Әліппе оқыту әдістемесі



бет11/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103

сабақ





Бөлім: Әліппеге

дейінгі кезең




Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөз

Мен әдепті баламын

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады; сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөздің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: сөз әдебін дұрыс қолдануды үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.



(МК, Ж) Ойсергек. Оқушыларды жұптастырып, әртүрлі тақырыпта («Дүкенде»,

«Аялдамада», «Мектептен қайтарда»,

«Қонаққа барғанда» т.б.) шағын рөлдік ойын ойнату.

Ойын барысында оқушыларда психологиялық

жағымды ахуал орнату; бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы білімдерін еске түсіру.


Балалар берілген тақырыпқа сәйкес сәлемдесу, қоштасу сөздерін қолданып, рөлге кіреді. Мысалы:

«Дүкенде».



  • Сәлеметсіз бе!

  • Сәлеметсің бе, Айжан! Саған не берейін?

  • Тәте, маған нан беріңізші.

  • Міне, ала ғой.

  • Рақмет! Сау болыңыз!

Жетістік критерийі: Сурет мазмұнына сай әдеп сөздерді дұрыс таңдай алады.

ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.




Сабақтың ортасы (26 мин)

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сөз.

  • Қандай баланы әдепті бала дейміз?

  • Әдепті балалар қандай сөздерді көп қолданады?

  • Егер адам сөйлеуді білмесе, не болар еді? Сабақ мақсатын хабарлау:

Балалардың ауызша жауаптары тыңдалады.



Жетістік критерийі: Сурет мазмұнына сәйкес әдеп сөздерді дұрыс таңдай алады. ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.





35






– Балалар, сендер бүгінгі сабақта сөз туралы білесіңдер және сөз әдебін дұрыс қолдануды үйренесіңдер.

(МК, Ж) Тыңдалым-айтылым

  1. Сурет мазмұны бойынша оқушылармен әңгімелесу. «Ата несін түсіріп алды?», «Бала не істеді?», «Ата қандай сиқырлы сөз айтуы мүмкін?» сұрақтарын қойып, жауап алу.

  2. Суреттегі заттардың атын сөздердің көмегімен айтқызу.

  3. Сөздің сызба-моделімен таныстыру.

(МК, Ұ, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:



  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

  • әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу.



  1. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

  2. Суреттегі заттарды (нан, көзілдірік, сағат) атап, берілген заттардың атауы сөз екенін біледі.

  3. Сөздің сызба-моделімен танысады.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады. Әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызады. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.



Өте жақсы! Жарайсың! Мадақтау






Сабақтың соңы

(7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Әдепті бала – арлы бала» мақалының мәнін түсіндіру.



  1. Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.

  2. Саралау тапсырмаларын орындату:

  1. деңгей:

«Армысыз» сөзін кіммен амандасқанда қолдануға болады?

  1. деңгей:

Өзіңнен кішілерге қандай амандасу сөзін қолданасың?

  1. деңгей:

Кешке айтылатын сәлемдесу сөзін тауып айт.


  1. «Әдепті бала – арлы бала» мақалын QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.

  2. Мұғалімнің жетекші сұрақтарымен мақалдың мәнін өз ойларымен білдіреді.

  3. Саралау тапсырмаларын орындайды.

Қолпаштау, көмек беру



Сызба


36






Рефлексия



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін алманың түсіне қарай белгілеп көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау

Алма ағашы



  1. сабақ




Бөлім: Әліппеге дейінгі кезең




Педагогтің аты- жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөз

Жол бағытындағы ерекше белгілер

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін

нәтижелер

Білімділік: көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: салыстыру, ажырату, топтастыру, жалпылау дағдыларына үйренеді; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: жол ережелерін және тазалықты сақтауға үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Ойсергек. «Жол белгілері» тақырыбындағы шағын (1:47) бейнероликті көрсету.

Бұл бейнеролик оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы

білімдерін еске түсіреді.






https://youtu.be/BP- yASJRbq8

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақ мақсатын хабарлау:

– Балалар, сендер бүгін сөздің көмегінсіз шартты белгілер арқылы түсінуге болатынын білесіңдер.

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: Сөз.

(МК, Т) Тыңдалым-айтылым 1-тапсырмамен жұмыс

1. Оқушылар Дарынның мектепке баратын жол бағытындағы шартты белгілерге қарап, қандай нысан екенін тауып айтады.



Өте жақсы! Жарайсың! Мадақтау, жауаптарын толықтырту.

Оқулық



37






  1. Дарынның жол бағытында кездескен шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.

  2. Шартты белгілерге қарап, қандай нысан екенін тапқызу.

  3. «Жол белгілері не үшін қажет?», «Шартты белгілерді оқуға бола ма?» сұрақтарына жауап алу.

  4. Оқушыларға мектепке баратын жол бағытын суреттер мен белгілер арқылы жасату.

(МК, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:



  • жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • заттарды сызықтар арқылы қосу;

  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу.

  1. Сөздің көмегінсіз шартты белгілер арқылы да түсінуге болатыны туралы мұғалімнің көмегімен қорытынды жасай алады.

  2. Оқушылар мектепке баратын жол бағытын суреттер мен белгілер арқылы жасайды.



  1. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.

  2. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.

  3. Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.

  4. Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.

  5. Әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызады.

  6. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.

Жетістік критерийі:

Жол бағытында кездесетін шартты белгілердің беретін мәнін түсінеді.


ҚБ: Әр топ мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.

№1 жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген

«Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ: «Тоқта!», «Жүр!» – дейді» жұмбағын тыңдату, шешуін тапқызу.



  1. Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.

  2. Саралау тапсырмаларын орындату:

  1. деңгей:

Жұмбақтың шешуіндегі сөздің суретін сал.

  1. деңгей:

«Бағдаршам» сөзімен сөйлем құрап айт.

  1. деңгей:




  1. Жұмбақты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.

  2. Мұғалімнің жетекші сұрақтарымен жұмбақтың шешуін табады: бағдаршам.

  3. Саралау тапсырмаларын орындайды.

Қолпаштау, қолдау

Куб


38






«Сөйлеуді ол білмейді» сөйлемінің сызба- моделін көрсет.

«Кубизм» әдісі бойынша түскен сандарға сәйкес сұрақтар беріледі.



  1. Шартты белгілер не үшін беріледі?

  2. Мектепке келер жолда шартты белгілерді көргенің бар ма?

  3. Ең маңызды шартты белгі қайсы деп ойлайсың?

  4. Жолда жүру ережесін сақтамайтындарға қандай ақыл айтасың?

Оқушы дұрыс жауапқа – жасыл, қате жауапқа қызыл түсті жолақты көтереді.









Рефлексия



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін саусақтарға қарай айтады.

Өзін-өзі бағалау

Қол суреті





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет