді.
Бұл
жерде
реформацияның
жанашырлары көп болғандықтан Тиндаль
өз еңбегін еш кедергісіз жалғастыра берді.
Біраз уақыттан соң Жаңа Өсиеттің үш
мың
данасы
дайын
болды.
Баспа
жұмыстарын
әрі
қарай
жалғастыру
қажеттігі
туындады.
Сондықтан
ол
табанды түрде өз ісін жалғастырды.
Ағылшын басшыларының қырағылығына
қарамастан, Құдай сөзі порт арқылы
құпия жолдармен Лондонға жеткізіліп, ол
жерден барлық елге тарады. Папалықтар
ақиқатты тұншықтырып құртамыз деген
ойда болғандарымен, олардың ойлары іске
аспай қалып жатты. Бірде Дархэм деген
жердің
епископы
кітап
сатушы
Тиндальдың досынан Киелі Кітаптың
барлық данасын сатып алды, сөйтіп
реформация ісіне кедергі жасаймын деп
ойлады. Бірақ бәрі оның ойлағанындай
емес,
керісінше
болды.
Алғашқы
даналардың сатылған ақшасына қайра
жақсартылып өңделген кітаптар басылып
шықты.
Тиндаль қамауда жатқан кезінде: «Егер
Киелі
Кітапты
басып
шығару ға
көмектескен адамдардың аттарын айтсаң,
бостандыққа шығарыласың» — деген уәде
берілді. Дархэм қаласының епископы
бәрінен де артық көмегін берді. Ол бас
кезінде
шыққан
кітаптарды
сатып
алмағанда, біздің әрі қарайғы еңбегіміз
соншалықты жемісті болмаған болар еді —
деп жауап берген болатын ол. Тиндаль
жауларының қолына түсіп, азаптанып
өлтірілді, бірақ оның қалдырған қаруы
келесі
жауынгерлерге,
тіпті
біздің
уақытымызға дейін ақиқат жолында
шайқасып
жүргендерге
көп
көмегін
тигізді.
Мінбеден сөз сөйлеген Латимер: «Киелі
Жазба әр халықтың өз тілінде оқылуы
керек.
Киелі
Кітаптың
авторы
—
Жаратушы Құдай, ал Оған бағынбайтын
бірде бір патша, бірде бір император жоқ.
Біз де айналшықтай бермей, өз өмірімізде
Киелі Кітапты басшылыққа алуымыз
керек. Ата — бабаларымыздың жолымен
жүрмей, олар жүруге тиісті болған жолмен
жүрейік» — деген болатын. Тиндальдың
жақын
достары
Барнс
пен
Фрайт
ақиқатты
жақсы
қолдады.
Олардың
өнегесі бойынша Ридлиз бен Крэнмер де
о с ы
ж о л ғ а
т ү с т і .
А ғ ы л ш ы н
реформациясының
басшылары
өте
ақылды және дарынды жандар болған
және олардың кейбіреулеріне католиктер
шіркеуі құрметпен қараған. Олардың
«киелі тақтың» адасушылықтарымен таныс
болуы, папалыққа қарсы шығуларына
себеп
болды.
Бабылдың
құпияларын
жақсы білгендіктері оның заңсыз істерін
әшкерелеуде көп көмегін берді.
Л а т и м е р
у а ғ ы з д а у
к е з і н д е
тыңдаушыларына былай деп сұрақ қойған
болатын: «Барлық Англия бойынша ең
ынталы епископ және прелат кім деп
ойлайсыздар?». Жауабын естуге асығып
тұрған боларсыздар. Қойылған сұраққа
мен өзім жауап берейін. Бұл — албасты.
Ол
өзінің
епархиясын
ешқашан
қалдырмайды. Ол үнемі үйінде, үнемі
еңбектену үстінде. Ол ешқашан жай қарап
отырмайды.
Ібіліс
орныққан
жерде
кітаптар жойылады, орнына майшамдар
жағылады. Киелі Кітап жоғалады, есесіне
ташпықтар пайда болады. Халық Ізгі
хабардың жарығынан тасаланып қалады.
Папа тал түсте майшамын жағады. Ол
Құдайға сенушілерді бітеудей тонау үшін
Мәсіхтың айқышын аяқ асты қылып,
тазартқыштың
мәртебесін
көтереді.
Мүгедектер мен мұқтаждарға жәрдем
бергеннің орнына, табынатын пұттарын
сәндейді,
адамның
шығарған
заңын
бекітіп, Алланың заңын алып тастайды.
Албасты
арам
Достарыңызбен бөлісу: