Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,57 Kb.
#15114
1   2   3   4   5
Беғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) сарғарылық мәдениеттен өзіндік қыш бұйымдары және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. Ол кең-байтақ жайылымдары мен кен орындары бар Сарыарқамен байланысты. Беғазылықтар малшаруашылығы мен қола металлур- гиясының дамуына байланысты өркендеген. Бүл мәдениетте ерте темір ғасырының да белгілері кездеседі. Бірқатар ыдыстан тамғаға ұқсас белгілер табылды. Бұл мәдениеттің ерекшелігіне мүрдені шалқасынан жатқызып жерлейтін тастан қүрастырылған кесенелерінің болуы жатады. Ағаш көмірі мен күл қабаттары ағашпен жабылған төбесін отқа өртеу салтының болғанын көрсетеді. Қазіргі заманда отандық археологтердің ең басты мәселелерінің бірі сарғарылық және Беғазы- Дәндібай мәдениетінің арақатынасын зерттеу болып табылады

Өз білімдеріцді тексеріңдер.



  1. Не себепті археология ғылымы Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуде ерекше маңызға ие?

  2. Орталық Қазақстандағы андрондық ескерткіштердін, ерекшелігі туралы айтыңдар.

  3. Федоров мәдениетіндегі жеңіл қабырғалы жертөленің пайда болуы нені байқатады?

  4. Федоровтың бір қонысынан табылған «егіншінің үйі* мен «тоқымашының үйі» нені білдіреді?

  5. Қола ғасырының қандай мәдениетін жартылай көшпелі деп атауға болады? Не себепті?

Картамен жүмыс.

Картадан тарауда көрсетілген археологиялық мәдениеттің таралу аймағын көрсе- туге тырысыңдар.



Күрделі тапсырмалар.

  1. Сынтасты және Петров мәдениетшен салыстырғанда, Алакөл мәдениетіндегі жерлеуде жылқының қаңқалары мен дөңгелектің қалдықтары кездеспеуі нені білдіреді?

  2. Атакөл мәдениетіне жататын жерлеу орындарынан табылған көптеген әшекеплер нені білдіреді?

  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің андрондық мәдениетпен салыстырғанда қандай ерекшелігі бар? Оның ерекшелігін ажыратыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет