2.15. Силлабус бойынша глоссарий:
Аналитикалық тәсіл – сөз жасаудың синтаксистік мамалы, яғни түбір (негізгі ятуынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі.
Ауызекі тіл - адамдардың тіл арқылы қарым - қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі - сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым- қатынасжасау барысында жүзеге асатындығы.
Әдеби тіл нормасы – жалпыхалықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізігде қалыптасқан тұрақты, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті, орныққан қалыптары.
Әлеуметтік лингвистика-тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы.
Билингвизм- қостілдік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы.
Болымды сөйлем- объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтынын, орындалмағанын хабарлайтын сөйлем.
Болымсыз сөйлем- объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтынын, орындалмағанын хабарлайтын сөйлем.
Говор- тілдің диалектінің ішіне кіретін шағын аймаққа тараған бөлігі.
Грамматика- тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Ғылыми стиль-зат не құбылыс ғылыми негізінде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі.
Диалектизм-белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі.
Диалог- екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдің ерекше формасы.
Дыбыс- тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып , құлаққа естілетін үн.
Есімді тіркестер- сөз тіркесінің басыңқы есім сөз болып келетін түрі.
Жай сөйлем- қарым-қатынас кызметін атқаратын, өзіне тән семантикалық құрылымы бар, бір предикативтік бірліктен тұратын сөйлем.
Достарыңызбен бөлісу: |