Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті БӨж пән


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі39,69 Kb.
#135758
1   2   3   4
3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланың әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с.
Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.


4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселснің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жқмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әртүрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата-аналарды тартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет