Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК



Pdf көрінісі
бет56/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   109
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК
«Бір күні түсімде нағашымды көрдім – деп әңгімеледі 
Ұстаз, – қайтыс болғанына біраз жыл өтіп еді. Өңі жүдеу, 
үйімнің есігінің алдында келіп тұр екен.
– Нағашы, ішке кіріңіз, төрлетіңіз! – дедім
– Рахмет! асығыспын. Өтіп бара жатып соғып, жағдайыңды 
біліп кетейін деп едім – деді де бұрылып жүре берді.
«Ол неге мұнша жүдеу?» деген оймен анықтап көрсем, 
Тозақтан шығып келе жатқан беті екен.
– Тозаққа неге түскен? – деп сұрадым мен.
– Орыстан әйел алғаны үшін! Өз халқының жауы болған 
жұрттан әйел алған жігіттің әулет кармасы бұзылады. 
Ағайындарымен араласудан қалады. Әулет кармасы 
бұзылған соң ұлт кармасы да өтелмейді. Топ кармасы 
бұзылып, бұрынғы достарынан қол үзеді. Ақырында жеке 
кармасы тұйыққа тіреліп, қартайғанда жалғыз қалады.
Ойыма Мұхтар Әуезовтың орыс зиратында жерленгені 
түсті.
– Орыс қатыны бар тағы бір нағашым болған – деп 
әңгімесін жалғастырды Ұстаз. Соғыс ардагері еді. Ауылдағы 
тірлікке шыдамай майданнан алып келген орыс әйелі тастап 
кетіп қалды. Нағашым шыныққан көрікті жігіт. Өзінен көп 
кіші, көршінің 10 бітірген қызы сырттай ғашық болыпты. 
Нағашым оны бала көріп алғысы келмеген екен, «онда 
өзімді-өзім өртеймін» деп қыз үстіне керосин құйып, өлуге 
бекінеді. Соғыста танкист болған, талай адамның танкіде 
тірілей жанғанын көрген нағашым шошып кетіп, қызды 
тоқтатып, оған үйленіп, ғұмырының соңына дейін тату-
Әйел туралы


154
Ақ Сарбаз Әлемі
тәтті тірлік кешті.
Ол нағашымды да түсімде көрдім. Тозақта емес, кәдімгі 
қазақ ауылында туысқандарының ортасында жас кемпірінің 
жолын тосып, өмір сүріп жатты.
Екінші алған қазақ әйелінің шынайы махаббаты оны 
тозақтан құтқарып қалғанын түсіндім – деді Ұстаз.
«Иә, қазақ қызының қадірін білген жігіт екі дүниеде де 
бақытты болмақ-ау» деп ойладым.


155
Әңгімелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет