Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет14/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175
Зерттеудің  нысаны  –  заманауи  қазақ  антропонимиясы  (кісі  есімдері, 
тектері).  
Зерттеу  жұмысының  пәні  –  заманауи  антропонимдердің  лексика-
cемантикалық  және  құрылымдық-сөзжасамдық  ерекшеліктері,  трансмиссия 
және трансформация құбылыстары.  
Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері.  Зерттеудің  мақсаты  –  заманауи 
қазақ  антропонимиясындағы  жаңа  әлеуметтік-мәдени  жағдайларға  қатысты 
туындайтын  ұрпақаралық  трансмиссия  және  трансформация  нәтижелерін 
айқындау.  Осы  зерттеу  мақсатына  жету  үшін  келесі  міндеттерді  шешу 
көзделді: 
-  ономастикаға,  оның  ішінде  қазақ  антропонимикасына  қатысты 
жүргізілген  ғылыми  тарихи-лингвистикалық  зерттеулерге  аналитикалық  шолу 
жасау; 
-  заманауи  қазақ  антропонимдерін  лексика-семантикалық  тұрғыда 
топтастыру, құрылымдық-сөзжасамдық ерекшеліктерін сипаттау; 
-  белгілі  бір  мәдениетке  қатыстылығы  тұрғысында  заманауи  қазақ 
антропонимясының  тілдік  құрамын:  түркі  негізді  және  шет  тілдерден  енген 
антропонимдерді анықтау; 
-  қазақ  антропонимиясындағы  ұрпақаралық  трансмиссия  құбылысын 
айқындау; 
-  қазақ  халқы  менталитетінің  өзгеруімен  байланысты  қазіргі  қазақ 
антропонимиясындағы трансформация құбылысын саралау; 
-  қазақ  есімдерінің  ағылшын  тілінде  және  латын  графикасы  бойынша 
дұрыс  жазылуы  тұрғысында  ақпарат  беретін,  қазақ-орыс  тілдерінде  мобильді 
қосымша түрінде заманауи қазақ есімдері электронды сөздігін құрастыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет