Зерттеу жұмысының жаңалығы.
Зерттеу
жұмысында
түрлі
дереккөздерден, туу туралы акт жазбаларынан таңдалған заманауи казақ кісі
есімдері мен тектері кешенді, әрі жүйелі түрде зерттелді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі көрсеткіштерге сәйкес
анықталды:
– 1980-2018 жылдар аралығында (38 жыл) Алматы қаласы бойынша АХАТ
бөлімдерінен жинақталған тілдік материалдар және өзге де объективті
дереккөздер негізінде заманауи қазақ антропонимиясы бойынша алынған
деректер корпусы;
– қазіргі қазақ кісі есімдеріне Excel, SPSS компьютерлік бағдарламалары
негізінде талдау жасалып (ер, әйел антропонимдері), нәтижесінде қазақ
антропонимиясының 1980, 1990, 2000, 2010, 2018 жылдардағы даму
динамикасы айқындалды;
– заманауи кісі есімдерінің тілдік қатысымдылығы бойынша сандық-
пайыздық қатынасы анықталды;
– заманауи қазақ антропонимиясындағы ұрпақаралық трансмиссия
құбылысын көрсететін нәтижелер алынды, сонымен ерте ғасырлардан қазіргі
күнге дейін тілдік санада сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен кісі есімдері
анықталды;
– заманауи қазақ антропонимдік жүйесінің өзегі мен шеткері кеңістігі
айқындалды;
- мемлекеттің саяси-әлеуметтік факторларға, ғаламдық жаһандану
үдерісіне ықпалынан қазақ антропонимиясында туындаған трансформация
құбылысы зерттелді.