Гендерлік лингвистика (ағыл. gender – грамм. тек (род) және франц.
linguistiques лат. lingua – тіл) – гендер мен тілдің өзара байланысын зерттейтін
гендер мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы.
Гибридті есімдер – тілде екі немесе одан да көп шет тілдердің лексикалық
немесе морфологиялық элементтерінен құралған есімдер.
Заманауи есім – кісі есімінің заманауилығы сәнді есімдерге тән
атрибуттық белгілердің біріне жатады, яғни бұрын қалыптасқан антропонимдік
стандартқа қатысты жаңашылдығымен ерекшеленетін есімдер.
4
Зооним есімдер – жаңа туылған нәрестені тылсым күштерден және көз
тиюден сақтау, қорғау мақсатында есім ретінде қойылған үй жануарлары,
жабайы аңдар мен құстардың атаулары.