Зерттеудің нысаны – заманауи қазақ антропонимиясы (кісі есімдері,
тектері).
Зерттеу жұмысының пәні – заманауи антропонимдердің лексика-
cемантикалық және құрылымдық-сөзжасамдық ерекшеліктері, трансмиссия
және трансформация құбылыстары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – заманауи
қазақ антропонимиясындағы жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларға қатысты
туындайтын ұрпақаралық трансмиссия және трансформация нәтижелерін
айқындау. Осы зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу
көзделді: - ономастикаға, оның ішінде қазақ антропонимикасына қатысты
жүргізілген ғылыми тарихи-лингвистикалық зерттеулерге аналитикалық шолу
жасау; - заманауи қазақ антропонимдерін лексика-семантикалық тұрғыда
топтастыру, құрылымдық-сөзжасамдық ерекшеліктерін сипаттау; - белгілі бір мәдениетке қатыстылығы тұрғысында заманауи қазақ
антропонимясының тілдік құрамын: түркі негізді және шет тілдерден енген
антропонимдерді анықтау; - қазақ антропонимиясындағы ұрпақаралық трансмиссия құбылысын
айқындау; - қазақ халқы менталитетінің өзгеруімен байланысты қазіргі қазақ
антропонимиясындағы трансформация құбылысын саралау; - қазақ есімдерінің ағылшын тілінде және латын графикасы бойынша
дұрыс жазылуы тұрғысында ақпарат беретін, қазақ-орыс тілдерінде мобильді
қосымша түрінде заманауи қазақ есімдері электронды сөздігін құрастыру.