Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет31/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Ишая  55:8-9,  46:9-10).  Тіпті  Киелі  Рухпен 
шабыттанған  пайғамбарлардың  өздері, 
ғасырдан  ғасырға  қажетіне  сай  Құдай 
халқына    айтылуға  тиісті  болған  өз 
хабарларындағы  кеңес  пен  насихаттың  
қаншалықты  маңызды  екенін  түсіне  бер-
меген. 
Петір 
Ізгі 
хабар 
сыйлайтын 
құтқарылу  туралы  айта  отыра  былай  деп 
жазады:  «Құдайдың  сендерге  беретін 
рақымы 
туралы 
алдын 
ала 
айтқан 
пайғамбарлар  кезінде  осы  құтқарылу 
жайында  мұқият  ізденіп,  зерттейтін. 
Оларға  дарыған  Мәсіхтың  Киелі  Рухы 
Оның  төзуге  тиісті  азаптары  және  бұған 
жалғасатын  салтанатты  ұлылығы  жөнінде 
алдын ала хабарлағанда, пайғамбарлар бұл 
оқиғалардың  қалай  және  қай  уақытта  бо-
латынын  білуге  тырысты.  Бірақ  оларға 
оларға  осы  пайғамбарлық  қызметтерін 
өздері 
үшін 
емес, 
сендер 
үшін 
атқарғандықтары  білдірілді.  Ал  қазіргі 
замандауағыздаушылар  Мәсіх  туралы  Ізгі 
хабарды  көктен  жіберілген  Киелі  Рухтың 
жетелеуімен  сендерге  әкелді.  Осы  тамаша 
хабарға  тіпті  періштелер  де  қызығып, 
түсінуге  ұмтылады»  (Петірдің1  хаты  1:10-
12).  Пайғамбарлар  өздеріне  берілген  аян-
дарды  толық  түсінбегендерімен,  өздеріне 
түскен 
жарықты 
толық 
қабылдауға 
тырысқан.  Олар  бойларындағы  Мәсіхтың 
Рухы  «қай  уақытқа  және  қанша  уақытқа 
нұсқап  тұрғанын»,  «іздеген    және  зертте-
ген».  Мәсіхшылар  дәуірінде  өмір  сүрген 
Құдай халқы үшін ұсынылған бұл аяндар-
да 
қандай 
сабақ 
берілген. 
Оларға 
солардың  өздері  үшін  емес,  біз  үшін 
берілген  және  уағыздалған  аян  ашылған. 
Бұл  сақабалар  өздеріне  түсіп  тұрған 
жарықты  болашақтағы  ұрпақтары  үшін 
тиянақты  түрде  зерттеп,  оны  кейінгілерге 
шабыттана 
отырып 
сүйіспеншілікпен 
жеткізе білген. Сол туралы ойланыңыздар. 
Олардың  киелі  құлшыныстарын  көктің 
сыйына 
немқұрайдылықпен 
қарайтын 
кейінгі ғасырлардың Мәсіхшыларымен са-
лыстырып  көріңіздер.  Көктен  түскен  сый-
ды  дүниенің  қызығына  салынып  алған 
қазіргілер 
қалай 
қабылдайды? 
Олар, 
аяндардың мағынасын түсіну мүмкін емес 
дейді және соған өздері риза. Ұят емес пе?  
Шектеулі адамға, әр қайсысына өзіне ғана 

156 
 
тән  пайызбен  жұмыс  жасайтын  миымен 
Құдайдың  жоспарын  ұғу  қиынға  соғады. 
Соған 
қарамастан 
Құдайдың 
берген 
жарығын  қабылдамаудың  бірден  бір 
себебі,  адам  ойының  шектеулілігі  емес, 
оның немқұрайдылығы мен адасушылығы. 
Өйткені 
адамдар, 
тіпті 
Құдайдың 
қызметкерлерінің  өздері  кей  кездері  өз 
пікірлері,  аңыз  болған  әңгімелер,  жалған 
ілімдердің қармағына ілігіп, Құдай Сөзінде 
жазылған  ақиқатты  шамалап  қана  ұғады. 
Дәл  осылай    Иса  Мәсіхтың  оқушылары 
Ұстаздары  жанында  болған  кезде  айтқан 
сөздерін  дұрыс  ұққан  жоқ.  Олар  жердің 
патшалығы  туралы  ойлап,  енді  біздің 
ұстазымыз  патша  сайланып,  Ысрайыл 
дүниеге билік құрады деп мәз болды және 
олар  алда  Мәсіхты  күтіп  тұрған  қасірет 
пен өлім барын білген жоқ. Ғайса Өзі олар-
ды: 
«Енді 
уақыт 
жетіп, 
Құдайдың 
патшалығының  жер  бетіне  орнайтын  кезі 
таяп  қалды.  Теріс  жолдан  тайып,  Құдай 
жолына 
түсіп, 
Ізгі 
хабарды 
қабыл 
алыңдар»    деген  хабармен    жұмсады 
(Марқа  1:15).  Бұл  хабар  жайлы  Даниял 
пайғамбарының  кітабының  тоғызыншы 
тарауында  жазылған.  Періште  айтқан  ал-
пыс  тоғыз  рет  жеті  мерзімі  Мәсіх  Исаға 
дейінгі уақыт аралығы болатын және айту-
лы  патшаның  келуін  Оның  оқушылары 
қуана  —  қуана  күтті.  Олардың  ойынша 
Елші  келіп,  Иерусалимде  таққа  отырып, 
дүние жүзіне патшалық етуге тиісті болды.  
   Оқушылар  Исаның  тапсырмасын  орын-
дап,  жеткізіңдер  деген  хабарын  жеткізді, 
бірақ  сол  хабардың  мағынасын  өздері 
білмеді.  Өз  уағыздарында  олар  Даниял 
пайғамбарының  тоғызыншы  тарауының 
жиырма  бесінші  өлеңінде  берілген  аянға 
сүйенді, 
ал 
Мәсіхтың 
өлімі 
туралы 
жазылған  келесі  өлеңге  көңіл  аударған 
жоқ.  Патшалардың  Патшасының  қандай 
жоспары барын олар біле алмады. Өйткені 
олар  бала  кездерінен  бастап  жердегі 
патшалықтың  ұлылығын  ғана  мойындап 
келген  болатын.  Сол  себепті  олар  Исаның 
айтқан  сөзін  де,  аянның  мағынасын  да 
түсінген 
жоқ. 
Оқушылар 
өздеріне 
жүктелген  міндетті  орындап,  яхудейлерге 
келетін құт береке жайлы хабарлап болған 
соң,  өздерінің  Ұстаздарының  Дәуіттің 
тағына  отыратынын  көреміз  деп  ойлады. 
Б і р ақ  
о ның 
о р ны на 
шәк і рт т е р 
Ұстаздарының 
келеке 
мазақ 
болып, 
өтірікші  деп  айыпталып,  ақыры  айқыш 
ағашқа  керілгенінің  куәсі  болды.  Осы 
кездері  олар  қатты  қайғыдан  құса  болды. 
Мәсіх  Аянда  берілген  уақытта  дүниеге 
келді. Оның қызметінің барлық кезінде де 
Киелі Жазбада берілген куәліктер орындал-
ды.  Ол  құтқарылу  хабарын  уағыздады 
және  «билікпен  сөйледі».  Тыңдаушылары 
мойындағандай  бұл  хабар  көктен  келген 
болатын.  Мәсіх  Исаның  көктен  келген 
Елші  екенін  Құдай  Сөзі  мен  Оның  Рухы 
р а с т а д ы .  
К ү й з е л і с к е  
ұ ш ы р а п , 
қобалжығандары 
соншалықты, 
олар 
Исаның оны күтіп тұрған қасірет пен өлім 
бары  жайлы  айтқан  сөздерін  ұмытып  та 
кетті. Егер Назареттен шыққан Мәсіх Иса 
Елші  болса,  олар  осылай  қайғыруға  тиісті 
ме  еді?  Тірілетін  жексенбінің  алдындағы 
мұңды  сенбі  күні  Құтқарушы  бейітте 
жатқанда, оқушыларының жанын жегідей 
жеген осы ой болды.  
  Сол  қайғылы  түн  оларды  түнекке  орап 
тастағанымен, 
Құдай 
шәкірттерін 
қалдырған  жоқ.  Ол  жайында  пайғамбар 
былай  деп  жазады:    «Мен  түнекте 
тұрғаныммен,  Алла  менің  жарығым.  Ол 
мені  түнектен  шығарып,  Өзінің  ақиқатын 
көрсетеді». 
«Мен 
соқырларды 
олар 
білмейтін  жолдармен  жетелеймін,  түнекті 
жарыққа  айналдырамын,  қисық  жолда-
рын 
түзетемін, 
ешқашан 
оларды 
қалдырмаймын»  —  дейді  біздің  Жарату-
шымыз 
(Миһ.7:8,9; 
Забур 
жыры 
138:12;111:4;  Ишая  42:16).  Оқушылардың 
жариялаған  Ізгі  хабары  түп-түгел  шын 
және  сол  кездері  ол  нұсқап  тұрған 
оқиғалар  болып  жатты.  «Уақыт  толды, 
Құдай  патшалығы  жақындады»  —  деген 
болатын  олар.  Даниял  пайғамбарының 
кітабының 
тоғызыншы 
тарауындағы 
Мәсіх  Исаға  дейінгі  алпыс  тоғыз  рет  жеті 
мерзімі өткеннен кейін, Мәсіх Иса Иордан 
өзенінде  Жохан  пайғамбарының  қолынан 
шомылу  рәсімінен  өтіп,  Киелі  Рухпен 
майланған 
болатын. 
Ал 
оқушылар 
уағыздаған  «Құдай  Патшалығы»  Мәсіхтың 
өлімімен  орнады.  Бұл  арада  жердегі 
патшалық  туралы  емес,  тіпті  киелілер 
келіп Жаратушыларының алдында қызмет 
ететін  көктегі  мәңгілік  патшалық  туралы 
да  айтылып  тұрған  жоқ  (Даниял  7:27). 
Киелі 
Кітапта 
сөз 
болатын 
«Құдай 
патшалығы» 
бұл 
игілік 
және 
даңқ 
патшалығы.  Ол  туралы  елші    Пауыл    ев-

157 
 
рейлерге  жазған  хатында  айтады.  Біздің 
әлсіздігімізді 
түсінетін 
мейірімді 
Аратүсушіміз 
Мәсіхқа 
мезгей 
отыра 
пайғамбар былай деп жазады: «Сондықтан 
береке  мен  бірлік  тағының  алдына 
өжеттене  келейік,  өйткені  осы  жерде  біз 
мейірімділік  пен  игілікке  бөленеміз»  — 
дейді пайғамбар (Еврейлерге жазылған хат 
4:16). Сонымен игілік тағы дегеніміз игілік 
патшалығы,  өйткені  тақ  дегеніміздің  өзі 
патшалық.  Мәсіхтың  Өзі  көптеген  мысал-
дарында  адамдардың  жүректеріне  әсер 
ететін  Құдайдың  игілігіне  көңіл  аударту 
үшін  «Аспан  патшалығы»  деген  сөзді  пай-
даланады.  Сонымен  даңқ  тағы  дегеніміз 
даңқ патшалығы және Құтқарушымыздың 
сөзінен  осы  патшалық  туралы  естиміз: 
«Періштелерімен бірге даңққа бөленіп сал-
танатты  түрде  Адамзат  Ұлы  келген  соң 
атақ  тағына  отырады  және  Оның  алдына 
барша халық жиналады» (Матай 25:31,32). 
Бірақ бұл болашақта орнайтын патшалық. 
Ол  патшалық  Мәсіх  Иса  II  рет  жер  бетіне 
келмейінше орнамайды. Игілік патшалығы 
адам  баласы  ең  алғаш  рет  күнә  жасап, 
кінәлі болған адамзатты құтқару жоспары 
құрылып  жатқан  кезде  орнаған  болатын. 
Ол  кезде  сөз  болып  отырған  патшалық 
құрылған  жоспарға  сай  және  Құдайдың 
уәдесінің  арқасында  бар  болды,  ал  адам-
дар 
өздерінің 
сенімдерімен 
сол 
патшалықтың азаматтары болып саналды. 
Бірақ  Исаның  өлімі  ғана  бұл  патшалықты 
толық  бекітті.  Исаның  жердегі  қызметі 
басталғаннан  кейін  де  еш  ризашылығы 
жоқ, 
бір 
беткей 
надан 
халықтан 
шаршаған Ол Голгофа құрбандығынан бас 
тартуына  болушы  еді.  Егер  де  Мәсіх  Иса 
Гефсимания  бағында  барлық  адамзат 
баласының 
күнәсін 
арқалап, 
жаны 
қиналып, 
зұлымдықтың 
тостағаны 
қолында 
дірілдеп 
тұрған 
сәтте, 
маңдайынан  төгілген  қанды  терді  сыпы-
рып тастап, адамзат өзі жасаған күнәсінің 
ауыртпалығын  өзі  көтерсін  десе,  біздер 
үшін  қазір  жұмақтың  есігі  жабық  болған 
болар  еді.  Бірақ  Иса  ауыртпалықты 
көтерді,  Ол  адамзаттың  құрбанына  айна-
лып,  айқыш  ағашқа  керіліп,  ақырғы 
демінің алдында «Орындалды» деген кезде, 
дәл  осы  сәттен бастап  адамзатты  құтқару 
жоспары  орындала  бастады.  Сонау  Бейіш 
бағында күнәға батқан жұбайларға берген 
уәдесін Құдай орындады. Аян ретінде ғана 
беріліп  тұрған  уәделі  игілік  патшалығы 
енді  орнады.  Шәкірттері  үміттерінің  бір 
жола  сөнгені  секілді  көңілдері  құлазып 
қабылдаған  Ғайсаның  өлімі,  керісінше 
олардың 
үміттерін 
шыңдады 
және 
әділдіктері мен сенімдерінің мықты дәлелі 
болды.  Қасіретке  толы  бұл  оқиға  әр  бір 
ғасырларда  өмір  сүріп  жатқан  Адамның 
ұлдары  мен  қыздарына  мәңгіліктің  есігін 
ашты.  Және  ол  барлық  замандардағы  
имандылардың  мәңгілік  өмірінің  орталық 
нүктесі болмақ.  
Исаның    оқушыларының  көңілдерінің 
суығандарына 
қарамастан 
Шексіз 
мейірімділік  ылғи  көрініп  отырды.  «Мына 
адам  секілді  ешқашан  ешкім  сөйлеп 
көрген  емес»  —  деп  Құтқарушы  жайлы 
айтылған  ілімнің  күші  оқушылардың 
жүректеріне  әсер  етіп,  Алланың  игілігі 
оларды  баурап  алғанына  қарамастан, 
ш ә к і р т т е р д і ң  
Ғ а й с а ғ а  
д е г е н 
сүйіспеншіліктерінің  таза  алтынына  бұл 
ө м і р д і ң  
м а қ т а н ш а қ т ы ғ ы  
м е н 
өркөкіректігінің өтірігі араласты. Тіпті сол 
бір салтанатты сағатта Құтқарушыларына 
Ге ф с им ания ны ң 
кө ле ңк ес і  
т үс і п 
тұрғанның 
өзінде: 
«кімнің 
мәртебесі 
көтеріңкі»  деп,  олар  бір  бірлерімен  тайта-
ласумен болды (Лұқа 22:24). Шәкірттер тақ 
жайлы, тәж жайлы, атақ жайлы армандап 
жатқан 
кездерінде 
оларға 
керісінше 
қасірет,  жан  азабы,  сот  сарайы  және 
айқыш  ағаш  жақын  тұрған  болатын. 
Исаның  оқушылары  Оның  сөздерінің 
мағынасына терең ой жүгіртіп ойланбады. 
Олардың 
ойлағандары 
жер 
бетінің 
байлығы  болатын:  «атақ  пен  даңқ,  кім 
кімнен  жоғары  болады,  кім  кімнен  озып 
түседі»  —  деген  ниетте  жүретін.  Осындай 
к ү н ә к а р  
о й л а р д ы ң  
қ а м а у ы н д а 
жүргендіктен,  олар  көп  қасірет  шекті. 
Құдайдың  сөзін  толық  ұқпағандарымен, 
Оның  бұйрығын  орындап,  Ізгі  хабарды 
уағыздағандары үшін Алла оларға Өз бата-
сын  берді.  Енді  олар  Исаның  өліп,  үш 
күннен кейін қайра тірілгені жайлы хабар-
ды  баршаға  таратулары  керек  болды.  Дәл 
осы  жұмыс  үшін  Құдай  оларды  сынақтан 
өткізіп  шыңдады.  Иса  қайра  тірілгеннен 
кейін Еммаусқа қарай бет алып кетіп бара 
жатқан  оқушыларына  жолықты.  Осылай-
ша Мұса пайғамбардың заманынан бастап 
Ө з і  
ж а й л ы  
а й т ы л ғ а н  
х а б а р д ы 
оқушыларына  ұғындыра  бастады  (Лұқа 

158 
 
24:27).  Сол сәтте оқушылардың жүректері 
дір  ете  түсті,  сөйтіп  олардың  сенімдері 
жаңарып  сала  берді.  Өзі  ұғындырып 
бергендіктен емес, рәміздерде және бейне-
леме  заңның  тасасында,  сондай-ақ  Көне 
Өсиеттің аяндарында даусыз дәлелдемелер 
беріліп  тұрғандықтан  Иса  оқушыларының 
жүректерінде 
ақиқаттың 
мәңгілік 
таңбаланып  қалғанын  қалады.  Ғайсаның 
шәкірттері  өздері  ғана  саналы  сенімге  ие 
болып  қоймай,  Ол  туралы  ілімді  күллі 
әлемге 
жариялауға 
тиісті 
болды. 
Оқушылар 
өз 
көздерімен 
көріп, 
өз 
қолдарымен ұстаған сияқты айғақтарға ие 
болулары  керек  еді.  Сол  себепті  де  Иса 
оларға 
Көне 
Өсиеттегі 
жазудың 
құндылығы  мен  маңыздылығына  олардың 
көңілін аударды.  Енді оқушылар өздерінің 
сүйікті  Ұстаздарының  ежелгі  Мұса  және 
басқа  да  пайғамбарлар  жазып  кеткен 
«Тұлға»  екеніне  көздері  жетіп,  әлемнің 
Құтқарушысымен бетпе-бет кездескен кез-
де, жандары жайдарыланып кетті.  Солай 
олардың жүректерінде айнымас сенім пай-
да  болды.  Иса  көкке  көтеріліп  кеткеннен 
кейін де, олар үнемі ғибадатханада жина-
лып,  Құдайдың  есімін  мадақтап  отырды. 
Мәсіхтың  масқара  өіммен  өлгенін  ғана 
білетін  адамдар,  Оның  шәкірттерінің 
жүзінен қайғы мен мұңды көруге асықты, 
б і р а қ  
к е р і с і н ш е  
қ у а н ы ш  
п е н 
ризашылықты  ғана  көре  алды.  Алдағы 
жұмысқа  олар  жақсы  дайындалды.  Олар 
мықты  сынаққа  түсіп,  енді  бәрі  бітті-ау 
деген 
к ездері нде 
Алланы ң 
Сөзі 
жеңімпаздана  отыра  орындалды.  Осыдан 
кейін  олардың  сенімдеріне  қалайша  дақ 
салынып,  қалайша  сүйіспеншіліктерінің 
жалыны  өшпек?  Қайға  мен  қасірет 
уақытында  олар  жандары  үшін  қауіпсіз 
және  мықты  зәкір  саналатын  берік 
жұбаныш пен үмітке ие болды (Еврейлерге 
жазылған  хат  6:18,19).  Олар  даналық  пен 
Құдайдың  шексіз  күшінің  куәгерлері  бол-
ды және  «Өлім де, өмір де, періштелер де, 
бастапқы  да,  күш  те,  нақты  кезде, 
болашақ  та,  биіктік  те,  шыңырау  да, 
ешқандай жан иесі оларды Құдайдың ма-
хаббатынан  алыстата  алмайтынына»  нық 
сенді.  «Осы  азаптың  барлығына  біздерді 
сүйіспеншілікке  Бөлегеннің  күшімен  шы-
дап  келеміз»  —  дейді  олар.      Өйткені   
«Құдай      Сөзі      мәңгілік»,  «Ендеше        кім    
үкім    шығара    алады? Мәсіх   Иса    біз    
үшін  өлді,  Ол  қайта  тірілді  де.  Содан  Ол 
Құдайдың  оң  жағынан  орын  алып,  бізді 
қолдауда» (Рим.8:38,39,37; Петірдің 1 хаты 
1:25;  Рим.  8:34).  Алла:  «Менің  халқым 
ешқашан  ұятқа  қалмайды»  —  дейді 
(Жоел2:26).  «Кешке  жылап-сықтау  басым 
болса, 
ал 
таң 
ата 
қуаныш 
тосып 
тұрады» (Забур жыры 29:6).  
  Иса 
қайрадан 
тірілгеннен 
кейін, 
оқушыларымен тағы кездескен кезде, олар 
Мәсіхтың  маңдайындағы  жараның  орнын 
аяқтарында,  қолдарында  қалған  адамдар 
үшін  тесілген  шегенің  іздерін  көрді. 
Оқушылар  Құтқарушыларымен  сөйлесіп 
тұрған  кезде,  олардың  жүректері  лаулап 
жанып тұрды. Иса қолын жоғары көтеріп, 
оларға  Өз  батасын  беріп:  «Сендер  барып, 
бар  әлемге  Ізгі  хабарды  уағыздаңдар», 
«Ақыр  заманға  дейін Мен  сендермен  бірге 
боламын»  —  деп  уәде  етті.  Елу  күндік  ме-
реке  кезінде  оқушылардың  бастарына 
Киелі  Рух  қонғанда,  Тәңірлері  олармен 
бірге 
екенін 
сезінген 
шәкірттердің 
жүректерін 
сүйіспеншілік 
кернеп, 
қуаныштарында шек болмады. Ендігі жер-
де  оларды  да  Тәңірлері  секілді  құрбандық 
жолы  мен  азап  тосып  тұрса  да,  олар  Ізгі 
хабарға  деген  қызметі  мен  «тақуа  тәжін» 
жердегі  тақтың  атағаны,  яғни  Мәсіхтың 
соңынан  әуелде  ерген  кезінде  үміттеніп 
күткен  жердегі  патшалықтқа  айырбастай 
а л а р  
м а  
е д і ?  
Ә р и н е  
ж о қ . 
А р м а н д а ғ а н ы м ы з д а н  
ж ә н е 
сұрағанымыздан  да  артығын  бере  алатын 
Біреу  оларды  Өзінің  қасіретімен  бірге 
қуанышына  да  қатыстырды.  Бұл  жердің 
балаларының  көбін  даңққа  бөлейтін, 
мәңгілі 
асып-тасып 
жататын 
атаққа 
кенелтетін  қуаныш  және  онымен  Пауыл 
пайғамбар 
айтқандай 
жер 
бетіндегі 
өткінші қызықты салыстыруға бола ма?   
  Мәсіхтың  бірінші  рет  келер  кезіндегі  Ізгі 
х а б а р  
П а т ш а л ы ғ ы н  
у а ғ ы з д а ғ а н 
о қ у ш ы л а р д ы ң  
у а й ы м д а р ы  
м е н 
тәжірибелері  Оның  екінші  рет  келетінін 
у а ғ ы з д а п  
ж ү р г е н  
ш ә к і р т т е р д і ң 
тәжірибелерінің  сәулесі  секілді.  «Уақыт 
толды, Құдай патшалығы жақындады» деп 
уағыздаған  оқушылар  секілді  Миллер  де 
өзін қолдаушылармен бірге Киелі Жазбада 
белгіленген  ең  ұзақ  соңғы  пайғамбарлық 
мезгіл  жуырда  тамамдалады,  сот  күні 
тақау,  сонан  соң  мәңгілік  патшалық  ор-

159 
 
найды  деп  уағыздады.  Оқушылардың 
уақытқа  байланысты  уағызы  Даниялдың 
кітабының тоғызыншы тарауында айтыла-
тын жетпіс рет жетіні нұсқауға негізделді. 
Миллер  мен  оның  пікірлестерінің  уағызы 
жетпіс рет жеті ішіне кіретін 2300 күннің 
аяқталатыны  туралы  айтты  (Дан  8:14). 
Аналар  да  мыналар  да  ұлы  пайғамбарлық 
периодтың  әр  түрлі  бөліктерін  негіз  етті. 
Алғашқы  шәкірттердей  Уильям  Миллер 
мен  оның  пікірлестері  өздері  уағыздап 
жүрген 
хабардың 
мағынасын 
толық 
ұқпады.  Шіркеуде  билік  құрып  тұрған 
адасушылықтар  оларға  аяндағы  маңызды 
жерлерді 
түсінуге 
кедергі 
жасады. 
Сондықтан  Құдайдың  берген  хабарын 
у ағы з д ағ анд ар ы м е н , 
о ны  
т о лы қ 
түсінбегендіктері  кейін  олардың  уайымға 
салунуына әкеліп тіреді.  
  Даниял  пайғамбарының  кітабының  8-ші 
тарауындағы  14-ші  өлеңінде  жазылған 
«2300  кештер  мен  таңдар,  сонан  соң 
қасиетхана  тазарады»  —  деген  жолдарды 
ол  өзінше,  жер  тазарады  деп  ұқты. 
Өйткені 
сол 
уақыттардағы 
жалпы 
көзқарас  бойынша  қасиетхана  деп  жер 
саналды. Сондықтан бұл даталарды санай 
келе ол 1844-ші жылды есептеп шығарып, 
осы  жылы  Мәсіх  Иса  келіп  жерді  отпен 
тазартады 
деп 
есептеген. 
Оның 
қателесуінің  басты  себебі  де  Қасиетхана 
дегеніміз  —  жер,  деген  қате  ілімді 
қабылдағандығы еді.   
Ысрайыл  халқында  басты  діни  қызметкер 
жылына  бір  рет  құрбандыққа  шалынған 
малдың  қанын  алып  киелінің  Киелісінің 
ішіне кіретін болған. Ал халық болса оның 
шығуын  күтіп,  сыртта  тұрған.  Бұл  Құдай 
халқының  қызметінің  соңғы  бөлігі.  Және 
ол  көктегі  болып  жатқан  қызметтің  рәміз 
ретінде берілген жердегі бейнесі. 
   Шынында  1844-ші  жылы  Мәсіх  Иса 
адамзат  баласы  үшін  төгілген  қасиетті 
қанын  алып,  көктегі  киелінің  Киелісінің 
ішіне  кірген  екен.  Және  Ол  Өзінің 
халқының басынан көктегі кітаптарда жа-
зылып 
қалынған 
күнәларын 
алып 
тастағаннан  кейін,  киелінің  Киелісінен 
шығады.  Бұл  Оның  қызметінің  соңғы 
кезеңі  болып  саналады.  Сонан  соң  Ол 
к ү ші м е н 
ж ә не  
ат ағы м е н 
к ү ллі 
періштелерін  ертіп  бұлттың  үстінде  жер 
бетіне  келіп,  Өз  халқын  жоғары  көтеріп 
әкетеді. Сол ұлы күні әр адамның тағдыры 
мәңгілікке  шешіледі.  «Әр  пенде  өздерінің 
істеген істеріне қарай сыбағаларын алады» 
—  дейді  Калимат  Алла  (Аян  22:12).  Бұл 
жұмыс  жайлы  періштенің  бірінші  хаба-
рында  айтылған:  «Құдайдан  қорқыңдар, 
Оның есімін мадақтаңдар, өйткені сот бас-
талды»  (Аян  14:7).  Кезіндегі  Құдайдың 
хабарлаңдар  дегенін  жұртқа  хабарлап, 
бірақ  сол  хабардың  мағынасын  толық 
түсіне қоймаған елшілер секілді, Миллер де 
өзінің  пікірлестерімен  2300  күн  өткеннен 
кейінгі  болатын  оқиға  жайлы  дәл  солай 
қателескен болатын. Ол  Дан. 8:14 пен Аян 
14:7  берілген  хабарды  ғана  уағыздап 
Аянның 
14 
тарауында 
басқа 
да 
уағыздалуға  тиісті  хабарлар  барына  көңіл 
аударған  жоқ.  Оқушылар  жетпіс  рет 
жетінің 
соңында 
қандай 
патшалық 
орнауға  тиісті  екенін  білмегендері  секілді 
2300 жылдың соңында қандай оқиға бола-
тынын  адвентистер  де  білмеді.  Оның  бас-
ты  себебі  ақиқатқа  тосқауыл  жасап 
тұратын,  қателесіп  жүрген  көпшіліктің 
пікіріне 
көп 
көңіл 
бөлінетіндігі. 
Ал 
соңында 
күтке ндері 
орындалмай 
қалғандықтан  сенімдегілердің  жандары 
құлазып, көңілдері қайтып қалады.  
   Десе  де  бұл  Құдайдың  жүректерінде  не 
барын  көрсету  үшін  Өз  халқына  жіберген 
сынағының  бір  түрі  болатын.  Миллердің 
хабары шіркеуді сынау және тазарту үшін 
берілген  еді.  Адамдар  жүректерінің  жерге 
не  көкке  тиесілі  екеніне  көздері  жетуі  ке-
рек  болды.    Олар  Құтқарушыны  жақсы 
көреміз деген еді, енді бастарына осындай 
күн  туып  тұрған  кезде,  оларға  дегендерін 
дәлелдеуге  мүмкіншілік  берілді.  Жұрттар 
дүниені  қызығы  мен  құрған  жоспарлары-
нын  бас  тартып  Тәңірлерін  қуанышпен 
қарсы алуға дайын болды ма? Бұл да болса 
адамзаттың рухани жағдайын өзіне алдын 
ала  көрсету  үшін  берілген  Алланың 
мейірімінің  бірі  болатын.  Олар  өздерінің 
рухани  жағдайларына  көңіл  аударып, 
жүректеріне 
үңілулері 
керек 
болды. 
Түңілулерінің  басты  себебі  өз  хабарларын 
түсінбегендігінің  нәтижесі  болғанымен, 
соның  ақыры  оларға  жақсылық  әкелуге 
тиісті 
болды. 
Алланың 
хабарын 
қабылдадық, яғни Оның келуіне дайынбыз 
дегендердің  жүректері  тексерілді.  Осылай 
қамығып,  көңілдері  құлазып  тұрған  кезде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет