Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет27/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Solstice (күн тоқырауы, ұлға берілген), Solstina (күн тоқырауы, қызға берілген), 
Eclipso  (тұтылу),  Sky  Shadow  (аспанның  күңгірттенуі),  Blindness  (қараңғылық, 
көрмеушілік) сынды есімдер Замбияда 2001 жылы 21 маусымда орын алған күн 
тұтылу құбылысына қатысты берілген болса, Pollingday (сайлау күні), Ballotbox 
(сайлау  жәшігі)  немесе  Voted  (сайланған)  есімдері  2001  жылы 17  желтоқсанда 
болған ел президентін сайлау күнін еске түсіретін есімдер болып табылады [40, 
p. 6-7]. 


22
 
 
Ал  Батыс  Африканың  Гана  мемлекетінде  сәби  аптаның  қай  күнінде 
туылcа, сол күннің атауымен байланысты қойылатын дәстүрлі  апта күндеріне 
қатысты есімдер (day names) бар, мұндай есімдер баланың жынысына қатысты 
ерекшеленеді. Сонымен бірге дүниеге келген баланың отбасында нешінші бала 
екенін  білдіретін  позициялық  есімдер  (positional  names)  де  кездеседі  [Reisœter, 
41, p. 226]. Апта күндеріне, ай атауларына, отбасында нешінші бала екендігіне 
қатысты антронимдер қазақ тілінің есімдер жүйесіне де тән. Мұндай есімдердің 
қазіргі уақытта қолданыстан шығып бара жатқандығын атап өтуге болады. 
Қоғам  өміріндегі  өзгерістердің  есімдер  жүйесіне  ықпалы  жөнінде 
И.В. Данилова: «Фундаментальные процессы вызывают коренную перестройку 
именника,  тогда  как  стабильность  в  обществе  предполагает  и  стабильность 
репертуара  имен»  деп  атап  өтеді.  И.В. Данилова  XX  ғасырдағы  есімдер 
жүйесінің дамуына әсерін тигізген екі жаһандық үдерісті атап өтеді. Оның бірі 
–  төңкерістен  кейінгі  дехристиандану  болса,  екінші  қарама-қайшы  бағыт  – 
есімдердің  жаңадан  христиандануы,  бұл  үдеріс  1980  жылдардың  аяғында 
басталған [ 42, с. 141]. 
Г.Б. Мадиева  бойынша  [43,  c.  39]:  «Тіл  –  қоғамның  жемісі.  Тілдің  дамуы 
түрлі әлеуметтік факторларға негізделеді: 
- тіл иесінің ортасын өзгертуі;  
- халықтың басқа территориялық аймаққа көшуі
- тілдің әлеуметтік және аумақтық жіктелуі
- жаңа мемлекеттің құрылуы
- қоғамдық даму; 
- қоғамдық сананың өзгеруі
- қоғамның тілге саналы түрдегі ықпалы; 
- тілдік қатынастар
- тілдік ахуал және т.б.». 
  Аталған факторлардың әсерін тілден, оның бірліктерінен, әсіресе онимдік 
бірліктерінен  көре  аламыз.  Онимдік  бірліктердің  ішінде  антропонимдер  бұл 
әсерлерге аса төзімсіз. Қоғамда болып жатқан түрлі саяси, діни, мәдени, тарихи, 
әлеуметтік өзгерістердің әсері антропонимдерде көрініс тауып отырады. Оның 
дәлелі  ретінде  АХАТ  бөлімдерінен  жинақталған  зерттеу  материалын  саралау 
барысында орыс және қазақ тілдеріндегі сөздерден жасалған келесі кісі тектерін 
атап көрсетуге болады: ӘскербайЖеңісКеңесбайМэльсова (Меліс), Сайлау
Советбек  (Советжан,  Советқазы,  Советхан),  Социал,  Үкіметхан,  т.б.  Қазақ 
ұлтының антропонимиялық қорында мұндай есімдердің пайда  болуы алдыңғы 
ұрпақ өкілдеріне есім ретінде қойылуымен түсіндіріледі. Сондықтан әлеуметтік 
жағдайлар,  халықаралық  қатынастар,  этностың  өмір  сүру  кезеңіндегі 
жағдаяттар антропонимдік жүйеге тікелей ықпалын етіп отырады.  
А. Сейдімбек  өз  еңбегінде  әлеуметтік  тұлға  ретінде  адамзат  атаулының 
тарихы  адамның  аты-жөні  белгіленген  кезден  басталады  деп  тұжырым 
жасайды.  Ғалымның  пікірінше:  «қазақ  антропонимикасы  қазақ  ұлтының 
төлтума  қасиеттерін,  дәстүрлі  дүниетанымын,  арман-аңсарын  (идеалын), 
тарихи  кезеңдердегі  саяси-әлеуметтік  ахуалын,  экожүйемен  қойындасқан  өмір 


23
 
 
салтын, ең арғысы қоршаған орта мен жан-жануарлар дүниесіне дейін айғақтай 
алатын аса мәнді тарихи дерек көзі болып табылады» [44, 22 б.]. 
Жалқы  есімдердің  дамуы  олардың  пайда  болған  қоғамының  даму 
тарихымен,  әдебиетімен,  қоғамдағы  тілдік  санамен,  ұлттық  менталитетпен 
тығыз байланысты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет