Әлеуметтік-саяси білімдер модулі



бет2/17
Дата04.11.2022
өлшемі4,29 Mb.
#47437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдебиеттер:
1. Саяси ілімдер тарихына сипаттама беру

Саяси ілімдер тарихы

  • Саяси ілімдер тарихы - адамзаттың рухани

  • мәдениетінің құнды да ажырамас элементі және саяси ғылымның бір құрамдас бөлігі.
  • Ол ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы, оның саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді.
  • Сондықтан да, саяси ілімдер тарихының мәні – саясат пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен тіршілік тәсілдерінің, саяси ой- түсініктерінің қалыптасуын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады.
  • Қоғамның саяси мәдениеті адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес.

Көне Үндістандағы діни-саяси ілім


Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен
көне ескерткіштердің бірі – ертедегі арийлер туралы мәліметтерден тұратын «Ригведа». Бұл құнды
деректе Үнді халқының қоғамдық
өмірі түгел сипатталады. Дерек
бойынша Үнді қоғамы төрт кастаға
бөлген: а) брахмандар – абыздар; ойшылдар, ғалымдар; ә) кшатрийлер – әкімдер мен жауынгер әскери
басшылар; б) вайшилар – көпестер мен саудагерлер; в) шудралар – бұқара халық. Қоғамдағы мұндай әлеуметтік
тапқа бөліну сол заманның
идеологиясына ешқандай қайшы
келмеді және бір таптан басқа тапқа ауысуға қатаң тыйым салынды.
Осылайша үнді қоғамында саяси
өмірді реттеуші қатаң касталық жүйе
қалыптасты.

Көне Үндістандағы саяси ілім


Көне заманнан бізге жеткен тағы да бір құнды жәдігердің бірі – ежелгі үнді тарихшысы, ойшылы Каутильяның жазған «Артхашастра» еңбегі болып табылады. Автор өз
еңбегінде саясат, елді басқарудың тиімді әдістері жайында өз заманында озық өй-пікірлер айтқан. Каутилья былай деп түсіндіреді: патшаның бақыты оның қол астындағылардың бақытына, олардың әлеуметтік жағдайына тікелей қатысты,
өйткені патшаның негізгі қызметі халыққа қызмет етуден тұрады. Патша халқына адал болмаған жағдайда халық оны тақтан түсіруге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет