1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Құрылымдық-функционалдық теория



бет6/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Құрылымдық-функционалдық теория
Барлық құрылымдық-функционалдық талдаудың алғышарты- функционалды қоғамда оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бұл әлеуметтенудің құрылымдық-функционалық талдауларына да қатысты.
Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық-функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге ерте араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өзін-өзі ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйретеді.
Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімдеріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы теорияның сыншылдары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл-конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы.


Құрылымдық-функционалдық теорияның негізгі болжамдары
Барлық әлеуметтанушылар қоғамның ұалай жұмыс істейтінін зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.
1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерийі-оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі
2. Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді
3. Эволюция: ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асыра алады, бұл дегеніміз-әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы
Конфликт теориясы
Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құрылымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайда әкеледі деген болжам жасайды.
Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, балаларын соған сай тәрбиелейді. Мысалы, қыздан кешкі астан кейін ыдыс-аяқты жууды талап етсе, ұлға ойнауға рұқсат береді. Ал келесі бір зерттеушілер, мұғалімдердің жұмысшы тап балаларын жазалау, мойынсұнуға үйрету арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін аяқасты етіп, жұмысшылар қатарын толтыруға мүдделі болуына көмектесетінін айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеушілер шеркеу қызметкерлері, пасторлар, раввиндер және басқа дін өкілдері қарапайым халыққа бай да беделді этностық топтардық артықшылықтары Құдайдың қалауымен болғанын насихаттайды деп есептейді.
Әлеуметтенудің басқа пікірмен келіспеуі мүмкіндігін, әлеуметтік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсіну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал тұрақты әлеуметтік һжүйенің туындауы мен артықшылықтарын түсіндіру үшін бұл теорияның пайдасы аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет